ОҚУ Әдістемелік кешен “Информатика” пәні бойынша 050301- “Құқықтану” мамандығының студенттері үшін силлабу с



бет25/32
Дата14.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#135150
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

Беттерді жасау және сақтау

Frontpage Редакторы жеке беттерді ғана емес, Web-торапты тұтас жасауға мүмкіндік береді. Редакторды іске косқанда беттің мәтінін бірден тере беруге болатын терезе ашылады. Page және Normal режімдері үнсгздік бойынша орнатылған. Оң жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап түрған меңзер орналасқан.

Мысал үшін, Біздің мектеп сөздерін теріңдер (3-сурет).


3-сурет. Редактордағы жаңа бет
Мәтін ағымдағы жолдың сол жақ шетінен басталатынына назар аударыңдар, бірақ сендер оны басқаша да орналастыра аласыздар (шегініс жасап, он жак шетi немесе орталық бойынша туралау арқылы): мәтіннің қарпін және кеглін өзгертуге, оны тақырып етуге немесе оның касиеттерін сан қилы әдістермен өзгертуге болады.

Енгізгендеріңнің бәрі браузерде де дәл солай көрінеді. Жаңа абзац бастау үшін Word-тағыдай пернесін басыңдар.

Редакторда жаңа бет жасау үшін File New командасың орындаңдар. New диалогтық терезесінде Normal Page-нi (Обычная страница) таңдап, ОК батырмасын басыңдар. Экрандарыңда оң жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап түрған меңзері бар бос бет (2-сурет) пайда болады.

Беттер File менюінің Save немесе Save As... командасымен немесе инструменттер панеліндегі Save батырмасын маустың шертуімен сақталады.

Бетті File менюінің Open командасымен немесе инструменттер панеліндегі Open батырмасын маустың шертуімен ашуға болады.

Бет бойынша жылжу

Бет бойынша жылжу үшін дәл Word-та қолданылатын әдістер колданылады: жебе пернелер,


және
пернелері (бір экранға жоғары немесе төмен), + пернелер комбинациясы (беттің ең жоғарысына), сондай-ақ айналдыру жолақтары әдеттегідей терезені көлденең және тік бағыттарда жылжытады.
Мәтінді ойып алу, көшірмелеу және кірістіру

Мәтінді бір бет ішіне кірістіру немесе көшірмелеу үшін маусты ("тасымалдау және босату" әдісі) немесе алмасу буферінін Вырезать, Копировать, Вставить командаларын пайдалануға болады. Сонда-ақ Редакторда ойып алу, көшірмелеу және кірістіру үшін пернелердің стандартты комбинацияларын: + <Х> (Вырезать), + <С> (Копировать), (Вставить) пайдалануға болады немесе оң жақ батырманы контекстік (динамикалык) менюдің қажетті элементті бойынша шерту арқылы тиісті команданы таңдау керек: Cut (Вырезать), немесе Copy (Копировать), немесе Paste (Вставить).

Ақпаратты Редакторда ашылған басқа беттерге немесе басқа қолданбалардың қужаттарына көшірмелегенде немесе ойып алғанда, алмасу буфері Office-нін қолданбаларына сәйкес пайдаланылады. Мұндайда мәтіннің пішімделуі жарым-жартылай жойылған болуы мүмкін — бұл материалдарыңды алып барған қолданбаға байланысты. Мысалы, егер әртүрлі кегльмен терілген мәтіндеріңді Блокнотқа (Notepad) жайғастырсаңдар, онда Блокнотқа бүкіл мәтін бірдей үнсіздік бойынша орнатылған кегльде болады.
Мәтінді жою
Мәтінді немесе басқа элементтерді жою бірнеше әдіспен жасалады: жойылуға тиісті фрагментті ерекшелеп, пернесін басыңдар немесе Edit Delete командасын орындаңдар.

Жойылған материалды қайтару үшін, Edit Undo Clear командасын орындаңдар немесе инструменттер панеліңдегі Undo батырмасын басыңдар.

Меңзер алдындағы символдарда немесе бүтін сөздерді жою үшін , одан кейін пернелері комбинациясын басыңдар.
Microsoft Office файлдарынан материал пайдалану
Frontpage-нің ең үлкен қүндылығы - оның Microsoft Office файлдарынан материал кірістіре және өңдей алатын қабілетіңде. Frontpage мен Microsoft Office-нің мұндай достастығы қыруар уақытты үнемдейді. Мысалы, егер Frontpage сайтының бетіне орналастырғыларың келген ақпарат Word немесе Excel файлдарында болса, онда оны Frontpage Редакторында жаңадан енгізу қажет болмайды.

4-суретте Word-тан Frontpage Редакторына материалды алып бару жолы көрсетілген. Егер өз үй бетгеріңе арналған мәтінді Word-та теріп, енді Редакторға ауыстырғыларың келсе, ол үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:

1. Word-тағы қажетті мәтінді ерекшелеу;

2. оны буферге көшірмелеу;

3. одан соң Редакторға косылып, мәтінді буферден қажетті орынға кірістіру, Frontpage оны автоматты түрде НТМ2 пішіміне түрлендіреді.



4-сурет. Ақпаратты Word-maн Frontpage Редакторына

тасымалдау

FrontPage Редакторын пайдалану
Web-бетті жасау
Web-беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі — тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттеріңнің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі.

Сайтымыздың бір бетінің мысалында тақырыптар-ды пайдаланудың қарапайым үлгісін қарастырайық. Бетті сыныптастарыңа арнап Мой класс деп атайық. Бұл бетте біз оқушылар тізімін жасаймыз, соңында олардың меншікті беттеріне жасалғаң сілтемелер тіркеледі. Бұл тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттерді іске асыру қажет:



1. File New Page командаларын орындап, Редакторда жаңа бет жасаңдар.

2. New диалогтық терезесіңде (5-сурет) Normal Page шаблонын таңдап, Ok батырмасын басыңдар.





5-сурет. New диалогтық терезесі
Редакторда сол жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап түрған меңзер орналасқан бос бет пайда болады.

3. Пішімдеу панеліндегі стильдер тізімінен Heading1 (Заголовок1) таңдаңдар. Беттің шапкасы тиісінше, мысалы, бірінші дәрежелі тақырып сияқты ерекшеленіп түруы керек. Frontpage Редакторында тақырып жаңа жолдан жеке абзац сияқты безендіріледі.

4. 6-суретте көрсетілгендей Мой класс бетінің негізгі тақырыбын еңгізіңдер.

5. Оқушылардың аттарын енгізіндер. Меңзер жаңа жолға өтуі үшін <Еnter>-ді басып, стильдер тізімінен Heading 3 (Заголовок 3) тандандар да, Александр деген есімді теріндер.

6. 5 қадамды қайталай отырып, сыныптың қалған оқушыларының аттарын енгізіңдер. Сіздің бетіңіз 7-суреттегіндей болады.



5.6-cypem. Бул тақырып бірінші дәрежелі тақырып

сияқты безендірілген; стилъдер тізімінде Heading1

опциясы таңдалғанына назар аударыңдар
Тізімде тақырыптардың алты дәрежесі аталғанын ескеру керек. 8-суретте тақырыптардың барлық алты дәрежесінің салыстырмалы өлшемдері көрсетілген.

Бұл тақырыптар браузерлеріңде Frontpage Редак-торындағыдан басқашалау көрінуі мүмкін, өйткені олардың қалай көрінуі керек екенін браузердің өзі белгілейді. Онда


7-сурет. Мой класс беті

8-сурет. Турлі дәрежелі тақырыптар өлшемдерінің арақатынасы
тұрған ештеңе жоқ, өйткені кез келген жағдайда бұл тақы-рыптардың пішімдері дәрежесі жоғары тақырыптың (ең жоғарысы — бірінші) әрқашан төмендеу дәрежелі тақырыптан ірілеу болатындай етіп беріледі. Әдетге, тақырып маңызды болған сайын, оның дәрежесі де жоғарылау, қаріп те ірілеу, оған және одан кейінгі аралықтар да улкеңцеу болады.

Ақпаратты бетгерге жайғастырғанда, кейде материалды абзацтармен емес, тізіңцер тұрінде беру ьщғайлы. Тізімдер үзақ үздіксіз абзацтардан жеңіл оқылады, сондықтан тізіңдерді орнымен қолдану беттерді қабылдауды жақсартады; бірақ тым әуестенудің де қажет жоқ, өйткені беттерді қүрғақ, жалықтыратын етіп жіберу қаупі де жоқ емес.

Нөмірленген тізімдердің атрибутгарын өзгертіп отыруға болады. Мысалы, нөмірлеу рим сандарымен (кішісімен де, үлкенімен де) немесе әріптермен (дәл солай кішісімен де, үл-кенімен де) жасалуы мүмкін; нөмірдің кез келген бастапқы мәнін орнатуга болады. Тізімдердің барлық түрінің (типінің) дәл көрінісін бетгерді карауға қолданылатьш браузер белгілейді.


9-сурет. List Properties диалогтық терезесі
Редакторда тізімдермен жүмыс істеу тізімдерді Word-та қолдануға үқсас.

Тізім жасау немесе оны өзгерту үшін, алдын ала ерекшелеп альш, Format Bullets and Numbering... командасын орьщдау қажет. List Properties диалогтық терезесінде (9-сурет) қосымша беттердің бірін активтеу керек, сосын, қажетті тізімді тандап, ОК батырмасын шертіңдер.



Лекция 10

Тақырыбы: FrontPage редакторында Web-сайт жасау.
Жоспар

  1. GIF және JPEG пішіндері

  2. Гиперсілтемелерді жасау және пайдалану

  3. Ортақ аймақтар және навигация



Web-сайт жасау
Бір Web-бет қалай жасалатынын біз қарастырдық, енді Web-сайт жасауға кірісейік. Ол үшін:

1. FrontPage редакторын іске қосыңдар.



2. File => New => Web командаларын орындандар.

3. New диалогтық терезесінде (10-сурет) One Page Web шаблонының таңбашасын таңдап, торап (қапшық) атын жадтарыңа түйіп, ОК батырмасын басындар. Әдеттегідей,




10-сурет. Болашақ беттің шаблоны таңдалатын New диалогтық терезесі
Редактор тораптарыңды My Webs қапшығында жасайды, ОК батырмасын басқаннан кейін терезе тақырыбында торап қапшығының аты пайда болды.

4. View-> Navigation командасын орындап немесе сол жақ View инструменттер панеліндегі Navigation батырмасын мауспен шертіп, навигациялық түрге ауысамыз. Экранда Home Page негізгі (уй) бетінің таңбашасы бейнеленген терезе пайда болады (11-сурет). Назар аударыңдар: терезенің түрі өзгерді, оң жағында біздің торап бойынша Бағыттауыш терезесі ашылды.



11-сурет. Үй беті таңбашасы бейнеленген терезе
5. Таңбашаны маустың оң батырмасымен шертіп және Rename командасын таңдап, беттің (әзірше таңбаша) атын Home Page-ден Haшa школа деп өзгертейік.

  1. Дәл осы терезеде File => New => Page командасын орындаңдар. Терезеде New Page 1 бірінші бетінің екінші таңбашасы пайда болады (12-сурет), оның атын Преподаватели деп өзгертіңдер.

8. Дәл осы терезеде жоғарыда сипатталған әдіспен екінші бет жасаңдар да, атын Мой класс деп қойыңдар.



12-сурет. Бірінші бет таңбашасы бейнеленген терезе
9. Таңбашаны екі рет шертіп, Наша школа бетін ашыңдар.

Бос бет ашылады, Headingl тақырыбын тандаңдар да, Наша школа мәтінін теріңдер, жаңа жолдан мектептерің туралы мәтін теріңдер: қай жылы құрылған, онда қанша оқушы бар және т.б. File => Save As командасын орындап немесе инструменттер панеліндегі Save батырмасын шертіп, бетті сақтандар.

9. Келесі бетке өту үшін навигация режіміне өтіп, Преподаватели бетін ашыңдар. Heading 2 тақырыбын таңдандар да, Преподаватели мәтінін теріңдер, жаңа жолдан әр мұғалімнің аты-жөнін теріңдер (кейін әрқайсына жеке бет жасап қоюға болады). Бетті сақтандар.

10. Дәл солай Мой класс бетін ашып, 9 пунктті қайталандар.

Енді Преподаватели және Мой класс беттеріне бағынышты беттер жасаймыз. Ол үшін:

1.Преподаватели таңбашасын ерекшелеңдер де, File —>New =>Page командасын орындаңдар немесе таңбашаны оң батырмамен шертіп, New Page 2 командасын таңдаңдар. Терезеде New Page 2 бірінші бетінің үшінші дәрежелі таңбашасы пайда болады (13-сурет). Оның атын Директор и завучи деп өзгертіңдер, сондай-ақ Учителя бетін жасаңдар.

2. Мой класс беті үшін оқушылар аттары бойынша үшінші дәрежелі беттер жасаңдар.

3. Әр бетті ашыңдар, оларды ақпаратпен толтырыңдар.

4. Егер қайсыбір беттің орнын өзгерткілерің келсе, қажетті таңбашаны мауспен "үстап алып", жаңа орынға жылжыту жеткілікті.

Сендер редакциялаған беттердің Folder List бағыныңқы терезесіндегі файл таңбашасында қаламшамен белгіленетініне назар аударыңдар. Қай бетпен жүмыс істегендерің, ал қай беттердің әлі бос екені осыдан айқын көрініп тұрады.




13-cypem. Беттер қурылымдары бейнеленген терезе



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет