ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ


Компьютертерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау (Просмотр ресурсов в компьютерной сети)



бет49/65
Дата04.10.2022
өлшемі6.3 Mb.
#461898
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Желілік технологиялар УМКД

Компьютертерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау (Просмотр ресурсов в компьютерной сети): Егер компьютер желіге болса, жұмыс үстелінде Желілік коршау (Сетевое окруение) шарт белгісі көрініп тұрады. Желілік қоршау (Сетевое окружение) шарт белгісі компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау мүмкіндігі береді:
1. желілік қоршау (сетевое окружение) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Осы мезетте желіге қосылған компьютерлер мен серверлер шарт белгісі көрініп тұратын желілік қоршау терезесі ашылады.
2. тұтас желі шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Осы сіздің компьютеріңіз желіге қосылмаған болса, онда қате жөнінде хабарлама шығады.
3. өзіңіз байланыс жасағыңыз келетін компьютердің, мысалы, Oleg шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Келесі ашылған терезеде өзіңіз жұмыс жасай алатын осы компьютерде сақталу тұрған ақпараттар тізімін көре аласыз.
4. оқығыңыз келетін буманың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Келесі ашылған терезеде буманың мазмұның көрінеді.
5. осы әрекеттерді қайталай отырып, желіге қосулы тұрған әрбір компьютердегі ақпараттарды оқи аламыз. Ашылған терезедегі құжаттың немесе буманың шарт белгісін өзіңіздің жұмыс үстеліне тышқан батырмасын ұстаулы күйінде жылжытып көріңіз. Осы кезде бұл ақпарат дайындап алынған компьютердің сіздің компьютеріңізге көшіріледі. Егер бұл ресурспен жұмыс жасауға рұқсат жоқ болса, экранға ол жөнінде хабарлама шығады.
Желідегі компьютерде сақталған ақпараттармен жұмыс істеу үшін, сол компьютердің шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту қажет. Осыдан кейін, менің компьютерім (мой компьютер) немесе Сілтеуіш (проводник) терезесінде сол компьютердегі дискілердің тізімі шығады, қажетіне қарай кез келген ақпаратты компьютеріңізге көшіруге немесе оқуға болады. Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау бірдей дәрежелі түйінді Windows 98 желісіне қосылған компьютерлерде дискілерді, жеке бумаларды (каталогтарды) принтерлерді ортақ пайдалану жағдайын жасауға болады. Компьютерге Windows 98 Microsoft желісіне арналған клиент компоненті орнатылған болсын. Сіздің компьютердегі қатты дискімен немесе лазерлі принтермен басқа компьютерде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік алу үшін:

  1. Бас менюдегі Баптау – Басқару тақталары (Настройка – Панель управления) командасын орындаймыз.

  2. Желі шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Желі сұқбат терезесі ашылады, конфегурация астарлы бетіне көшіңіз.

  3. Ашылған терезеде файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі батырмасында тышқанды шертіңіз. Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұйымдастыру сұқбат терезесі пайда болады.

Егер сіздің компьютердегі файлдармен желіге қосылған басқа компьютерлерде отырған адам жасай алатындай жағдай жасағыңыз келсе, «Бұл компьютердегі файлдарды ортақ жасауға болады» қатарындағы қанат белгісін көрсетіп қойыңыз. Ал принтерді ортақ пайдалану үшін, «Бұл компьютерге қосылған принтерді ортақ жасауға болады» қанат белгісін көрсетіңіз.
Сіздің компьютердегі файлдар және принтермен басқа компьютерлерде жұмыс істеу рұқсат берілгеннен кейін, оның қандай болатынын анықтау керек. Яғни, осы рұқсатты басқарудың екі түрлі мүмкіндігі бар.
Бірінші тәсіл – ресурстар деңгейінде парольді білетін барлық адамдарға жұмыс жасау мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда бумалар және файлдарды оқуға рұқсат ете отырып, оны өзгерту үшін, пароль сұратындай параметр тағайындауға болады.
Екінші тәсіл – рұқсатты пайдаланушы адамдар деңгейінде басқару. Бірдей деңгейлі түйінде желіде бұл тәсілді қолдана аламыз. Сервер белгіленген желілерде ғана қолданылады. Бұл кезде сіздің компьютеріңіздегі ортақ ресурстарға рұқсат етілген компьютерлер анықталады да, олар әртүрлі рұқсат ету құқықтары беріледі. Анықталған ресуспен жұмыс жасауға мүмкіндік берілетін топтың немесе жеке компьютерлер тізімі алдын – ала анықталып бекітіледі және серверді техникалық жағынан қамтамасыз етуге міндетті желі администраторы ғана өзгере алады.
Әрбір жұмыс станциясы өзінің дискілік операциялық жүйесімен басқарылатын (DOS, Windows немесе Linux тәрізді) кәдімгі дербес компьютерді көрсетеді. Алайда автономды дербес компьютерден жұмыс станциясының айырмашылығы жергілікті интерфейс платасын және физикалық тұрғыдан файл- сервер кабельдеріне жалғасады.Сонымен қатар, жұмыс станциясы желі қабықшасы деп аталтын арнайы програманы іске қосады. Ол арқылы файл- сервер ақпаратымен, басқа да жұмыс санцияларымен және тағы басқа желі құрылғыларымен ақпарат алмаса алады. Қабықша жұмыс сатанциясына файл- серверде сақталатын файлдар және программаларды өзінің дискісіндегідей пайдалануына мүмкіндік береді.
Жергілікті желілер бірнеше жұмыс станцияларын қолдайтын бір ғана файл- серверден,немесе жүздеген жұмысстанцияларына жалғанған көптеген файл- серверлерден және коммуникациялық серверлерінен тұруы мүмкін. Басқа желілер модемдері, әртүрлі енгізу/ шығару құрылғыларын (график салушылар) және үлкен көлемді графика құрылғысы (W.O.R.M.типіндегі) арқылы үлкен және кіші ЭЕМ байланысын қамтамас етеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет