Қатерді талдау
Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады.
Қатерді талдау мыналардан тұрады:
талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау;
қатерді бағалау әдіснамасын таңдау;
қауіптерді және олардың салдарын талдау;
қатерлерді бағалау;
қорғаныш шараларын талдау;
таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру;
қалдық қатерді бағалау.
Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.
Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қорғаныш жоспарын құрастыру
Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.
Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйесінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады.
Жоспарға мынадай құжаттар қосылады:
қауіпсіздік саясаты;
ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы;
қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы;
Достарыңызбен бөлісу: |