«Жазуға үйрету технологиясы» курсын оқып-үйрену барысында студенттер мынадай білім, білік, дағды көлемін меңгереді:
бастауыш мектепте жазуға үйрету технологиясын;
жазуға үйретуді ұйымдастыру;
бастауыш мектепте жазуға үйрету технологиясы бойынша маңызды ұғымдарды игерту.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Жазуға үйрету технологиясы» пәні болашақ бастауыш білім берудің педагогтарына жазуға үйрету технологиясынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруды көздейді және оқу жоспарына сәйкес 4 курста 7 семестрде таңдау компонентіне кіретін элективті курс болып табылады. Пәнді оқып үйренуге 2 кредит бөлінген.
«Жазуға үйрету технологиясы» курсы 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бакалаврларына әдiстемелiк даярлық беруде таңдау компоненті бойынша оқытылатын элективті курс болып табылады
Курстың мақсаты – бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бакалаврларына жазуға үйрету технологиясы бойынша әдістемелік білім беру.
Курстың міндеттері:
жазуға үйрету технологиясы пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру;
жазудың жалпы тәсілдерін оқушыларға үйрету әдістемесімен таныстыру;
бастауыш сынып оқушыларының каллигарфиялық біліктерін қалыптастыру технологиясын меңгерту;
көркем жазуға үйрету технологиясын меңгерту.
Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студенттер меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылар көлемі:
- жазуға үйрету технологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері туралы білуі;
жазудың жалпы тәсілдерін оқушыларға үйрету әдістемесі туралы білім;
бастауыш сынып оқушыларының каллигарфиялық біліктерін қалыптастыру технологиясын меңгеруі;
көркем жазуға үйрету технологиясын меңгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |