ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ


Whois – Интернет жүйесіндегі кітап адресі. Webste



бет7/65
Дата04.10.2022
өлшемі6.3 Mb.
#461898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Желілік технологиялар УМКД

WhoisИнтернет жүйесіндегі кітап адресі.
Webster – Ағылшын тілінің жүйелік версиясының сөздігі.


«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР» ПӘНІНЕН ҚЫСҚАША
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ


Дәріс №1
Тақырып: Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері.
Сабақтың мақсаты: Пәнге жалпы мағлұмат беру және басқа пәндермен байланысымен, даму тарихымен танысу. Компьютерлік желілердің жіктелуін талдай отырып қарастыру.
Жоспары:
1 . Пәнге кіріспе
2. Зерттеу объектісі және пән құрылымы, мамандықтың басқа пәндермен байланысы.
3. Компьютерлік желілердің дамуының қысқаша тарихи деректері
4. Компьютерлік желілердің жіктелуі. Жергілікті және ауқымды желілер
Сабақтың барысы:
Компьютерлік желілер өте тез таралып жатыр. Егер 20 жыл бұрын КЖларға шағын адамдар қатынас жасап жұмыс атқарса, қазір желілісіз адамдар өз ара байланыс жасай алмайды.
60-жылдардың ортасында үшінші кезеңдегі машиналар шығарыла басталды. Олардың жұмыс істеу жылдамдығы 1 млн. оп/сек. жетті. Машина уақыты қымбат болды. Құатты ЭЕМның қорларын бір мезгілде бірнеше қолданушылар арасында пайдалану идеясы көптерминалдық есептеуіш жүйелерді құрастыруға келтірді. Бұл жүйеде есептеуіш машинаға бірнеше терминалдар қосылады.
I BM-360 компьютері.
Үшінші кезең
Терминал – бұл монитор мен пернелер тақтасы, яғни, терминал қосылған компьютерге ақпаратты енгізу/шығаруға керекті және жеткілікті құралдар жиыны. Үшінші кезеңдердегі компьютерлерде арнайы терминалдарды қосу құрылғысы пайда болды. Ол компьютерге жақын (он шақты метр қашықтықта) оналастырылды.
Қазірде, бірақ-та, сирек Терминалдар компьютерлік кластарды жабдықтауға пайдаланылады.


Есептеуіш жүйелердің басты функциясы – бір құатты ЭЕМнің қорларын бірігіп пайдалану болып табылады, ал Есептеуш желілерді жасаушылардың басты идеясы – бірнеше ЭЕМдердің есептеу құаттарын бір электронды «мыйға» біріктіру болып табылады.
Дүние жүзіндегі бірінші компьютерлік желі – ARPANET АҚШта келешекке арналған зерттеу жобалар Агентствосының (ARPA) ақпаратты өңдеу бюросында жасалынды және тек қана жобаның басталуынан 12 жылдан кейін
1969 жылы іске асырылды. Деректерді беру желісін құрастыру үшін мемлекеттегі әр жерде орналасқан ARPA компьютерлерді телефон сымдары арқылы байланыстырып пайдалануға шешім қабылданды.
Роберт Тейлор келешекке арналған зерттеу жабалар Агентствосының (ARPA) ақпаратты өңдеу бюросын басқарды. Оған бірдей терминалдарды және біртұтас программалық қамтамасыздандыруды пайдалана отырып компьютерлерді бір бірімен байланыстыру идеясы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет