ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ


ТСР хаттамасының міндеттері



бет45/65
Дата04.10.2022
өлшемі6.3 Mb.
#461898
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Желілік технологиялар УМКД

ТСР хаттамасының міндеттері
Желі бойынша мәліметтердің берілу сапасы маңызды болғанда ТСР хаттамасы қолданылады. Сонымен қатар, бұл хаттаманың мәліметтерді жіберу барысындағы негізгі міндеттері:

  • Сенімділік;

  • Қосылу бағыттылығы;

  • Хаттаманың ағымдық сипаттамасы жатады.

Желілік программалық қамтама

  1. Біррангтық компьютерлік желілердің операциялық жүйелері.

  2. Бөлініп алынған сервердің желілілік операциялык жүйелері.

  3. Желіні басқару және талдау құралдар кешені.

Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

  • желілік операциялық жүйеден,

  • желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе. (NOS, Network Operating System) – желіге қосылған әрбір дербес компьютеоде пайдаланатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауы (маршруттауды),
Желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 956 Windows NT6 UNIX6 Macintosh немесе OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады ды, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс сианцияларының қатысу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындып отырады. Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып, каталогтармен жұмыс істудә басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES тәрізділер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет