Әдістемелік нұсқау: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер. С.Сейфулин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби ағымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле басталуы.
1989 жылдардан басталған Алаш арыстары шығармашылықтарының әдеби айналымға ене бастауы. Ел тәуелсіздігі және әдебиеттегі көркемдік-эстетикалык, ұлттық-гуманистік өркендеу үдірісі.
3. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жылдардағы проза жанрының
тақырыптық тенденциялары
Сабақтың мақсаты: Тақырыптық тенденция дегеніміз не екендігін толық меңгердіме тексеріп, бағалау.
Сабақ жоспары: 1. Әдебиеттің көп жанырлығы.
2. Қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуы.
3. 1970-1980 жылдардағы қазақ прозасының әкелген жаңалықтары.
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі әдебиетіміздегі проза жанрының тақырыптық тенденцияларына байланысты жазылған ғылыми еңбектерді қараңыз. Қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуына байланысты жазылған ғылыми мақалаларға назар аударыңыз. Пайдаланатын әдебиеттер тізіміндегі осы тақырыпқа байланысты кітаптарды тауып оқыңыздар.
Әдебиеттер: 1,2,3,4, 5,7, 8, 9, 10, 16, 17, 20,21, 22, 23, 25, 22,23 ,25, 41,45,58, 62.
4. Тәжірибелік сабақ: Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын
жазушылардың шығармашылықтары
Сабақтың мақсаты: Ұлы отан соғысын бастарынан кешкен ақын-жазушылардың шығармаларын толық меңгердіме тексеріп, бағалау.
Сабақ жоспары: 1. Ұлы Отан соғысын бастарынан кешкен ақын-жазушылар және олардың
шығармалары .
2.Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер»романының сюжеттік желісі.
3.Соғыс туралы деректі прозалар Ә.Шәріпов пен Қ.Қайсеновтің
партизан жазбалары.
Достарыңызбен бөлісу: |