Оқу бағдарламасы (syllabus)


Тақырып  12. Макростар. Модульдер



Pdf көрінісі
бет14/40
Дата03.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#451972
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Дк

        Тақырып  12. Макростар. Модульдер 

 

Батырма  (Command  button)  —  OK  сияқты  басқару  элементі, 



объект.  Оны  шерткен  кезде  Access  алдын  ала  анықталған  іс-

әрекеттерді орындайды. 

Макрос  –  Access-тің  бір  не  бірнеше  макрокомандаларьн 

бойында  сақтайтын  қуатты  шағын  программа.  Ол  Access  ішінде 

басқа  программаны  іске  қосу,  бір  формадан  екінші  формаға  оту, 

сұранысты  іске  қосу  және  т.б.  іс-әрекеттерді  автоматты  түрде 

орындай алады. 

Макросты  дайындау  үшін  макростар  конструкторы 

терезесінде  қалаған  макрокоманданы  таңдап,  аргументтерін 

орнату  жеткілікті.  Макрос  –  объект,  ол  дайындалған  соң  ДҚ 

терезесіне  енгізіліп қойы-лады да, сөйкес атауын не батырмасын 

шертіп, сол жерден іске қоса беруге болады. 

Батырма дайындау 

Батырманы  екі  тәсіл  бойынша  дайындауға  болады:  Шебер 

программасын  пайдалану  және  қолдан  дайындау.  Шеберді 

пайдалану тәсілі: 

1.  ДҚ-ның  форма  қондырмасынан  бір  файлды  тандап,  оны 

конструктор режимінде ашу. 

2.  Оның  экранына  элементтер  панелін  орнату,  ондағы 

Батырма  элементі  арқылы  көрінген  форма  бетіне  тік  төртбұрыш 

орнату.  Тышқан  батырмасы  босатылған  кезде  Шебер  іске 

қосылып, бірінші қадам терезесі көрінеді. 

3.  Оның 

Категориялар 

панелінің 

Қосымшалар 

(Приложения) пунктін және іс-әрекеттер панелінен сәйкес түрде 

ашылған  тізімнен  керекті  пунктін  таңдау,  мысалы,  3anycк  MS 

Word

4.  Екінші  қадам  терезесінде  Мәтін  (Текст)  ауыстырып 

қосқышын орнатып, үшінші қадам терезесінде батырмаға ат беру 

(Мысалы, Wordl) және Дайын батырмасын шерту. 

Ашулы формаға Запуск Word батырмасы енгізіліп қойылады 

5.   Форма режиміне өтіп, файлды ашу. 

6.  Файл  ішінде  көрінген  Запуск  Word  батырмасын  шерту. 

Әдеттегідей  жұмыс  істей  беруге  болатын  Word  мәтіндік 




28 

 

редакторы іске қосылады. 



Макрос дайындау 

Макрос  -  макрокоманда  не  макрокомандалар  жиынтығы. 

Оны дайындап, қажетті кезде  іске қоса беруге  болады.  Access-те 

көптеген стандартты макрокомандалар бар: 

Шығу (Выход) — Access-тен шығу; 

ФормаАшу  (ОткрытьФорму)  —  форманы  ашқан  кезде 

онымен қатар екінші, белгіленген форманы да ашу; 

ҚосымшаныІскеҚосу 

(ЗапускПриложения) 

— 

Access 


қосылулы  тұрған  кезде  Windows  немесе  MS  DOS-тың 

басқаруымен жұмыс істейтін программаны іске қосу; 

Мәлімет  (Сообщение)  -  дайындалған  мәтіні  бар  терезені 

экранға шығару; 

Өзгерту (Изменение) — өрістегі мәнді өзгерту және т.б. 

Модульдер 

Access-те  объект  оқиғаларын  өңдеу  (макрос  не  батырма 

құру)  үшін  қолдан  құрылған  программаларды  пайдалануға  да 

болады.  Программалау  Access-тің  тағы  бір  объектісі  — 

Модульдер  қондырмасында  орындалады.  Программалау  үшін 

объектілі-бағдарлы  Visual  Basic  (VB)  программалау  тілі  не  оның 

ықшамдалған  Microsoft  Visual  for  Application  (VBA)  нұсқасы 

қолданылады  (VBA  —  қолданбалы  Визуал  Бейсик).  Visual  Basic 

— қазіргі кездегі ең танымал программалау тілдерінің бірі. 

 

Негізгі әдебиеттер [5; 6; 7].  



Қосымша әдебиеттер [1; 2; 3; 4]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет