Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған



бет285/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   294
65 - 132 › AK H0

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт)
1-тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Ұсынылып отырған пән Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Қазақстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдықтардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.
3. Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру, өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру, қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.
4. Оқыту міндеттері:
1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;
2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;
3) оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;
5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;
6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
5. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
2) оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;
3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;
4) оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;
5) практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру;
6) синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы on-line порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;
7) пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау;
8) ҚР кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;
9) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
10) «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры;
11) білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау;
12) Клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.
2-тарау. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет