13
2-бөлімнің 1-тапсырмасы
Балл
Сипаттамасы
12-14 Шығарма эпизоды мен оның контекстегі мәнін өте жақсы түсінеді.
Көтерілген мәселеге қатысты ақпаратты (кейіпкердің
дәйексөздері мен
мәліметтерді) шеберлікпен ұтымды қолданады. Автордың ойды жеткізуде
қолданған тілдік құрылымы, формалар мен
құралдарды сыни тұрғыдан
толыққанды талдайды. Әдеби тәсілді қолдана отырып, үзіндіге өте жақсы
сыни талдау жасайды. Автордың идеясына, айтқысы
келген астарлы ойына
баға беруі сенімді; эпизодтың тұтас шығармада алатын орнын, рөлін
дәлелдейді. Өз көзқарасы мен ойын ұтымды жеткізеді.
Жауабы өзара
құрылымдық байланысты, логикалық тұрғыдан жүйелі. Әдеби терминдер мен
теорияны, түсініктерді орынды қолданады.
9-11
Шығарма эпизоды мен оның контекстегі мәнін жақсы түсінеді. Көтерілген
мәселеге қатысты ақпаратты (кейіпкердің дәйексөздері мен мәліметтерді)
дұрыс қолданады. Автордың ойды жеткізуде қолданған тілдік құрылымы,
формалар мен құралдарды жеткілікті деңгейде талдайды. Әдеби тәсілді
қолдана отырып, үзіндіге жақсы талдау жасайды. Автордың айтқысы келген
астарлы ойын, эпизодтың тұтас шығармада алатын орнын, рөлін түсіндіреді.
Өз көзқарасы мен ойын жақсы жеткізеді. Жауабы өзара құрылымдық
байланысты. Әдеби терминдерді жақсы қолданады.
6-8
Шығарма эпизоды мен оның контекстегі мәнін жеткілікті деңгейде түсінеді.
Көтерілген мәселеге қатысты ақпаратты (кейіпкердің дәйексөздері мен
мәліметтерді) қолданады, бірақ үнемі орынды бола бермейді. Мәтінде
көтерілген мәселе нақты көрсетілген тұстарға ғана талдау жасайды. Берілген
үзіндідегі авторың ойын түсіндіруге тырысады, эпизодты тұтас шығарманың
кейбір бөліктерімен байланыстырады. Өз ойын жеткізуге тырысады, жауабы
өзара байланысты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
Біршама әдеби
терминдерді қолданады.
3-5
Шығарма эпизоды мен оның контекстегі мәнін қанағаттанарлық деңгейде
түсінгендігін көрсетеді. Мәселеге қатысты ақпаратты қолдануы орынсыз.
Автордың ойды жеткізуде қолданған құрылымы мен формаларын талдауы
шектеулі. Автордың үзіндідегі ойын шектеулі деңгейде ғана қарастырады,
эпизодтың тұтас шығармада алатын орнын түсінбегендігі байқалады.
Жауабы
түсінікті, бірақ өзара байланыспайды. Кейбір әдеби терминдерді қолданады.
0-2
Шығарма эпизоды мен оның контекстегі мәнін шектеулі деңгейде
түсінгендігін көрсетеді. Мәселеге қатысты ақпараттарды сирек қолданады
немесе мүлде қолданбайды. Автордың ойды жеткізудегі тәсілін түсіндіріп
беруге тырысады. Сюжет пен кейіпкерлер әрекетін сипаттаумен шектеледі.
Әдеби терминдер мен түсініктерді қолдануы орынсыз.
Достарыңызбен бөлісу: