Оқу бағдарламасымен байланысы 3



бет4/7
Дата27.04.2024
өлшемі280.83 Kb.
#499993
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
ТС ОШ ИА Қазақ әдебиеті 9 кл

Емтихан жұмысының балдары

Балдардың проценттік құрамы, %

Баға

0-11

0-39

2 (қанағаттанарлықсыз)

12-19

40-64

3 (қанағаттанарлық)

20-25

65-84

4 (жақсы)

26-30

85-100

5 (өте жақсы)



  1. Бағалар сипаттамасы


Бағалар сипаттамасы білім алушалырдың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде қойылған баға білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты.




Баға

Сипаттама

5

Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді.
Әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын толық біледі. Шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, автордың көзқарасын, ашық және астарлы айтылған мағыналарды терең түсінеді. Шығарманың сюжеттік, тілдік ерекшеліктерін, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын толық талдап, өз көзқарасымен дәлелді тұжырымдайды. Шығарманың идеялық-көркемдік, композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі тұрғысынан көркем мәтінге сыни баға береді.

4

Білім алушы пән бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді.
Әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын біледі. Шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын түсінеді, алайда автордың көзқарасын, астарлы айтылған мағыналарды анықтауда аздаған қателер жібереді. Шығарманың




сюжеттік, тілдік ерекшеліктерін, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын талдап, өз көзқарасымен тұжырымдайды. Шығарманың композициялық, тілдік ресімделуі тұрғысынан көркем мәтінге баға береді.

3

Білім алушы пән бойынша қанағаттанарлық деңгейде білімін көрсетеді. Әртүрлі жанрдағы шығармалардың кейбір фрагменттерін біледі. Шығарманың жалпы мазмұнын түсінеді, тақырып пен идеяны, проблеманы анықтауда көп жағдайда қателеседі. Шығарманың сюжетін, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау дағдысы шектеулі, көзқарасын қысқа тұжырымдағанымен, дәлелдері жеткіліксіз.

2

Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет