Есептерді графиктік әдіспен шығару Графические методы решения задач



бет1/2
Дата23.10.2022
өлшемі2.93 Mb.
#463293
  1   2
Графиктік есептер


Графиктік есептер
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Физика және техникалық пәндер кафедрасы
Дайындаған: Білім берудегі физика мамандығының 2-курс магистранты- Ермахан З.Б
Тексерген: п.ғ.к.қауымдастырылған профессор- Қуанбаева Б.О
Жоспары:
1.Графиктік есепті шығару әдістемесі
2.Графиктік есеп түрлері
3.Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері
Есептің жауабын графиксіз алуға болмайтын есептерді графиктік есептер деп атайды.
Графиктік есептердің зерттеу нысандары – физикалық шамалардың өзара тәуелділігінің графиктері. Кейбір есептерде график есеп шартында беріледі, екінші бір есептерде графикті оларды есепте берілген деректер бойынша салады.
Графиктік есептерді шығаруға қажет білім математика пәнінде беріледі, сондықтан физикада оларды еркін қолдануға болады.
Оларға: тығыздық тұрақты болғанда массаның көлемге тәуелділігі, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымының биіктікке тәуелділігі, жылдамдық тұрақты болғанда жүрілген жолдың уақытқа тәуелділігі графиктері жатады.
Графиктермен жұмысты қарапайым графиктерді оқып үйренуден бастайды да, тапсырманы физикалық шамалардың сандық байланыстарын табудан, формулалар түзуге дейін қиындатады. Алынған формулаларды қолданып шығарылатын есептер, одан әрі, сандық есептерге айналады.
Мысалы, берілген графикке қарап, қозғалысты сипаттаңыз: графиктің әртүрлі бөліктеріндегіs жолды, а үдеуді және t уақытты анықтаңыз.
Графиктік есеп түрлері:
1.Есеп шартында берілген деректер бойынша график салынады
2.Берілген график түрі бойынша физикалық шамалардың функционалды байланысы анықталады
3.Берілген графиктен ізделінді шама анықталады
4.Қарастырылатын құбылыс пен жағдай график арқылы сипатталады
5.График көмегімен физиклық үрдіс жан-жақты талданады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет