-
ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет.
Семинар – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой-әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді сеңгеруі керек.
СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
-
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:
-
Сабаққа кешікпеу керек.
-
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау және ұялы телефонды өшіріп қоюы керек.
-
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
-
Сабақтан қалмау, науқастанған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
-
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
-
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП БОЙЫНША
БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№ | Лекция тақырыбы | Лекция | ОБСӨЖ | СӨЖ | -
|
Қазақ тілі фонетикасының зерттеу объектісі.
| 1 | 1 | 1 | -
|
Фонетиканың салалары.
| 1 | 1 | 1 | 3. |
Дыбыс, әріп, дауыс ырғағы
| 1 | 1 | 1 | 4. |
Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдіс, дыбыс өзгерістері.
| 1 | 1 | 1 | 5. |
Дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктері
| 1 |
1
| 1 | 6. |
Дауысты дыбыстар, графика.
| 1 | 1 |
1
| 7. |
Ерін дауыстылары (сингармонизм), орфографія
| 1 | 1 | 1 | 8 |
Езу дауыстылары (дауыссыз дыбыстар).
| 1 | 1 | 1 | 9. |
Дыбыстардың акустикалық қасиеті, буын, екпін.
| 1 | 1 | 1 | 10 |
Дыбыстау мүшелерінің қызметі, орфоэпия
| 1 |
1
| 1 | 11 |
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар, пунктуация
| 1 |
1
| 1 | 12 |
Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздар
| 1 |
1
| 1 | 13 |
Шұғыл фонемалардың құрамы
| 1 |
1
| 1 | 14 |
Тіліміздегі африкат дыбыстар
| 1 |
1
| 1 | 15 |
Қазақ тіліндегі фрикатив дыбыстар
| 1 |
1
| 1 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
“Филология-тарих” факультеті
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы
“Қазіргі қазақ тілі (фонетика)” пәні бойынша
050117 мамандығының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
Жетісай-2005 ж
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Лекция №1.
Тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасының зерттеу объектісі және міндеті.
Жоспары:
-
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.
-
Дыбыс туралы мәлімет.
-
Дыбыстың өзіндік ерекшелігі.
Кез келген тілдің дыбыс жүйесі тілдегі дыбыстардың құрылысын және оның жүйелі заңдарын тексереді. Фонетика сөзінің түбірі – алдыңғы үш дыбыс – фон сөзін басқа жерлерде де кездестіреміз, мысалы: граммафон, телефон, фонограф сөздерінде. Бұлардың қайсысында болсын, фон –дыбыс деген мағынада жұмсалып тұрғанын байқаймыз. Фонетика – грек тілінде – дыбыстық – дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Ғұлама ғалым қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп алған. Әзірше фонетика мен дыбыс жүйесі деген сөздер синоним ретінде жұмсалып жүр. Фонетика қазақ тілінің дыбыстық жүйесін әрі ғылыми,әрі практикалық тұрғыдан қарастырады.
Фонетика сөзінің соңғы екі буыны болған тика жалғауын грамматика, косметика сөздерінде де ұшыратамыз. Мұның бәрінде де тика жалғауы “жүйе”, “ғылым” мағынасында екенін аңғаруға болады. Тілдік қатынас екі түрлі болды: сөйлеу және жазу. Сөйлеу іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту болса, жазу – сөйлеудің қағазға түскен бейнесі.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мағынасыз көрінетін дыбыстар бір-бірімен ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркестері, сөйлемдер құралатыны мәлім. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да дыбыстар екенін, сөйлеу де, жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір сүре алатынын аңғару қиын емес.
Тілдің дыбысты жағы – оның өмір сүру амалы. Кез келген тілде қолданылатын санаулы ғана дыбыс тілдің сөздік құрамында белгілі бір жүйемен қиюласып, тіркесіп, қайталану арқылы дыбыс жүйесін, тілідң бет пішінін, болмасын айқындап, басқа тілдерден ерекшелендіреді. Фонетика табиғаттағы барлық дыбыстарды зерттемейді, тек сөйлеуге пайдасы бар, адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалған дыбыстарды ғана зерттейді. Фонетика дыбыс болған жердің бәрін тексереді деуге болмайды. Күннің күркірегені, арбаның салдыры, мылтықтың тарсылы, қасқырдың ұлығаны – бәрі де дыбыс, бірақ оларды фонетика қарастымайды.
Музыка да дыбыс, оның бір тарауы ән – адамның дыбыс мүшелері арқылы жарыққа шығады. Солай десек те бұл тіл дыбысы емес. Сол сияқты жылау, күлу де қоғамдық күштердің қысаптарынан шығады, сонда да оларды тіл дыбыстары дей алмаймыз.
Фонетика тіл дыбысы болған жердің бәрін қарай бермейді, тек дыбыс тілінің дыбыстарын ғана қарастырады. Шығыста әйелдер тұрмысы ерекше жағдайда болғандықтан, әйелдерге арнаулы түрде әдет-ғұрып өзгешеліктері мұнда молынан кездеседі. Сол әдет-ғұрып ерекшеліктерінің бірі – осы күнге дейін Кавказда, Армян, Грузин, Түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. Жаңа түскен келеншек кей жерде бір айға, кей жерде бір жылға шейін ата-енесімен дауыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Дыбыс арқылы құралған сөздер адамның бір-біірмен түсінісуі, пікірлесуі үшін қызмет атқарады.
Пайдалануға тиісті әдебиеттер:
-
А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы, А., 1992, 16-бет.
-
С.Кеңесбаев. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1987, 265-268 беттер.
-
Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966, 120-122 беттер.
-
С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, А., 1999, 5-7 беттер.
-
Ж.Аралбаев. Вокализм казахского языка, А., 1970, 6-9 беттер.
-
М.Д.Джунисбеков. Гласные казахского языка, А., 1979, 5-8 беттер.
-
М.Д.Джусупов. Звуковые системы русского и казахского языков, Т., 1991, 6-9 беттер.
Лекция №2.
Тақырыбы: Фонетиканың салалары.
Жоспары:
-
Фонетиканың салалары туралы түсінік.
-
Физиологиялық фонетика.
-
Эксперименталдық фонетика.
-
Тарихи фонетика.
Сабақтың мақсаты: студентерге фонетиканың негізгі түрлері туралы түсінік беру.
Студенттердің міндетті түрде меңгеруге тиіс білім-біліктер төмендегідей:
-
Фонетиканың тіл дыбыстарын зерттейтін сала екенін білу;
-
Фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата білу және оны орынды қолдану;
-
Дыбыс пен әріптің бірлігі мен айырмашылығын білу;
-
Дыбыстардың түрлерін ажырата білу;
-
Дыбыстардың түрлерін ажырата білу;
-
Сингармонизмге сәйкес білімдерін сөйлеуде қолдану;
-
Қазақ әліпбиінің құрамын, ретін білу;
-
Сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айта және орфографияға сәйкес жаза білу;
-
Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен қарым-қатынасын білу;
-
Буын түрлерін ажырата білу;
-
Екпіннің қазақ тіліндегі ерекшелігін білу;
Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық, грамматтикалық құбылыстарға талдау жасау мүмкін емес.
Халелдің айтуынша, қазіргі емле бойынша қос сөз түрінде жазылып жүрген жапа – тармағай сөзі арабтың жамхан, тұран, мағхан (бәрі бірге ұмтылу) деген сөздерінен шыққан (ДосмұхамедұлыАламан,1991,90-бет.) Тіліміздегі дыбыстардың артикуляциясын дұрыс білу басқа тілдерді меңгеру, қазіргі ақпарат, байланыс құралдарын жетілдіру үшін де пайдасы зор.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика төмендегідей салаларға бөлінеді: Сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы.
Сипаттамалы (синхроникалық немесе статикалық деп те аталып жүр) фонетика тілдің өмір сүріп тұрғандағы дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық және сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі де осы саланың нысаны (объектісі) болып есептеледі.
Қазіргі күнде жоғары оқу орны мен мектептерде оқытылып жүрген фонетика осы сипаттамалы фонетикаға жатады. “Қазіргі қазақ тілі курсы” бойынша жоғары оқу орындарында оқытылатын фонетика оқулығы елуінші жылдардың бас кезінде жызылып, 1954 жылы “Қазіргі қазақ тілі ” деген атпен шыққан тұңғыш академиялық оқулықтың бір тарауы болып, академик І.Кеңесбаевтың авторлығымен енді. Содан бері екі рет (1962, 1975) басылып шықты. Аталған оқулық – жоғары оқу орнына арналған бірден-бір фонетика оқулығы болумен бірге, осы саладағы зерттеулердің бәріне бағыт сілтеп келе жатқан еңбек. Солай десек те, осыдан 40 жыл бұрын жазылған еңбекте осы күннің тұрғысынан сын көзбен қарайтын мәселелер де жоқ емес.
Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген мыңдаған сөздер бар екені дау тудырмайды. Біз оларды орыс тіліндегідей айтып та, жазып та келеміз. Мұның өзі орыс тілі фонетикасымен де таныс болуды талап етеді.
Тарихи (диахроникалық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан зерттейді. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша талданады.
Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырғанда туыс тілдердің фонетикасын да есепке алған жөн. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік жасайды. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады (Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы, А., 1981, ЩербакА.М. Сравнительная фонетика тюркских языков, Л., 1970). Салыстырмалы және тарихи фонетика бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.
Құрылымы басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың еншісіне тиеді.
Пайдалануға тиісті әдебиеттер:
-
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975
-
С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, А,1999. 7-9-бет.
-
К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А,2003. 218,220-беттер.
-
А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы, А,1992,10-14,бет.
-
Қ. Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зертеулер, А.,1966,126,128-бет.
Лекция №3.
Тақырыбы: Дыбыс, әріп және фонема, дауыс ырғағы.
Жоспар:
1. Тілдік дыбыстардың ерекшелігі.
2. Дыбыс пен әріптің байланысы.
3. Фонеманың туралы түсінік.
-
Дыбыстау мүшелерінің қызметі.
Сабақтың мақсаты: студенттерге дыбыс, әріп және фонеманы түсіндіру. Фонетика бойынша берілетін білімнің деңгейіне қойылатын талаптар:
- дыбыстардың фонемалық қасиетін білуі, сөздердің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
- Фонетикалық терминдерді дұрыс түсініп, оны орынды пайдалана білу;
- Дыбыстардың іштей жіктелуін білу;
- Дыбыстарды артикуляциасына қарап айыра білу;
- Қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизмнің) тіл мәдениетімен байланыстығын ұғыну және орынды пайдалану;
- әліпбидегі төл дыбыстар мен орыс тілі арқылы енген дыбыстардың өзара қарым- қатынасын меңгеру;
- ауызекі сөйлеу мен жазба тілдердегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиалық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
Әріп - дыбыстың жазудағы таңбасы. Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнектей аламыз. Дыбысты айтамыз және естиміз , ал әріпті жазамыз және көреміз. Біреуі ғана өзгерсе де сөзді өзгертіп ( я сөз қылмай, я басқа сөз қылып) жіберуге жарайтын сөз бөлшектерін дыбыс дейміз ( Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966,168-бет). Дыбыстары бірдей сөздердің көбінесе мағыналары да бірдей болады. Сөз мүшелерінің дыбыстары бірдей болған да мағынасы әр түрлі болуы сирек кездеседі. Ат (жылқы), ат (біреуді айтатын сөз), ат (мылтық ат) деген үш сөздің дыбыстарында айырма жоқ болса да, мағыналары үшінеуінде үш түрлі. Немесе мылтық ат-ты дегендегі ат түбіріне жалғанған ты үстеуімен ат-ты суардым дегендегі ат түбіріне жалғаннан ты жалғауының дыбыстары бірдей бола тұрып, мағыналары екеуінде екі басқа.
Мұндайлар көп кездеспейді. Кездесе қойса я сөз тұлғасына қарап, я сөз алқасына қарап, қай мағынада екенін ашып аламыз.
Бұл жағынан қарағанда, сөздің дыбыстас мүшелері адас (аттас) Кісілер сияқты болып көрінеді. Екі кісінің аты бір болғаннан шатасып қалмайтынымыз сияқты екі сөздің дыбыстары бірдей болғаннан да көп шатаспаймыз. Бір сөз болу үшін дыбыстары да, мағынасы да бірдей болуы керек. Дыбыстары бірдей болғанмен, мағынасы бірдей болғанмен, мағынасы бірдей болмаса, бір сөз болмайды. Мағыналары бірдей болғанмен, дыбыстары әр түрлі болса да, бір сөз болмайды. Адам деген сөз мен кісі деген сөздің Мағынасы бір болса да, дыбыстары әр түрлі болғандықтан, екеуі екі сөз болып есептеледі.
Әріпті оқу айналып келгенде, дыбысты айту болып шығатыны белгілі. А. Байтұрсынов; өзінің “Тіл - құрал” атты еңбегінде осы жайды айрықша қадағалап айтқан “Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе” (146-бет).
Осы қағиданың жазылғанына 80 жылдан астам уақыт өтсе де , әлі күнге мұны пайымдай алмай, фонетика оқулықтарында әріппен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылып жур. әріп пен дыбысты ешқашан шатастыруға болмайды. әріп кейде жеке дыбысты білдірсе (о,ө,ұ,ү) кейде бір әріп (ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын өрнекткйді. Кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні де жоқ. әріп пен дыбыстың бір біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуымен айтылуының арасында ала - құлалық тудырады. Мысалы адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуды оқу, ойланба, тоңға, басшы, көзсүз тұрінде болады. Дыбыстар тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалды қызметін атқарады фонема (грек - дыбыс) сөздер мен морфермаларды құрастырып, оларды бір – бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар кішкене функциалық единицалық(бірлік).
Мүлде біз ойлағаннан әлде қайда көп әр түрлі дыбыс бар, олар әр бір жеке тілде сөздердің мағыналарымен формаларын ажырата алмайтындай санаулы ғана дыбыстар типіне фонемаларға топтастырылды, мысалы ат, ет, от, өт, - сөздерде , біз ше, бір – ақ т дыбысы бар фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған поляк тілінің зертеушісі И. А. Бодуэн де Куртенэ еді (1870). Тіліміздің дыбыстық жүйесін зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді емес екендігін айтады. Ол үндіевропа тілдеріндегі фонемаға оң түстік – шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым жүйесі бұлардан бөлек, түркі тілдерінде бұға сингармема деген атаудың лайықты екенін дәлелдеді.
... Қазақ тілінде бунақтардың жұбын жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды бір-бірімен байланыстырып(үндестіріп), бір ырғақ, екпінмен айтудың мәні зор. Егер олай етілмесе, сөздердің байланыс реті бұзылады да, тіл өзінің табиғи жарасымынан айрылады, құлаққа жағымсыз естіледі және айтылған ой көмескіленіп, тіпті, түсініксіз де болып кетуі қиын емес.
Осыған қарағанда қалыпты дауыс ырғағы, екпіннен айрылған тіркестердің мағынасыздыққа ұшырайтынын байқауға болады. Айтылар ойдың айқын, түсінікті көңілге қонымды, құлаққа жағымды болуы бунақ екпінінің дұрыс қойылуына тікелей байланысты болса, екіншіден, бұлардың (ырғақ, екпін) өзі айтылар ойға , мағынаға тәуелді екенін ескеру қажет.
Пайдалануға тиісті әдебиеттер:
-
С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, А,1999, 19,22 – бет.
-
А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы, А.,1992, 146 - бет.
-
Қ. Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, 1966, 168, 170 – бет.
-
Джунисбеков А.Просодика слова в казахском языке, А,1987, 60 – бет.
-
І. Кеңесбаев. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А,1987, 267 – бет.
Лекция №4.
Тақырыбы: Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдіс, дыбыс өзгерістері
Жоспар:
-
Ғылымда қолданылатын әдіс туралы түсінік.
-
Қолданылатын әдістердің түрлері.
-
Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдістің ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты: ғылымда қолданылатын әдістерді түсіндіру. Фонетикалық зерттеуде оның нысанын (объектісін) лабораториялық жолмен, түрлі құрал, аппараттар арқылы тексеретін эксперименталдық фонетика, тілдегі материалдарды екінші бір тілдің материалдарымен салыстыра тексеретін салыстырмалы фонетика, дыбыстардың шығу, даму жолдарын зертейтін тарихи фонетика, тіл құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін фонетикалық бір – саласы фонгология бар. Осылардың әр – қайсысының өздерінше қолданатын әдіс, тәсілдері бар. Ол әдістер зерттеу жұмыстарының тақырыбына, аумағына байланысты болып келеді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеу 1930 жылдардан бастау алады. Қ. Жұбановтың “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лексиялар” (“Политехникалық мектеп” журналы, 1933, 7, 8,) деген күрделі еңбегі жаряланды. Одан соң “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің бірінші бөлімінде фонетикалық қандай ғылым екендігіне тоқталып, ол тілдің дыбыстық жағын ғана тексеретіндігін түсіндіреді. Бірінші бөлімінде ,,... тілдеде дыбыстардан құралып барып буындар, буындардан жиналып келіп сөздер, сөздер топталып алып сөйлемдер пайда болатын тәрізді”,- деп жазды. Және қазақ тілінде сапасы 26 түрлі, яғни а, б, ш, д, ж, е, г, ғ, и, к, л, м, н, ң, қ, р, п, о, с, т, ұ, у, ұ, у, з, ы, ы, й, сияқты дыбыстар бар екенін ескертеді.
1941 ж. Ғ. Бегалиев “Сингармонизм” тақырыбына байланысты мақала (“Халық мұғалімі”, 1941, 3, 4 +, 69 - бет) жазып, қазақ тіліндегі үндестік заңына тоқталады.
Академик, І.Кеңесбаев бірнеше еңбек жазды, соның ішінде күрделісі – “Қазіргі қазақ тілі ” (А.,1962), фонетика тарауы. Мұнда академик І.Кеңесбаев фонема жайында Л.В. гцербаның Концепциясын арқау ете отырып, сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны фонема деп ұқтырады. Қазақ тілі дыбыс жүйесін тәжірибе фонетикасының тәсілдерімен зерттеп, көбірек еңбек еткен – Ж.А.Аралбаев. “Вокализм казахского языка” (А.,1970) атты еңбегінде фонеманың мәні, қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы, тәжірибе фонетикасының әдістері және әрбір дауысты дыбыстардың естілу күші жан-жақты эксперимент материалдардың фактілерімен талдау жасалады, қазақ тілі дыбыстарының фонемалық құрамын анықтауда математикалық лингивистиканыңәдістерін пайдаланды.
Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін (метод) керек етеді. Себебі фонетика бір жағынан акусикалық аспекті тұрғысынан акусикамен, екінші жағынан физиалогиямен ( сондай – ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуға тиіс. Мұны әдетте эксперименттік әдіс дейді де, сонымен байланысты қарайды. Дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай – ақ оның артикуляциалық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты да дәл білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек. Экспериментті - фонетикалық әдісті екі топқа бөліп қарастырған тиімді; 1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырымды; 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады. Аталған әдістердің әрқайсысы пайдаланатын құралдың түріне қарай іштей бірнеше әдіске бөлінеді.
Акустикалық әдіс; 1. Кимографиктық әдіс. 2. Осциллографтық әдіс. 3. Спектрографтық әдіс. Соматикалық әдіс: 1. Палатографтық әдіс. 2. Рентгенографиялық әдіс. 3. Кинофотоға түсіру әдісі.
Экспериментті фонетика қазақ тілі білімінде де кең қолданылып келеді.
...Қазақ тілінде дыбыс өзгерістерінің басты-басты түрлері: игерулі(комбинаторлық), шекті(позициялық), игерусіз (спонтанды) игерулі өзгерістерге ықпалдар жатады. Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері бар(тарихи дәстүрмен байланысы, игерілуден айырмасы)
Шектік өзгерістердің түрлері: үстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза); дауыстының әлсіреуі(редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң, дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдануы.
Достарыңызбен бөлісу: |