ОҚУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына


Оригами жасаудың түрлері мен тәсілдері



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі4.88 Mb.
#138480
1   2   3

Оригами жасаудың түрлері мен тәсілдері.

Оригами әліппесінде белгілермен қоса тәсілдерде де болады. Оларды да игеру керек.Негізгі тәсілдер — бұлбүгу және бүктелеу. Бүгу бұйымның екі жағын белгіленген бүгу сызығына қарасты екі жағын қосу деп біледі. Кей-кезде бір-біріне қарағанда белгілі бір бұрышта жүргізіледі.

Бүктелеу бұйымға кеңістікте үш өлшемділік қасиетін беруге мүмкіндік береді.Әдетте бүктелеуді бүгу сызығының қаттылық қырлары бойынша жүргізеді, ол фигураға тұрақтылық және тепе-ьеңдік береді.Бүктелеу ішкі және сыртқы, сыртқа аударылған, гармошкалы және жапырақты болуы мүмкін.Бүктелеудің әр түрін жеке қарастырайық.

Сыртқа аударылған бүктесін:

Бұл бүктесіндердің бірнеше түрлері бар. Бірінші түрі — ішкі сыртқа аударылған бүктесін. Мүндай бүктесінді жасау алдында «дөнес» бүгу жасау керек, одан кейін бүгу сызығы бойынша бұйымның бір бөлігін ішке қарай түсіру керек. Сыртқы сыртқа аударылған бүктесін. Оны орындау алдында «алқап» бүгуін жасайды, одан кейін сызық бойынша бйымның тиісті бөлігі сыртқа қарай аударылады.

Гармошкалы бүктесін:

Мүндай бүктесіннің де екі түрі болады — сыртқы және ішкі. Мұндай бүктесіндерді орындау алдында екі «дөнес» және «алқап» бүгуін жасау керек.Айырмашылығы, ішкі бүктесінді жасауда бүгу бұйымның ішіне қарай жасалады, ал сыртқында сыртқа қарай.

Жапырақтар:

Бұл тәсіл қағаздан гүл жасаған кезде керек. Ең кең қолданылатындары жапырақ жасаудың үш вариантары.

Бұйымның бір бөлігін немесе оның бұрышын ішке қарай қайыру үшін қолданылады. Мұнда алдын ала бір емес, екі-үш немесе одан да көп бүктесін жасау керек.Бүктеу өте мұқият орындалады, өйткені одан болшақ бұйымның қандай болуына байланысты.



Негізгі формалар.

Оригами фигураларының көпшілігінің схемаларында бүктеудің негізгі формаларын көруге болады. Негізгі форма — әу бастан қолданылатын түпкі форма. Негізгі форма әртүрлі болуы мүмкін — квадрат, тікбұрыш, үшбұрыш, тіпті домалақ та. Бұл тарауда біз негізгі формалардын әрбіреуін жеке-жеке қарастырамыз.

Барлық жағы бірдей (квадрат) бет қағазды алыңыз. Бұл бетті диагональ бойынша бүктеңіз. Пайда болған үшбұрышты оңға қарай «алқап» ретінде бүктеледі.Одан кейін оның жоғарғы бұрышы солға қарай «дөнес» ретінде қайрылады да, аударылады. Нәтижесінде негізгі форма «квадрат» пайда болады.



Негізгі форма «Квадрат».

Негізгі форма «қосалқы квадрат».

Барлық жағы бірдей қағаз беті диагональ бойынша өзіне қарай бүктеледі.Бет жазылады. Бүктеу басқа жағынан қайталанады.Нәтижесінде екі белгіленген диагональ пайда болады. Бет қайтадан жазылады. Горизонталь бойынша «дөнес» бүктеледі және қайтадан жазылады. Операция вертикаль бойынша қайталанады. Нәтижесінде бүктесіндердің бір бөлігі бетті төмен қарай майыстырады, ал басқа бір бөлігі – жоғары қарай.Содан кейін қағаз бетін белгіленген сызықтар бойынша бүктесіндер қай жаққа бағытталса сол жаққа бүгу керек.

Негізгі форма «кітап».

Ең қарапайым форма. Квадратты қағаз беті екіге бөлініп бүктеледі.

Негізгі форма «есік».

Бұл форма кезекпе-кезек жасалады. Қағаздың ортасында орталыңқы сызықты белгілеңіз (қағаз беті қақбөлініп бүктеледі). Бұл сызық бетті екі тең бөлікке бөледі.Бөліктің әрбіреуі кезекпе-кезек ортасына қарай бүктеледі.

Негізгі форма «үй».

Квадрат ортасынан бүктеледі, бет әрбір бүктелуден кейін жазылады.Содан кейін бүйір жақтары,айқындала бастаған, ортаңқы сызыққа қарай бүктеледі. Қағаздың жоғарғы қабаттарын оңға және солға қарай ашады да жапырып тастайды.

Негізгі форма «үшбұрыш».




Бұл да ең қарапайым формалардың бірі. Барлық жақтары бірдей қағаз бетін диагоналі бойынша бүктейді.

Негізгі форма «құймақ» (блин).

Барлық жағы бірдей беттің бұрыштарынан бастау алатын ортасымен диагональ сызық жүргізіледі.Одан кейін әр бұрыш басқа бұрыштармен түйісетіндей ортасына бағытталып бүктеледі.

Негізгі форма «батпырауық» (воздушный змей).

Форма үш кееңмен орындалады. Алдымен сызықты белгілеп алу керек, ол үшін «алқап» бүктесінімен диагональ бойынша квадратты буктейді. Одан кейін үшбұрыш түрінде пайда болған форманы жазады. Соңында квадраттың бүйірлерін диагональ сызыққа қарай бүгу керек.

Негізгі форма «бомбочка».

Бұл форманы «субомбочкасы» деп те атайды. Квадрат қағаз бетін екі бүктеу керек (оңға қарай «дөнес» қылып). Одан кейін тағыда бүктеледі, бірақ енді солға қарай «алқап» түрінде. Содан кейін сол бұрыштың бір бөлігін оңға қарай тартып жалпайтып тастау керек. Одан соң оны аударып «алқап» бүктесінің жасау керек. Соңында жаңадан пайда болған жоғарғы бұрышты оңға қарай тартып оны да жалпайтып тастау керек.

Негізгі форма «балық».

Негізгі форма «батпырауықты» жасау керек. Одан кейін пайда болған форманы жазып сол негізгі форманы беттің басқа жағынан да жасау керек. Қағаз беті осылай белгіленгеннен кейін (барлық жақсы көрініп тұр) оны екі бүктеп жазып бұйымды сызықтар бойынша бүктеп жасау керек.

Негізгі форма «катамаран».

Бұл өте күрделі форма, өйткені мұнда сызықтардың барлығы айқын анық көрінуі керек. Алдымен төрт сызықты белгідеп алу керек: екуі крест түрінде қиылысса, екеуі диагональбойынша қиылысады. Одан кейін барлық бұрыштарды ортасына қарай бүктеп қайтадан жазу керек. Енді бет жақтарын ортасына қарай бүктеу керек. Содан соң пайда болған төртбұрыштың төменгі және жоғарғы жақтарында ортаға қарай бүгу керек.Бұдан кейін әр бұрышты ішінен суырып алу керек.

Негізгі форма «бақа».

Алдымен негізгі форма «квадратты» жасау керек. Содан кейін кезекпе – кезек әр жағынан сызықтарды белгілеп алу керек, ол үшін әр жағынан ортаға бағыттап солға қарай бұрыштарын қайырып жалпайтып тастау керек. Сондай операциялар қағаздың басқа жағынан да жасалады.

Содан соң бүйір жақтары ортаға қарай қайрылады, бұдан кейін жоғарғы бүктесін «алқапты» жасау керек.Осы операцияны қағаздың басқа ағынан да жасау керек.Аяғында қағаз аударылып операциялар қайталанады.

Негізгі форма «құс».

Бүктеудің бірінші кезеңі: негізгі форма «үшбұрышты» жасау керек. Содан соң үшбұрышты «алқап» түрінде оңға қарай бүктейді, ал жоғарғы қабатын «дөнес» түрінде солға қарай қайырады. Енді қағазды аударып қайтадан оны оңға қарай «алқап» түрінде солға қарай «дөнес» түрінде майыстырыңыз.

Содан кейін барлық бұрыштарын ортасына қарай майыстыру керек. Бұрыштары қайырылады, қағазды, оның жоғарғы қабатын өзіне қарай қайыра отырып, ашады. Енді қағазды басқа жағымен аударып қайтадан бүктесіндерді белгілеп оларды ашып жоғарғы қабатын өзіне қарай қайыру керек.

Схема негізгі формалардың тірегі.

Оригамидің көптеген фигуралары өзінің түбінде бір негізгі формаға ие.Басқа сөзбен айтқанда, бастапқы кезеңде фигуралар бірдей бүктеліп жасалады. Мысалы,үшкіл орамал (үшбұрыш) формасынан батпырауық, балық сияқты негізгі формалары бүктеліп жасалса, кітаптан үй, есік, катамаран формалары жасалады.

Қаймақ кітап және үшкіл орамал негізгі формаларынан бастау алады. Құс пен бақа өз негізінде қосалқы квадрат формасына ие. Бірақ баұаны қосалқы үшбұрыштан да жасауға болады. Кейбір негізгі формалар басқа негізгі формаларды үйлестіріп жасауға болады.

Мысалы, балық батпырауықты өз-өзіне салу арқылы бүктеліп жасалады. Төменде қандай негізгі формаларды қай негізгі формалардан жасауға болатын схема берілген.





Тікбұрышты негізгі формалар.

Квадрат терезе тәрізді орналастырылып екіге қақ бөлініп бүктеледі. Бұл ретте екі қарама-қарсы жақтарды қиыстыру керек. «Кітап» негізгі формасы тікбұрыш формалы.Бұл негізгі форманың екінші аты – «ашық хат».


Шамамен осылай «Есік» базалық формасы да жасалады.Терезе сияқты орналасқан квадрат қақ бүктеледі, бұл ретте екі қарама-қарсы жақты қиыстыру керек.Бет жақтарын иілу сызығана қарай түсіру керек. Есік негізгі формасы лифтінің есігіне немесе екі есікті шкафтын есігіне ұқсайды.Бұл форманы «Есік» немесе «Шкаф» деп атап кеткен.

Қосалқы үшбұрыш.

Қосалқы ұшбұрыш (бұл форманы «су бомбочкасы» деп те атайды) көрінетін екі үшбұрыш жазыққа ие. Жабық (тұйық) бұрыш бастапқы квадраттың ортасында пайда болады. Бұл форманы жасаудың бірнеше тәсілі бар.



Бірініші тәсіл: квадрат диагональ бойынша майыстырылады, одан кейін аударылады.Содан кейін қақ бөлініп майыстырылады. Санан соң, квадраттын ортасын басып бүйірлердегі үшбұрыштарды ию керек. Бұл ретте квадраттын жоғарғы жағы басқа жаққа майысады. Енді жай ғана фигураны бұрыштардын орнын ауыстырып аудару керек.

Екінші тәсіл: квадрат қақ майыстырылады, жоғарғы және төменгі жақтары қиыстырылады. Пайда болған тікбұрышқақ майыстырылады (қысқа жақтарын қиыстыру керек). Бұдан кейін сізге, бұрышты сыртқа қарай шығарып, қалтарын ашып жалпайту керек. Фигураны аударып екінші қалтаны ашып жалпайту керек.

Үшінші тәсіл: квадратты диагональ бойынша майыстырылады.Пайда болған үшбұрыш қақ иіледі.Ұшбұрыштың төменгі бұрыштарын әр жақтан жоғары көтереді (бір бұрышты алқап қылып бүктеу керек, екіншісін — дөнес қылып). Содан соң қалталарын ашып жалпайту керек.Фигураны бұрады


Қосалқы квадрат.

Қосалқы квадрат — екі көрінетін квадрат жазықтары бар, квадраттың бастапқы формасының ортасында пайда болатын ашылмаған (тұйық) бұрышы бар, сонымен қоса тұйық бұрышқа қарамақарсы орналасқан ашылып жатқан бұрышы бар форма.



Негізгі форма былай бүктеліп жасалады: квадрат екі рет қақ бөлініп майыстырылады (бұл ретте қарама-қарсы жақтарды қиылыстыру керек), басқа жағына аударылады. Енді екі рет диагональдары бойынша майыстыру керек.

Ішке қарай бүйірлердегі квадраттар майыстырылады — олардақақ бөліп бүгеміз жәнежоғарғы бөлігін өзімізден төмен қарай түсіреміз.

Квадратты қалай жасау керек (оригами тәсілдері).

Көпшілік схемалар квадраттардың белгілі бір формасын қолдануды ұсынады. Бірақ белгіленген көлемдерге жақын квадраттарды да қолдануға болады.Квадратты сызғышты қолданбай-ақ жасауға болады.Форматы А4 тікбұрыш қағазын дұрыс бүктесеңіз ғана болғаны.

Көлемі 20×20 сантиметр болатын квадратты былай жасауға болады: төртбұрыштың қысқа жағын ұзын жағына түсіріңіз. Бұл ретте (қақ бүктеп) жолақтан көлемі 8,5×8,5 болатын екі квадрат жасауға болады.

Егер, форматы А4 төртбұрыштан жасалған, квадратты қақ бөліп кессе, екі төртбқрыш жасауға болады. Олардың әрбіреуі, қақ бөліп кесілгенде, мөлшері 10×10 сантиметр болатын екі квадрат шығады.

15×15 сантиметр болатын квадратты форматы А4 бетінен былай жасауға болады: бетті қақ бөліп бүктеп қысқа жақтарын қиылыстыру керек. Содан кейін төменгі бұрыштарды майыстыру сызығына дейін көтеру керек. Сонан соң жолақты кесу керек. Одан кейін бүктелген жағын бүгу сызығы бойынша қақ бөліп кесу кесіп квадраттарды жазу керек.

Бұл квадраттардан мөлшері 7,5×7,5 болатын 4 квадрат жасауға болады. Ал кесілген жолақтан мөлшері 6×6 болатын 4 квадрат жасауға болады.

Үлгілік тапсырмалар: қағаздан ваза жасау.

Қағаздан ваза жасау соншалықты қиын емес.Оригами бойынша оқулықтарда оны «қытай вазасы» деп атайды.1 кезеңде 1 үшбұрышты майыстырылуына байланысты вазаның формасын сәл өзгертуге болады.

«Квадрат» негізгі формасын жасау.

1. квадратты екі диагональ сызығы бойынша бүктеңіз.

2. қарама-қарсы жақтарын қиылыстырып квадратты ортаңқы сызық бойынша бүктеу керек.

3. қақ бөліп бүктей отыра қарама-қарсы бұрыштарды иіңіз.

4. бүктесіндерді жазыңыз. Негізгі форма «квадрат» пайда болды.

Бұл базалық формада екі көрінетін жазықтары бар, квадраттың ортасында орнналасқан жабық «тұйық» бұрыш және оған қарама-қарсы орналасқан ашық бұрыш.

Негізгі форма дайын, енді вазаның өзін жасайық.

Қытай вазасын қағаздан жасау

1. Қағазды алып өзіңіздің алдыңызға тұйық бұрышымен қаратып қойыңыз. Тұйық бұрышын фигура биіктігінің төрттен бір бөлігіндей болатын ғылып бүктеңіз. Бұл сызықтың ұзындығы – бүгіс ваза табанының көлемін береді.

2. Бұрыштарын ортадағы вертикальға тигенше бүктеу керек. Назар аударыңыз: бүгу сызықтары 1 кезеңде белгіленген сызықтан басталады.

3. Белгіленген бүгу сызықтары бойынша фигураның екі жағын ішке қарай иіңіз.

4. Нәтижесін тексеріп, содан кейін фигураны басқа жағына аударып 2-3 қадамдарды басқа жақтарында қайталаңыз.

5. Жағарғы бұрышты іште жатқан солжақтағы үшбұрышқа жататындай ғылып бүгіңіз.

6. Фигураны аударып сыртжағынан бұрышты ішке қарай бүктеңіз. Сол сияқты ішке қарай басқа екі бұрыштарды да бүктеңіз.

7. Фигураның жоғарғы жағында бұрыштарды майыстырыңыз, олардың көлемі жоғарғы вазанын кескінін береді.Белгіленген сызықтар бойынша бұрыштарды фигурагның ішіне қарай бүгіңіз. Назар аударыңыз! Бұрыштар ортадағы вертикальға дейін жетпеу керек.


8. Вазаны ашып түбін салыңыз, саусақтармен ішжағын жазыңыз.

9. Ішжағынан саусақтармен тегістеп, жоғарғы жағын жазыңыз.


Ваза дайын.

Бақылау сұрақтары: .

1. Оригами техникасы, қағаз бүктеудін негізгі формалары.

2. Оригами тарихы.

3. Оригами және қазіргі заман.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Цветы оригами для любимой мамы. Л.В. Иванова, М., 2005г.



3.Тақырып:

Қағазадн жалпақ декоративті формаларды кесу, қиық бұйымдар.

Сабақ мақсаты:

Студенттерді қиық бұйымдарды жасау негіздерімен тәсілдерімен таныстыру.



Әдістемелік ұсыныстар:

Адам қолдары қарапайым материалдардан ғажайып нәрселерді жасай алады.Мысалы, түрлі-түсті қағаздан керемет қиық картиналар жасауға болады.

Қиық сурет жасау үшін келесі нәрселер керек: түрлі-түсті картон, түрлі-түсті қағаз, калька,канцеляриялық пышақ, цангалықпышақ, шарнирдегі цангалық пышақ, кесу үшін төсеуіш, қатты және жұмсақ қарандаштар, өткәр қайшы, тескәш, фигуралық тескіш, желім,скотч,екіжақты скотч,ілу үшін жіп, моншақ, ұсақ моншақ, страздар.

Нәзік суреттердің варианттары:

Екіжақты суреттер. Мұндай суреттерді үйде терезеге жіппен іліп қояды. Беттік және ішкі жағы бірдей болады, бірақ айна-қатесіз орындалады.

Горизонтальді суреттер. Оларды екіжақты скотчка жапсырып қоюға болады.

«Әйнектей». Мұндай суреттерде фон жоқ, олар қиылып витраж секілді терезеге жапсырылады.

Терезелік алқалар. Бірнеше екіжақты суреттер бір жіпке ілініп терезеге.ілінеді.Жіпті қосымша үлкен моншақтармен және жіңішке лентадан жасалған бантиктармен әшекейлеуге болады.

Қабарғалы суреттер.Қиылған суреттер, әдетте, суреттін контуры бойынша кесілген, фонға желімденіп жапсырылады.Егерде оны үлкен көлемді фонға жапсырса, ондай суретті қабырғаға орнатуға болады.

Ашық хаттар,шақырулар және т.б.Кішігірім қиылған суреттермен құттықтау ашық хаттарын немесе шақыру билеттерін әшекейлеуге болады. Мұндай композиция дәстүрлі ашық хатты ерекшебезендіреді.
Орындау тәртібі:

Қағазды таңдау. Қиылған суреттерді жасау үшін қатты қағазды қолданған жөн – түрлі-түсті картон, өйткені жұқа қағаздар канцелярилық пышақпен кескен кездеоңай жыртылады. Ұсақ детальдар үшін түрлі-түсті қағаздар келеді. Әрбір композиция үшін негізгі суретке, фонға, безендіру детальдарымен үйлесетін түстерді таңдау қажет.

Суретті көшіру. Қиық суретті жасау үшін шаблон қажет.Одан сурет калькаға түсіріледі.Содан кейін кальканы аударып картон бетіне салу керек. Содан соңсурет кескінін, кескінді картонға түсіру үшін, қатты қарандашпен немесе қаламсаппен айналдыраып шығарады.

Өрнекті қиып алу. Ішкі детальдарды канцеляр пышағымен қиып алу керек.Неғұрлым өрнек ұсақ болса, соғұрлым пышақтын жүзі өткір болу керек.Алдымен ең ұсақ детальдар цангалық пышақпен қиылып алынады, содан соң –ішкі үлкен детальдар қиылады. Жіңішке сызықтарды, мысалы, бөлетін сызықтарды, жұмыстын аяғында тағыда 1-2 мм цангалық пышақпен қиып тастауға болады. Дәлірек кесу үшін шарнирі бар цангалық пышақты қолдану керек.Аяғында сыртқы кескін жіңішке қайшымен қиылады. Иілістерді қиған кезде бір қолмен қағазды бұрып басқа қолмен қияды. Міндетті түрде кесуге арналған төсеуіште жұмыс істеу керек.

Желімдеу. Сұйық желім қағазды аз былғайды, сондықтан соны қолданған жақсы. Желімдеу кезде желім шектен тыс шықпау үшін шетінен кішкене бос орын қалдырылады. Ілініп тұрған екіжақты суретте екі жағы да бірдей, сондықтан айна-қатез сурет түрінде қиылған формалар фонға екіжақты қағазбен желімденеді.

Бұйымды безендіру. Кейбір бұйымдарда ұсақ гүлдер қажет. Оларды қолмен қиып алуға немесе фигуралық тескішпен жасауға болады. Кей кезде балалардын моншақтарында әртүрлі фигуралар, мысалы, гүлдер түрінде болады. Құс көзін, гүлдердін ортасын ұсақ моншақтан жасауға болады.Кейбір бұйымдарда түрлі-түсті бұйымдар да қолданылады.



Қиылған суреттер адам фантазиясына үлкен еркіндік береді: әртүрлі суреттерден бастап нәзік суреттердін саналуан варианттарын қолдануға дейін.





Жаңа жылдық терезе

Қар ұшқындары мен фантиктерді ақ қағаздан, фантиктен, қағаз майлықтарынан қиып алуға болады. Ең бастысы, материал жіңішке болу керек, өйткені оны бірнеше рет бүктеп өрнектерді иілген жерлерде қию керек болады.Қиылған қар ұшқындарын және жұлдыздар сабынды судын көмегімен терез әйнегіне, әсем өрнек құрастырып, жапсыруға болады.

Жұмысқа арналған құралдар: қайшы, ақ немесе көк түсті үлкен қағаз беті, желім, бояу-гель («күміс»).


Қар ұшқындары

Барлық қар ұшқындарын өрнек жақсы көріну үшін ақ қағаз бетіне саламыз.2-3 композиция құрастырамыз. Алдымен жалпы форманы немесе құрылымын белгілейміз, мысалы,шыршының, аққаланың, мұз үйдің суретун саламыз немесе қиямыда кескіннің ішкі кеңістігін қиылған қар ұшқындарымен толтырамыз.

«Ұысұы терезе» композициясын кәдімгі терезеде құрастыруға болады.Қар ұшқындарын терезеге құрғақ сабынмен немесе сабын ерітіндісімен жапсыруға болады.

Сиқырлы жұлдыздар

Қимыл реті:

Ақ (көгілдір, қызғылт, алтын) түсті қағазды аламыз; қақ бөліп бүктейміз үшбұрыш орамал сияқты, содан соң тағы да қақ бөліп бүктейміз.

Форма шетін ұсақ-ірі, ұзын-қысқа, өткір-доғал тістермен әшекелейміз. Нәзік өрнектерді қиып аламыз (дөңгелектер, үшбұрыштар,шыршалар, ёлочки, ромбтар). Міндетті түрде күрделі форманы қию кезінде қиюдын симметриялық техникасын есте сақтау керек.





Бақылау сұрақтары:

1.Жазық декоративті формалы қағаздан қию әдістері?

2.Ққиылған бұйымдар түрлері?
Ұсынылатын әдебиеттер:

Н. Докучаева. Мастерим бумажный мир «Диамант», «Валери СПБ», Санкт-Петербург, 1997г.


4.Тақырып:

Қағаздан өру.

Сабақтын мақсаты:

Студенттерді қағаздан өрудің негізгі тәсілдерімен таныстыру.



Әдәстемелік ұсыныстар:

Пластикалық және серпімдік қасиеттерінің арқасында қағазды әртүрлі өрілген бұйымдар жасау үшін жиі қолданады. Қарапайым және онша қиын емес тәсілдің көмегімен түрлі түсті қағаздан, мысалы, әсем және құнтты кілемше жасауға болады.



Өруге арналған қағаз әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, егерде сізөрілген бұйым мықты және ұзақ уақыт қызмет етсін десеңіз қаңаздың тығыз түрлерін алу керек: картон, жылтыр қағаз. Бір қағаз беті – бұл болшақ бұйымның негізі, оны бір жағынан біркелкі тең жұқа қағаздарға қию керек, бұл ретте қағаздың басқа жағы бүтін болу керек. Сонымен қатар жеке түрлі-түсті қағаздардан, негізге өрілетін, жолақтар қию керек. Өрнектер әртүрлі болуы мүмкін, ал әртүсті қағаздарды қолдану ерекше өрнек жасауға септігін тигізеді.Өрәлетін жолақтардын аяғын кілемшенің астына желіммен жапсыру керек.



Қағаздан өру тек қолдан жасалған кілемшелерді тоқуды ғана ескермейді. Сонымен бірге негізгі қағазға керек форманыберіп басқада модельдерді жасауға болады.Қағаздан тоқу айтарлықтай оңай орындалатын жұмыс, сондықтан қолөнердің бұл түрі – балалармен жұмыс ұйымдастырудың тиімді варианты.Ол ұсақ мотриканы және бейнелі ойлау қасиетін дамытады.

Қағаздан өрілген бұйымдар, балалар жасай алатындай, өте қарапайым әрі күрделі болуы мүмкін.Барлығы қағаздан өрілген кілемшіктен басталады. Содан кейін балықтар мен жүрекшелер жасалады. Жүрекшелер – әрқашан өзекті тақырып. Қағаз жай түрлі-түсті немесе жылтыр бархатты және басқада болуы мүмкін.

Өрәлген жүрекше жасау оп-оңай. Екі түсті тығыз қағаз, желім жіне қайшы қажет.Түрлі-түсті ұағаздан екі бірдей төртбұрыш қиып аламыз, бір жағын домалақтаймыз, ал екінші жағын жолақтап қиямыз. Белгілі бір бұрышта пайда болған төртбұрыштарды өзара қиылыстыра орналастырып жолақтарды өреміз.Жолақтардын шеттерән желімдеп бекітеміз.Жүрекше дайын. Корзина түрінде өрілген жүрекшені қосалқы ғылып жасауға болады.Бұл ретте корзиналар өзара қиылысады. Бұл бұйымды мықты ғылады және оны қолдануға мімкіндік береді.Бұйымның көлемі әртүрлі болуы мүмкін.Өру тәсілімен өағаздан көлемді нәрселер де жасауға болады. Мысалы корзиналар, лукошколар және т.б.



Бақылау сұрақтары:

1.Қағаздан өру түрлері?



Ұсынылатын әдебиеттер:

Н. Докучаева. Мастерим бумажный мир «Диамант», «Валери СПБ», Санкт-Петербург, 1997г.


5.Тақырып:

Аппликация және оның түрлері. Жазықтық және көлемдік аппликация.

Сабақтын мақсаты:

Студенттерді апликация техникасымен, оның түрлерімен және жасау тәсілдерімен таныстыру. Осы техникада шығармашылық бұйымдарын жасауға үйрету.



Әдістемелік ұсыныстар:

Латын тілінен аударғанда апликация деген сөз жапсыру, басу деген мағынаны береді, яғни ою-өрнектерді, суреттерді әртүрлі материалдарды (мата, былғары, қағаз) желіммен жапсыру арқылы жасауды айтады. Аппликация кептірілген жапырақтардан, гүлдерден, саламнан, қағаздан және осы сияқты материалдардан жасалуы мүмкін.

Қағаздан жасалатын апликацияның әр түрі болады: ою-өрнекті құрастыру, жеке заттардан жасалатын апликация, сюжеттік аппликация, контурлық сурет аппликациясы,геометриялық фигуралардан жасалған аппликация, мозаика.

Аппликация –суреттеменің реалистік негізі сақталатын ең қарапайым және қолжетімді шығармашылық туындыны жасау әдісі.Бұл апликацияны кеңінен тек безендіру мақсаттарында ғана емес, картиналар, ою-өрнектерді салудада үлкен мүмкіндіктер береді.

Апликацияның негізгі нышаны силуэттілік, образдың жинақталған жазықтық бейнесін беру, түстін біркелкілілігі.

Аппликация заттық болу мүмкін, жеке суреттемелерден тұратын (жапырақ, бұтақ, ағаш, саңырауқұлақ, гүл, құс, үй, адам және т.б.); сюжеттік, қимыл мен уақиғалар жиынтығын көрсететін («Жеңіс салюты», «Космосқа ұшу», «құстар ұшып келді» жәнеи т.б.); декоративті, әртүрлі заттарды әшекелейтін ою-өрнекпен,өрнектердің топтамасы.

Аппликация көптеген халықтарда киімд, аяқ киімді, үй жихазын, үй ішін әшекейлеудің ең көне әдістердің бірі болып табылады. Апликация ежелгі заманан бастау алады және киімде, аң терілерінде тігістің пайда болуымен байланысты.

Әртүрлі халықтар апликация үшін әртүрлі материалдарды қолданады: тувалықтар, мысалы, украшая конское седлоертоқымды әшекейлеген кезде апликацияда былғарымен қоса алтын түсті дала бұтасын қолданады, ол қайталанбас көлем мен көленкенің үйлесімін береді.

Көптеген қасырлар бойы апликация Азияда ғана емес Европада да кеңінен қолданылуда: Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда. Рыцарлық заман кезінде апликаци Европада кеңінен тарады. Соғыстар, көптеген рыцарлық турнирлер – рулық гербтердің пайда болуына әкелді. Гербтер екі жағынан да анық көріну керек болтын, сондықтан ол апликациялық тігудің дамуына септігін тигізді.

Матадан жасалған аппликацияның орнына өағаз аппликациясы келді. Ол қағаз шығарыла бастаумен байланысты болды. Ең кейінпайда болған аппликацияның түрі болып қағаздан қиылған қара силуэттер есептелді. Силуэт өнері Францияда жанданды. Мұнда силуэт деген атау да пайда болды.Қара силуэтті өнер орыс дворяндарының үйлерінде әшекей ретінде пайдаланды. Ежелден Украинада, Белорусияда қағаз өрнек кескіндері витинянкалар кеңінен белгілі болды. Бұланық грамматикалық формалары бар түрлі-түсті қағаздан қиылған қарапайым әшекейлер. Қиюдың ең оңай тәсілі – қағазды қақ бөліп бүктеу. Бүктелген қағаздан ағаштар, вазалар, ал бірнеше рет бүктелген қағаздан хороводтар өиылды.Мұнымен көбінесе қыздар мен әйелдер әуестенді.

Қағаздантіпті, құстар, жануарлар, балықтар, өсімдіктер, архитектуралқ ғимараттар бейнеленген, қарапайым сюжеттен тұратын картиналар да жасалды. Қиындылар қабырғаларға, терезелерге жапсырылды.

Жеке және ұжымды формалы аппликациялар әртүрлі мағыналы болуы мүмкін. Осыған байланысты сабақтарды түр бойынша бөледі. Мұнда заттық, сюжеттік-тақырыптық, декоративті аппликация жатады.

Заттық аппликацияда балар қиып алып фонға жеке заттарды жапсыру әдісін игереді.

Сюжеттік - тақырыптық аппликацияда тақырыпқа немесе сюжетке байланысты әртүрлі заттарды қиып жапсыру қабілеті ескеріледі. Декоративті аппликация–ритм, симметрия, түстік салыстыруды қолдана отырып балалар қию және әшекейлеудін әртүрлі элементтерін қолдануды игеруі бойынша орнаменталды жұмыс. Бұл сабақтарда бала әртүрлі заттарды бір стильге келтіріп декоративті өзгертеді, құрылысын біріктіреді, затқа жаңа қасиеттер береді.

Бала баұшада өтетін сабақтарда жолақтық және орталықты-сәулелі композициялы декоративті аппликация қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет