3 тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
15. Пәндік нәтижелер, 7-сыныптың соңында білім алушылар туған өлкесінің:
1) географиялық жағдайының ерекшеліктерін;
2) өлкедегі елді мекендердің дәрежесі мен маңызын;
3) географиялық нысандарының атауларын;
4) аумақ және рельеф көлемінің ерекшеліктерін;
5) табиғат ресурстарының жиынтығын;
6) пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарын;
7) өз өлкесінің рекреациялық мүмкіндіктерін;
8) ауданның гидрография жүйесін, негізгі су нысандарын;
9) өз өлкесінің ауа райы мен климатының ерекшеліктерін;
10) төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді;
11) топырағын, өсімдік жамылғысының негізгі түрлерін;
12) өз өлкесінің жануарлар дүниесінің негізгі түрлерін;
13)өсімдіктердің және жануарлардың ерекше түрлерін;
14) өлкенің ерекше қорғалатын аумақтарын;
15) өлкенің экономикалық «тұрпатын», өнеркәсіптің және ауылшаруашылығы-ның негізгі кәсіпорындарын;
16) экспорттық өнімдерін;
17) жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштерді және тарихи нысандарды;
18) өлкенің қоныстану, игерілу және даму үдерісін;
19) негізгі халықтарын, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және қолөнерін;
20) өлкенің белгілі, еңбек сіңірген адамдарын білулері тиіс.
16. 7-сыныптың соңында білім алушылар:
1) аумақтың географиялық орнының және өлкенің географиялық нысандарының негізгі белгілеріне карта көмегімен талдау жасай;
2) табиғат ерекшеліктеріне сипаттама жасау барысында карталардың көмегімен өлшеу жұмыстарын орындай;
3) өз өлкесінің климаты және ауа райының, суларының ерекшеліктеріне, тау жыныстарына, пайдалы қазбаларына талдау жасай;
4) өлкенің өсімдік жамылғысына және жануарлар дүниесіне, топырағына сипаттама бере;
5) өз өлкесінің шаруашылығына, жекелеген маңызды кәсіпорындарына, олардың өнімдеріне, шаруашылық байланыстарына жалпы және толық сипаттама бере;
6) өлкенің тарихын, дамуының негізгі факторларын, қоныстануының ерекшеліктерін, халық құрамының көпұлтты болу себептерін, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сипаттап, түсіндіре;
7) туған өлке аумағындағы табиғат кешені және оның компоненттерін қорғау жағдайын, экологиялық, басқа да проблемаларды анықтап және сипаттама бере алулары тиіс.
17. Білім алушылардың тұлғалық нәтижелері:
1) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
2) туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге, қолынан келерлік еңбегімен оның экономикасын, экологиясын жақсартуға ұмтылуынан;
3) өлкенің көрнекті өкілдерінің рухына, халықтардың тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүріне құрметпен қарауынан көрініс табады.
18. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
1) іздеу-зерттеу жұмыстары кезінде алынған ақпаратты саралау, өңдеу, жинақтау, қолдану шеберлігі;
2) іс-әрекетті және зерттеуді жоспарлау, танып білу әдістерін меңгеру;
3) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, білім беру ресурстарын, мұрағат деректерін қолдана білу, алынған ақпаратқа презентация жасау;
4) коммуникативтік қабілетті, көптілділікті дамыту және өздігінен, шағын не үлкен топтарда жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « «
№ бұйрығына
122-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |