ОқУ-Әдістемелік кешен



бет6/18
Дата19.05.2022
өлшемі102.14 Kb.
#457496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Жазуға-үйрету-технологиясы

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12
Қосымша әдебиеттер: 1,5, 6


№4 дәрістің тақырыбы: Жазу сауаттылығы және каллиграфиясы


Жоспар

  1. Жазу сауаттылығы мен каллиграфиясының өзара байланысы.

  2. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру

  3. Жазу сабақтарындағы орфография элементтері

  4. Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау үшін жолдары

  5. Жазба жұмыстарын бағалау және есепке алу

    1. Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат-олардың қате жібермей,сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.Бұл мәселе жөнінде де орыс мектептерінің емлеге үйрету методикасы тарихына зер саламыз. Өйткені сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс мектебі үлгісімен оқу-ағарту ісін жаңаша құрған Ы.Алтынсариннен бастап орыс тілінің хат таныту,дұрыс жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін қалыптастыру жолында алғашқы қадам жасады.

Орыс мектептерінде дұрыс жазуға үйрету методикасы гүрамматикалық және антиграмматикалық деген екі бағытта болды.Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский дұрыс жазуға үйретуді грамматиканың негізінде,грамматикалық анықтама-ережелерді саналы түрде қолдану арқылы жүргізу методын ұсынады. Демек, орфографиялық дағдыны қалыптастыруда грамматикалық бағытқа жетекшілік мән беріледі.Грамматикалық әдіс оқушылардың сөзді дұрыс жазу жолын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.Оқушылардың сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы мен орфография ережелерін меңгерулері негіз қалайды.
Бастауыш сыныптың сабақтарында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.
Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғары сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі.
Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп зерттелгеннен кейін, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі.Сауат ашу кезеңінде сөйлем,сөз,буын,дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай,шатастырмай жазу. (Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады.) Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін 1- ші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.

    1. Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қуануы,

шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі — осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т. б. с. с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т. б.).
Балаға қойылатын талаппен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі, немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылыктарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.
Адамның нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндеті — баланың саналы қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық «өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі білімінің артуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану. Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.

  1. Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады. Мұнда мұғалім сұрақтарды күні бұрын дайындап қояды. Сұрақтар балалардың жауап берулері үшін оңай, сөйлемді дұрыс кұруға жәрдемдесетіндей болу керек.

  2. Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.

  3. Текстегі көп нүктенің орнында болған сездерді естерінде сақтап оқиды.

  4. Тексті дәптерлеріне көшіреді; көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.

  5. Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.

  6. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен салыстырып тексереді.

3. Оқушыларды дұрыс жазуға дағдыландыру ісінде грамматикалық бағыттың күшке енуіне методист А.М. Пешковский ( 1878-1933) елеулі еңбек сіңірді. Сөйтіп қазір біздің оқыту жүйемізде орфографиялық дағды берудің негізіне грамматикалық білім алынды.Ал,орфографиялық дағды беру процесінде көру,есту, сөйлеу аппараты,қол қимылы және сөйлеу факторлары өз тұстарынан қызмет көрсетеді. Сонымен қатар үйренілетін орфограмманың сипатына қарай факторлардың атқаратын рөлі бірде артып,бірде кеміп отырады.
Сауатты жазу дағдысы емле ережелерін жақсы білуге байланысты қалыптасады.Оқушылар емле ережелерін өз бетімен емес,мұғалімнің үйрету нәтижесінде ұғынады.
Орфография зерттейтін объектілер мыналар:

  1. Әріптердің жазылу емлесі.

  2. Түбір мен қосымшалардың қолданылу жолдары.

  3. Сөздің бөлек-бөлек не бірігіп,я дефис арқылы жазылу емлесі, қысқарған сөздердің жазылуы.

  4. Бас әріптердің қолданылуы мен жазылуы.

  5. Сөздің тасымалдану жолдары.

  6. Шылау сөздердің жазылу емлесі.

Мектеп бағдарламасы бойынша бұл орфограммалар бастауыш сыныптарда түгелдей өтіледі. Бірінші сынып оқушылары қазақ тілі пәні құрамында әріптердің және бас әріптердің жазылуын,сөздердің тасымалдану тәртібін,түбір сөздің жазылуы мен сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын оқып,практикалық жұмыс орындау арқылы дұрыс жазу дағдысын қалыптастыра бастайды.

  1. Мұғалім грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, олардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы

анағұрлым білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп, жазып жүреді. Сөйтіп, мүғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.
Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар өздерінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жа- сауға да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыны- ппен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.
Біраз уақыт өткеннен кейін (тоқсан аяғында, жарты жылдың аяғында, оқу жылы аяғында) мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды. Кейбір оқушыларға тән қателерді теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалады. Мұғалім балалардың қате жіберу мотивін анықтайды: 1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жібергенбе?; 2) Ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған; 3) Ережелерді араластырып шатастырады; 4) Жазып отырғанының мағынасына (не жазып отырғанының өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді; 5) Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды.

  1. Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырылсын. Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады: 1) бір сабақтың негізінде бағалау; 2) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; 3) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалағанда мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін қай оқушының қандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағанын есепке алып отырады, Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды және неге олай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді). Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық оқушылар қатыстырыла тұрса да, мұғалім білімін дағдысын, шеберлігін есепке алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, сыныпта оқушыларға деформаланған текст ұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып, соңына нүкте қою керектігі тапсырылды дейік. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды, 3—4 оқушыдан сұрағанына жауап алады:

    1. аяқталған ойды білдіреді;

    2. сөйлем өзара байланысты сөздерден құралады;

    3. сөйлемнен соң нүкте қойылады;

    4. әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады.

Сол оқушылар өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлем жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл үшін жекелеген оқушылар орындарынан тұрғызылып, нүкте қойған, бас әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған 3—4 оқушыны тақтаға шығарып, олардың дәптерлерін тексереді; қажет болса, тақтаға сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім бір сабақ бойы осылайша материал жинайды. Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды. Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді. Балалардың
әрбір жауабы, әрбір еңбегі ескерілетініне көзі жетсе, әр сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.
Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілген тапсырманы орындауларына, жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе, жаңа сабақты түсіндіру я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс, толық анық жауап беруіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге, тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлай білуін күшейтуге бұл әдістің де пайдасы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет