ОҚУ Әдістемелік кешен “Информатика” пәні бойынша 050301- “Құқықтану” мамандығының студенттері үшін силлабу с



бет6/32
Дата14.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#135150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Тышқан алақанға сиятын, екі не үш кнопкасы бар кішкене қорапша. Жүелік блокқа жалғанатын проводымен бірге ол шынында тышқанға ұқсайды.Тышқанды стол бетімен қозғалтқанда компьютер экрандағы тышқанның стрелкасыда қозғалады. Керекті командаға стрелканы әкеліп кнопканың біреуін бассақ, командамыз орындалады. Әдетте тышқанның сол жағындағы кнопка қолданылады.


Лекция №5

Компьютердіњ ќ±рылѓылары.
Жоспар:

  1. Дербес компьютерлердіњ ішкі ќ±рылѓылары.

  2. Дербес компьютерлердің сыртќы құрылғылары.


Әдебиеттер:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997

1. Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары
Аналық тақша

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда мынадай құрылғылар орналасады:



  • процессор;

  • шина;

  • жедел жад;

  • тұрақты жад;

  • слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).


Процессор

Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16 – разрядты Intel – 8086 процессоры болып табылады. IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel – 80286, Intel – 80386, Intel – 80486, Intel – Pentium 60, 66, 75, 90, 100, 133; Intel Pentium ММХ, Intel Pentium Pro Intel Pentium II, Intel Celeron, Intel Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтері (моделдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 133, 150, 166, 200 және 233 Мгц жиілікпен жұмыс істейді.
Шина

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.



Компьютердің жады.

Компьютердің жады оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір – бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді.

Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез – келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.


Тұрақты жад (ПЗУ) – стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (BIOS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.
Қатқыл диск

Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дисклердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің 80 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.




Иілгіш дискілерге арналған дискжетек

Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмасиыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.

Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 диюмдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байткөлемінде ақпарат жазылады.
Жинақы – дискіге арналған дискжетек

1994 – 1995 жылдар аралығында дербес компьютерлердің құрамына диаметрі 5,25 диюмдік болатын CD – ROM тасуыштары енгізілді. CD – ROM (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қзақша аудармасы жинақы дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.


Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптерлер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайдаланылады. Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады.

2. Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғылары
Компьютерлердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.

Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады;



  • мәліметтерді енгізу құрылғылары;

  • мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;

  • мәліметтерді сақтау құрылғылары;

  • мәліметтермен алмасу құрылғылары.

Енгізу құрылғылары

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.


Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.


Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шықару үшін мониторға қосымша притер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөлінеді.


Мәліметтерді сақтау құрылғылары.

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, Zip – тастауыштар және HiFd – тасуыштары жатады.

Стримерлер- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магиттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Zip – тастауыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomage компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдерді стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. Zip – тастауыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюмдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздіктірінде.

Sony компаниясы жасап шығарған HiFd құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.
Мәліметтермен алмасу құрылғысы.

Модемдер (модулятор + ДЕМмодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. байланыс арналарының типіне қарай қабылдау – жіберу құрылғыларын радиомодемдер кабельдік модемдер және т.б деп бөлінеді. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модульяциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы жиілігі бойынша ), телефон желісіне бағыталады.



Лекция №6

Программалық қамтамасыз ету.

Жоспар:

1. Программалық жабдықтау.

2. Операциялық жүйе ұғымы.

3. Операциялық жүйенің жіктелуі.


Әдебиеттер:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова,

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и ответах”. Москва, 2001


1. Программалық жабдықтау

         Программалық жабдықтау - ол компьютерді "жандандырады".

Программалық жабдықтау жүйелік, қолданбалы және программалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады.

Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір - бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады.        Сонымен қатар операциялық жүйе - әмбебап жүйе, оны әртүрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылатын қосымша құрылғыларға баптауға немесе жеке баптауға болады.

Компьютердің операциялық жүйесі төмендегі міндеттерді орындайды:

- компьютер қорларын: жадтың, процессорлардың, сыртқы құрылғыларының жұмысын басқарады:

- қолданбалы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынасты

ұйымдастырады.

Оперциялық жүйелер өте көп. Біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде пайдаланып жүрген компьютерлерге арналған операциялық жүйелер. Бұдан аз уақыт бұрын компьютерлер  МS DOS операциялық жүйесін пайдаланған. Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйелер: Windows3.11, Windows'95, Windows'98, Windows'NT 4.0, Windows2000, Millenium, WindowsXP, OS/2, UNIX,Lunix және тағы басқалар.

Бұл жүйелердің және көптеген өте қажетті қолданбалы программалардың негізгі жасаушысы американың Microsoft фирмасы.

Компьютерде жұмыс атқаруды операциялық жүйе арқылы жұмыс атқару деп қарастыруға болады. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасында операциялық жүйе өте маңызды, түсінікті және достық қатынаста деп есептеуге болады. Адам мен компьютер арасындағы мұндай қатынасты интерфейс деп атайды. Дербес компьютерлерде интерфейстік қатынастарды командалық және терезелік деп екіге бөледі.

Командалық интерфейсте адам компьютермен операциялық жүйе командалары арқылы қатынас құра алады, олардың түрлері өте көп. Операциялық жүйенің командалық интерфейсіне операциялық жүйе MS DOS жатады.

Терезелік интерфейс - операциялық жүйеде компьютермен байланыс тек тышқанды пайдалану арқылы жүзеге асады. Компьютермен жұмыс атқару үшін графикалық бейне түрінде берілген амалдарды экранда таңдау арқылы тиімді қарым-қатынас жасауға болады. Графикалық бейнелерді, анықтамалық жүйені, интуитивтік нұсқауларды таңдау компьютермен қарым-қатынасты жеткілікті, әрі түсінікті етеді.

MS DOS жүйесіне қарағанда Windows операциялық жүйесі бір мезгілде бірнеше есептерді шешуге мүмкіндік береді.

Арнайы шарттардың: жүйелі блоктың амал орындау жылдамдығының, ішкі және сыртқы жад көлемінің артуының арқасында ғана Windows операциялық жүйесі MS DOS жүйесін алмастыра алды.

Жүйе қабықшасы - бұл негізгі программамен жұмысты оңайлататын программа (программалар комплексі). Олардың негізгі принципі "не көріп тұрмын - соны орындаймын". Мұндай программаларды қолданғанда әртүрлі командалардың синтаксисін, параметрлерін білу керек емес.

Драйверлер - бұл операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын программалар.

Драйверлерді операциялық жүйенің бір бөлігі деп айтуға болады. Компьютерге қандай да бір жаңа құрылғыны қосу үшін, құрылғы жұмысын қамтамасыз ететін драйвер қажет.

Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда) - пайдаланушыға енгізу-шығару, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін программалар. Ондай жұмыстарды операциялық жүйе командаларымен де орындауға болады, бірақ утилиттер мен пайдаланушылар арасында қосымша мәліметтер алмасып тұруға жақсы мүмкіндіктер бар.

Қолданбалы программалық жабдықтау тек мәліметтерді өңдеуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады.  Қолданбалы программаларды арнайы бағыттағы және әмбебап программалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы мамандандырылған программаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын программалар жатады, мысалы, бухгалтерлік программалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. программалар.

әмбебап программаларға мәтіндік, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, электронды байланыс программалары және басқа да жиі пайдаланылатын программалар жатады. Бірнеше қолданбалы программаларды біріктіретін программалар да бар, оларды интегралданған программалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, элетрондық кестелерді, деректер базасын басқару программаларын алуға болады.

Жүйелік программалардың жабдықтарына драйверлер де енеді. Бұл программалар компьютерге қосылған құрылғылармен бірге беріледі. Ол программаларда құрылғы жөніндегі барлық мәліметтер бар. Операциялық жүйе қосымша құрылғылар мен драйверлер арқылы қатынасады. Мысалы, операциялық жүйе қандай да бір деректерді оқуға команда береді. Ал драйвер қатты дискіге моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі орнына орналастыруға және одан оқуға команда береді. Операциялық жүйенің драйвер арқылы атқаратын міндеті жанай қосылатын құрылғыларды ауыстырады және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

Программалар жүйесіне программалау тілдері және арнайы программалар да енеді, олар арқылы құрылған программалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

Жүйелік программаларды көбінесе программа құрушылар (программистер) пайдаланады.

     Программалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1  және тағы сол сияқтылар. Алгоритмдік тілдерде құрылған программалар арнайы жасалған жүйелік программалардың көмегімен жөнделеді, тексеріледі, машина тіліне көшіріледі де, орындауға болатын даяр программалар түріне енеді. Ондай жүйелік программаларды компиляторлар, интерпретаторлар немесе трансляторлар деп атайды.

Логикалық программалау енгізілетін мәліметтер мен логикалық шығару ережелері арасындағы жұмыстарды орындауға құрылған деклоративті түрге жатады. Ондай тілдерге Пролог программасы жатады.

Құрылымдық программалау принципі есепті бөліктерге бөліп, оларды жалпы құрылымға біріктіру болып табылады. Құрылымдық программалаудың типтік әдісі болып:

- проектілеу, кодтау және программаларды тестілеу;

- модульдік программалау;

- құрылымдық программалар табылады.
Объектілі-бағдарланған программалау мынаған негізделген:

-  объектілер класын белгілеуге;

-  объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістерін орнату;

-  объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістеріне негізделген иерархиялық класс құру.


2. Операциялық жүйе ұғымы.
     Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасақтауды басқару үшін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, б±л дегеніміз:

     Операциялық жүйе - компьютер қосылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

     Операциялық жүйе қолданушы мен компьютер арасында диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (оперативті жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.

       Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компьютердің электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасындағы келістіруші болып қызмет етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында да, оның операциялық жүйесімен  жұмыс істеу болып табылады.

     Дербес компьютерді, яғни олардың операциялық жүйесін  дүние жүзі бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компьютердің операциялық жүйесімен танысу да телефон шалу және теледидарды қосу, банкіні және поштаны, сөздіктерді және анықтамаларды қолдана білу сияқты, қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді.

     Қазіргі операциялық жүйе - бқл бірнеше жыл ішінде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделі программалық комплекстер. Операциялық жүйенің сипаттамасы қалың томдар болады, ал толық үйрену талай жылдарға созылуы мүмкін.   Қуанышқа орай, операциялық жүйені жақсы қолдану үшін көп білудің қажеті жоқ - жұмыс істеудің жалпы принципін және негізгі операцияларды орындаудың әдістерін білсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес; жалпы принциптерін білмейінше, жүйені тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез келген  қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

     Көптеген операцияларды орындаған кезде операциялық жүйе бізді қызықтырмайтын әрекеттерді: мысалы, белгілі секторда  оқитын бастиекті қалай орнатуды, нақты жолшықтан ақпаратты оқуды, дискідегі бос жерді тауып және сонда файлды жазуды және т.б. жасырын орындайды.  Біз үшін компьютермен танысудың ыңғайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейспен жұмыс істеу.
3. Операциялық жүйенің жіктелуі.

     Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді. Көп жағдайда операциялық жүйе:

- Бір есепті және көп  есепті;

- Бір қолданушылық және көп қолданушылық болып жіктеледі.

     Бұдан басқа, операциялық жүйеде командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін.

     Бір есепті операциялық жүйе әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді.

     Мұндай жүйелер әдетте негізгі режимде бір программаны және фондық режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндік редакторды, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.

     Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше программаларды іске қосуға мүмкіндік береді.

     Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнайтын болса, ал тағы бірі басқа компьютерлермен  бірге модем арқылы мәліметтерді тексереді.

     Бір  есепті жүйелер  қарапайым, шағын, ең аз қуатты компьютерлерде жұмыс істей алады, бірақ жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көп есептіден ұтылады, сондықтан оларға жылдам жол беріп, ығыстырылып келеді.

     Бір қолданушылық операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

     Әрине, дербес компьютерде кезекпен бірнеше адамға жұмыс істеуіне болады және де олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпараттармен байланыса алады.

     Көп қолданушылық жүйеде әрбір қолданушы барлық ақпараттармен және пароль енгізу арқылы тек өзіне қатысты жеке ақпараттармен байланыса алады.

     Кейбір көп қолданушылық жүйелер, мысалы UNIX, бір мезгілде бірнеше қолданушыларға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бқл жағдайда әрбір қолданушының жұмыс орнында терминал орнатылуы қажет. Терминал қызметтік не арнайы бағытталған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде жүктелген арнайы программа орындауы мүмкін. өз терминалындағы бірнеше қолданушылар бір-бірін байқамай және кедергі келтірмей, бір мезгілде бір компьютермен ғана жұмыс істей береді.

     Терминал компьютерден бірнеше метрде немесе бірнеше мың километрде орналасуы мүмкін. Егер мекеме компьютерінде көп қолданушылық операциялық жүйе және бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (жұмыс орындық немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде қолдана отырып, ол өзінің жұмыс орнында отырғандай жұмыс істей алады.   Терминал негізгі компьютермен және дүниежүзілік компьютерлік желі арқылы Internet-пен байланыса алады.

     Жиырма жылдай бұрын адамның операциялық жүйемен қарым-қатынасы командалық режимде болған: қолданушы жүйенің  шақыруына жауап ретінде  команданы теретін, жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режим көптеген командалардың пішімдерін білуді және ұзын командалық қатарды қатесіз енгізуді талап ететін.

     Соңғы жылдары графикалық көп терезелі интерфейс жиі қолданылады, мұнда қажетті әрекеттер және объектілердің сипаттамасы мәтін түрінде енгізілмейді, мәзірден, файлдар тізімінен немесе тышқан арқылы таңдалады. Бұл көп терезелі интерфейс бір мезгілде бірнеше программалармен жұмыс істегенде ерекше қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде жұмыс істейді.

     Бұдан бірнеше жыл бұрын Microsoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар MS-DOS операциялық жүйесі ең танымал болған. Бұл жүйе дербес компьютерде ең қарапайым ресурстармен жұмыс істеуге қабілетті болатын.

  Бүгін дербес компьютерлер қуаты соншалықты күшті болғандықтан, оған көп терезелі графикалық интерфейсі бар қуатты, көп есепті операциялық жүйені орнату мүмкін және тиімді.

Сонымен ОЖ – адам мен ЭЕМ аппаратыќ ќ±ралдарыныњ арасында байланысты ±йымдастыратын программа немесе µзара байланысќан ±йымдастыратын программа тобы. Оныњ ќ±рамына µз командалары жєне драиверлер – сыртќы ќ±рылѓыларды басќару программалары, утилиттер – ж±мыс жењілдететін программалар жєне тьаѓы басќалар кіреді. ОЖ –ыњ атќаратын мынандай ‰ш топќа ж‰ктеуге болады: 1. мєліметерді енгізу - шыѓарудыњ барлыќ т‰рлерін ±йымдастыру, 2. ЭЕМ – ныњ сыртќы ортамен ќатынасын ±йымдастыру: 3. мєліметерді саќтау мен µњдеу ж±мыстарын атќару. Компюьтерлердіњ єр т‰рлі модельдеріне ќарай ОС – тыњ архитектурасы ќ±рылымы мен м‰мкіндіктері єр ќалай бола береді. Ењ кµп тараѓан ОЖ т‰рлеріне MS – DOS (PS - DOS) CDOS, MSX, UNIX жєне де соњѓы кезде кењінен ќолданыла бастаѓан кµп терезелі операциялыќ ж‰йелер – Windows программалары жатады.




Лекция №7

Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Жоспар:

1. Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары мен атқаратын қызметі.

2. Windows жүйесінің негізгі функциялары.

3. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.

4. Windows жүйесінің стандартты программалары.
Әдебиеттер:

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и ответах”. Москва, 2001


1. Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары мен атқаратын қызметі.

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS – DOS операциялық жүйесі болатын. MS – DOS операциялық жүйесінің бір адамның ұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты шешетінін, оның үстіне MS – DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Әрине MS – DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб – тан артық едем жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін , кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі інтерфейс ролін MS – DOS операциялық жүйесінде командалық жол атқарады.

Қазіргі кездегі барлық дербес компьютерлер сұхбаттық режімде жұмыс істейді. Бұл режимде компьютер қолданушымен және техникалық құрылғылармен тікелей қарым – қатынаста болады. Компьютер сұхбаттық режімде болуы үшін, онда алдын - ала программалар жүйесі Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы қажет. Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы керек. Бұл жүйе қолданбалы программаларға бақылау жасап, түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет. Мұндай программалар жүйесі операциялық жүйе деп аталады. Операциялық жүйе жүйелік және қызметтік программалық жасақтамалар кешені болып табылады. Қандай да бір нақты операциялық жүйенің қолданбалары деп берілген жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге негізделген программаны айтад ы.

Барлық операциялық жүйенің ең негізгі қызметі:



  • қолданушы мен программалық жабдықтар арасындағы байланыс түрлерін қамтамасыз ету;

  • аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету;

  • аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

  • әр түрлі программалар арасындағы арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.


2. Windows жүйесінің негізгі функциялары.

Кез-келген операциялыќ ж‰йе сияќты WINDOWS мынадай мєселелердіњ орындалуын ќамтамасыз етуі тиіс:



    • компьютердіњ барлыќ аппараттыќ ќ±рал-жабдыќтарын басќару;

    • файлдыќ ж‰йемен ж±мыс істеуді ќамтамасыз ету;

    • ќолданбалы программаларды іске ќосу. Б±ѓан ќоса WINDOWS ж‰йесі;

    • бір уаќытта бірнеше программалардыњ ж±мыс істеуін;

    • єрт‰рлі программалар арасында мєліметтер алмасуды;

    • масштабталатын ќаріптерді ќолдауды;

    • мультимедиа м‰мкіндіктерін пайдалануды;

    • бірыњѓай аныќтамалыќ ж‰йе ж±мысын ќолдануды ќамтамасыз ете алады.

3. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет