ОҚУ Әдістемелік кешен



бет10/28
Дата09.03.2016
өлшемі1.55 Mb.
#47081
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Жұмыс столы


Жұмыс столы-екінші негізгі ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық үйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шатрбелгілер) түрінде орналасқан.



Белгішелер, жарлықтар, бумалар.

Белгіше (Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экрнда мынадай белгішелер кездеседі:

-қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;



  • белгілі бір топтар белгішесі;

  • функциялар белгішесі.

Жарлық (shortcut) --- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатнас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталог та орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуга болады және т.б.

Бума (folder) – экранда каталогтарды әне программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мүның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобі белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума – каталог, директорий ұғымының балмасы болып табылады. Каталог файлдарға арналған контейнер, программалық топ-жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьекті үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалыға, жою, көшіру және т.б.).
Windows жүйесінің стандартты программалары.

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді, мысалы:



  • мәтіндік құжаттарды дайындау;

  • графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

  • жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • математикалық есептеулерді орындау және т.б.

әдетте, бұл қосымша программалар “Стандартты” тобында орналасқан.

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad, Write редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Слайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу.

WordPad, Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерді теріп дискілерді сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісімен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығару мүмкіндік береді.

Блокнот


Блокнот-кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.

Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мунда мәтін фрагменттерімен жұмыс Істру ісі, коректі символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.


Күнтізбе


Күнтізбе- бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар жасауға, кездесулермен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағын программа. Нақты айтсақ, календар – күнделіктің компьютерлік варианты.

Калькулятор

Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятор болып табылады.

Калькулятора стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбірі мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болды:

ЗП – индикатордағы санды жадна жазады;

П+ - жадтағы санға индикатордағы санды қосады;

ИП – жадта сақталған Санда индикаторға

шығарады.



ПО - жадты тазалайды.

Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын.



Басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар.

Символдар кестесі (Таблица Символов) программасы мәтіндік құжаттарда пернелерде көрсетілмеген арнайы символдарды, математикалық белгілер мен таңбаларды енгізуге арналған. Программаны іске қосқаннан кейін, әрбір қаріптер жүйесіне қондырылған символдардың толық жиынын арап шығуға болады. Солардың ішінен қажетті символды таңдап және он алмасу буфері арқылы құжатқа көшіруге болады.

Дыбыс жазу (Звукозапись)- дыбыс тақшасының көмегімен неше түрлі дыбыс, сөздер тіркесін WAR форматындғы файлдарға азуға, ойнатуға және өңдеуге мүмкіндік беретін программа.

Медиаплеер – дыбыстар жазылған MIDI – файлдарды, әуендер, сөздер жазылған компакт – дискілерді және жылжымалы бейнелері бар дискілерді оқуға арналған мультимедиа мүмкіндіктерін іске асыра алатын программа.

Терминал – қашықта орналасқан компьютерлермен модемдік байланыс орнатуға арналған программа.

Модем – стандартты телефон елісі арқылы компьютерлердің мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электорондық құрылғы.



Лекция 9

Тақырып:WINDOWS ж‰йесіндегі терезелерді пайдалану

Жоспар

9.1 Терезеніњ аумаѓын µзгерту

9.2 Терезеніњ орнын ауыстыру

9.3 Трезелер мен шартбелгілер

9.4 Қосымша программаларды іске қосу
Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет