ОқУ-Әдістемелік кешен



бет5/18
Дата19.05.2022
өлшемі102.14 Kb.
#457496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Жазуға-үйрету-технологиясы

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,6


№3 дәрістің тақырыбы: Жазуға үйретудің әдістері Жоспары:


  1. Жазуға үйретудің негізгі ерекшеліктері

  2. Жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері

  3. Жазуға қойлатын гигиеналық талаптар




    1. Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да солғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ере-жесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде уғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелер мен қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (боз құнан, бозғұнан емес) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақтальіп жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс — әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог т. б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан. т. с. с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т. б. Кейде көнерген біріккен
сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т. б.
Қысқасы, жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.

    1. Белгілі бір жүйелі білім танымдық қызметте ақпараттық байланыстардың синтезі арқылы қалыптасады.Бүкіл ақпараттық байланыстар балаға жан-жақтан “ бұрылады” да, ойлау әрекетімен оның нәтижесінің,өнімінің арасында операциялық жүйе пайда болатын ми қызметін жаңа бір тәсілін тудырады.Сондықтан авторлық оқулықтарды жазуда оқу әрекетінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін нейропсихологиялық жүйе пайда болатын ми қызметін реттеуші психофизиологиялық механизм-жалпылама ақпараттық интеграцияны негізге аламыз.Зерттеулердегі бала тілін,әсіресе жазба тілін дамыту және сол тіл арқылы ақыл-ойдың шығармашылығын дамыту мақсатындағы жасалған интеграциялар-тіл-жазу-нәтижесінде шығармашылықты дамытумен қатар,мектепке жаңа келген баланың алғашқы жылындағы қызметінің жаңа тәсілін тудырады.

Ол жаңа тәсіл – балаға жазу дағдысына үйрету. Бұл әрекеттің жаңа тәсілінің мәні, жаңалығы мынада: бала психологиясының мектепке дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз, бірізді жалғастырып алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазу дағдысын дамытып,шығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз салу және әрі қарай дамыту. “ Тілі дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды”. Әсіресе графикалық жазу дағдысы маңызды және күрделі мәселе.
Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі ( элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келеді. Ғалымдардың “ жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек”, “жазу дағдысын үйрену қажет” деп отырғандары – баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл. Олай болса,баланың мектепке дейінгі ішкі ойын сыртқа шығаруының табиғи тәсілін мектепке келген бірінші жылы “Әліппеден” оқыған, жазғанымен, яғни оқу, жазумен оны интеграциялауымыз, тәжірибе көрсеткендей, графикалық жазу дағдысы ұғымын дамытудың көзі болады деп ойлаймыз.
Кішкене бала тілі шықпай, қолына қарындаш ұстайтын шаққа келгенде – ақ, түрлі сызықтар сыза бастайды. Л.С.Выготскийдің зерттеуі бойынша ол бізге, үлкендерге, шимай сызық болғанмен, бала үшін ішкі ойдың көрінісі, яғни бала ойын қолының қозғалысы арқылы көрсетеді.Тілі шыға бастаған кезде бұл шимайлар мағыналы сызықтарға айнала бастайды.Бала ол сызықтарына ішкі ойлау арқылы мағына беріп, бара-бара ойын сыртқа тіл арқылы шығарып сурет сала бастайды.Сурет сала отырып, сөйлеп отырады. Міне, біз осы ішкі психикалық процесс арқылы балада табиғи тәсіл қалыптасады деп қарастырамыз.Сонда табиғи тәсіл деп отырғанымыз әуелі шимай, кейінгі суреттер салу – баланың ішкі ойының сыртқа шығу тәсілі.Бұл тәсілді бала мектепке дейін дамытып келеді. Мектепке келгеннен кейін бұл тәсіл ескерілмей, жазуға үйретудің дәстүрлі әдістемелік жолы қолданылады.Балаға таныс емес жаңа тәсіл оның даму динамикасын күрт басқа арнаға салып жібереді.Бір ағаштың бұтағын кесіп, екінші ағашқа телігендегі жасандылықтың табиғи өсу қалпына түсіп кетуіне кететін уақыт пен күтім қажеттігіндей, жасанды шаралар, әдіс, тәсілдер баланың жазу дағдысын дамытуды кешеуілдетеді.Баланың өзі білетін символикасын, яғни толық ойды білдіретін фразаларды суретпен бере алу қабілетін, басқа символикалық ( әріптік) жазуға бір қалыпты көшірмей,бірден көшіру бала дамуын тежеп тастайды.Әбден әріптерді үйреніп, сөздерді сөйлемдерді жазып кеткенше, табиғи тәсілін тоқтатып қойып, әңгіме жазар шақ келгенде, “ ал енді әңгіме жаз” деген тапсырманың балаға қорқынышты болатыны осыдан деп ойлаймыз.Бұдан шығудың жолы

  • балаға графикалық жазу дағдысын үйрету.

Баланың алғашқы символикалық жазуы – пиктографиялық жазудан (заттың суретін салу арқылы жазу) одан кейінгі екінші символикалық жазуы – идеограммалық жазуға (сөздің, ойдың суретін салу арқылы жазу) көшіру процесі жазу механизміне үйретеді. Осылай жазу дағдысына үйрену ғана жазба тілге көшуге ықпал жасайды. Баланы жазуға үйретуге психологиялық жағынан дайындайтын осы кезең болуға тиіс. Мұны зерттеп көру өте қиын жұмыс. Бірақ бір анық нәрсе: баланы нағыз жазуға үйрету жазу дағдысын қалыптастырумен келмейді,заттардың суретін салудан сөз суретін салуға көшу кезеңі арқылы үйренеді.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру
үшін жағдайлар жасау және жеке адамының шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту» - деп атап көрсеткен.Осыған сәйкес қоғам алдында білім жүйесін саналық жағынан жаңарту,жалпыбілім беретін XXI –ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау, оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында мектепалды даярлығына әзірленген сауат ашу бірінші сыныптағы әліппені оқуға даярлықты жүзеге асыруға үйлестіріліп жасалады.
Себебі, онда рухани – адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады. Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту,дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту,буын,сөз, сөйлемді оқытуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға,жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады. Осы мақсатты шешу үшін , сауат ашудатөмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек:

  1. оқушылардың жазу ерекшеліктерін ескеру;

  2. сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгеру, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

  3. буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;

  4. дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас оқуға дағдыландыру;

  5. дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға,жазуға, сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;

  6. жазудың талаптарын орнату;

Алты жастығыларды оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі тиіс:

  1. Дыбыстық талдау сөзден жеке дыбыстарды бөліп алып және оларды атап берумен шектелмейді. Ол сөздегі дыбыстардың

бірізділігін, дыбыстық құрылымын сақтап, сол қалпында қабылдап және қайтадан еске түсіру шеберлігі айқындалады. Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының , әр дыбыстың маңызын түсінуі керек. (жуан, жіңішке, дауыссыз дыбыстардың дыбысталуы нұсқалары).

  1. Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу.Ашық буындағы дауыссыз дыбыстардың дыбысталуы одан кейін тұрған дауысты дыбысқа байланысты тәуелді екенін түсінуі балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруне негіз болады.

  2. Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді. Оқу мен жазудың негізі – ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және орфографиялық дағды қалыптасуы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден тұрады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу дыбыстардың реттілігін сақтау,дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу бейнелеу.Басқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады.Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.

  3. Жазуға үйрету, партаға отыру, қаламды, дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады. Жазу кезеңінде жарық баланың сол жағынан түсу.

  4. Жазу үлгісі № 1 дәптерде әліппеге дейінгі кезеңде арналған баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп дайындау үшін тапсырмалар берілген, сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.

  5. Жазу үлгісі дәптерімен толық танысқаннан кейін оны партаның үстелдің үстіне 30 градус бұрыс жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлу.

Жазу үлгісіндегі әрбір әріптің жеке элементтерін жазғызып, одан соң ол әріптің баспа түрін тұтастай жазуға үйретіледі.
Әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.
Жазу үстінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі ескертіліп, тақтаның жанында ілулі тұрғаны жөн.Сонда ғана баланың жазуы жақсы,әдемі болады.
Жазуға үйрету сауат ашу кезеңі аяқталғаннан кейін де жалғаса береді.
Жазу сабағын жаттықтыру:
Балалар жазуды қаламмен жазады. Дайындық кезеңінде балалар жай және түрлі-түсті қарындаштарды және қаламдарды пайдаланады. Сыныпта, топта әліпби ілініп тұрады.
Әріптерді жазуға үйрету тәртібі мынадай:

    1. Жаңа әрәпті таныстыру, көрсету, плакатта, дидиактикалық , материалда дәптердің бетінде;

    2. Мұғалім жаңа әріпті ауада және тақтаға жазып көрсетеді;

    3. Дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу;

    4. Жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу;

    5. Сөздерді жазу

Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп,бір әріпті жазып көрсетеді.
Сауат ашу кезеңіндегі жазу сабағын құрылысы мынадай:

    • сөзге дыбыстық талдау жасау;

    • кеспе әріптерден сөз құрау;

    • жаңа әріпті көрсету;

    • жаңа әріпті тұтас жазу;

    • Жаңа әріппен сөз, сөлем жазу;

    • Балалардың жұмысын талдау.

Оқу мен жазуға үйрету бірге жүргізіліп отырады. Баланың дұрыс оқуға машықтану мен сауатты да әдемі жазуға үйретуі осы кезеңде жүзеге асырылады.Сондықтан мұғалім балаларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке уйрете отырып,өз жұмыстарына өздері баға беріп , қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс.
Балалардың тілін дамыту- ана тіліне оқыту дың негізгі міндеті Алты жастағылар негізінен өз ана тілінде сөйлей алады. Олар тұрмыстық ауызекі, диалогты тілді меңгерген.
3. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға кекіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет