Анализатор – желі орындарын бақылау.
Желілік тестерлер – орналасқан сымдар жүйесінде кабельдерді бақылау
Жергілікті есептеу желісінің негізгі мінездемелері:
Желінің территориясының ұзындығы;
Мәліметтерді жіберу жылдамдығы;
Абоненттердің жүйе санының көптігі;
Сигналдарды жіберу типі;
Желіге абонентерді кіру әдістері;
Программалық қамтамассыздандыру құрылғысы
Сөздер жіберу мүмкіндігі;
Жергілікті есептеу желісінің мүмкіндіктері;
Жергілікті есептеу желісінің облысына қарай төмендегі анықтамалардан тұрады.
Мәтінді өңдеу - жергілікті есептеу желісі қолданатын өте кең тараған ақпаратты өңдеу функциясы.
Электрондық пошта құру - жергілікті есептеу желісінің бір түрі, мекемелердің барлық қызметіне және басқаруына өндірістік шаруашылық, коммерциялық жұмыстарына қажетті барлық мүмкін мәліметтерді жедел алуды қамтиды.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олап: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің генізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққын. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгетпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмасада болады.Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп аоады да , керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны бірге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдалануы мүмкін.
Баспа сервері (принт – сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пйдаланылады.
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web – серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір – бірімен қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |