Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет265/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   294
65 - 132 › AK H0

3 тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
10. Пәндік нәтижелер. 9-сыныптың соңында білім алушылар:
1) негізгі діни ұғымдарды;
2) зайырлылық пен дін арақатынасын;
3) діндер тарихы мен сенім ерекшеліктерін;
4) жалған діни ағымдардың белгілерін;
5) экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерін;
6) қазақ халқының сан ғасырлық мұсылмандық таным-түсінігін;
7) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;
8) Республикадағы діни ұйымдар, мемлекет және мәдениет арасындағы өзара қатынасын;
11. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) конфессияаралық құрмет пен толеранттылықтың негіздерін тануы; 2) мемлекет, діни бірлестіктер және мәдениет арасындағы қатынастардың мәнін білуі; 3) діни сенім, діни таным, діни сана мен діни тәжірибе ара-жігін ажырату қабілетіне ие болуы; 4) қоғам тіршілігіндегі діннің, сенімнің дүниетанымдық және танымдық миссиясын түсінуі;
5) діннің әдеп-ахлақтық құндылықтарын тануы және түсіндіруі;
6) діни радикализм мен экстремизм, терроризм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстар идеологияларының қауіпін түсінуі;
7) қоғамға қауіпті экстремистік, террористік мәндегі теріс діни ағымдардың ерекшеліктерін тануы;
8) дін және ғылым, зайырлылық пен құқық, дін және жалған діни ағымдардың арақатынасын ажырата білуі тиіс.
12. Жүйелілік іс-әрекеттік нәтижелер. Білім алушылар:
1) дінтанулық тұрғыдан маңызды мәліметтер мен жүйелі білімді жүйелі игеруі;
2) ақпараттарды сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін меңгеруі;
3) шығармашылық оқу жобалары мен зерттеу жұмыстарының басқа да түрлерін орындауда пайдалану үшін ақпаратты бағдарлап талдай білуі;
4) қоғамға қауіпті экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың насихаты, идеологиялары мен бүлік тәжірибесінің әсеріне қарсы тұра білу;
5) қазіргі ақпараттық технологияларды игеруі;
6) діни мәселелер бойынша пікірталасқа, ой бөлісуге, түрлі мәдениеттер мен діни жүйенің ерекшеліктері бойынша хабардар болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына 121-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет