ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2014 Мұнайдың жіктелуі


Мұнайхимия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі305 Kb.
#124631
1   2   3   4

Мұнайхимия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері


Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың көп санның экологиялық саясаты Рио-де Жанейро қаласында өткізілген қоршаған орта жағдайы және оны дамыту бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған, тұрақты даму стратегиясын анықтап беретін іскерлік принциптері негізінде құрылымданады. Елдің тұрақты дамуының басты мақсаты болып экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету есептеледі. Экологиялық қауіпсіздік дегенде адамзат қоғамының, мемлекеттің және қоршаған ортаның нақты және потенциалды антропогенді және табиғи әсерлерінен қорғалғандығы түсіндіріледі.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері соңы уақыттарда техникалық және технологиялық ерекшеліктері бойынша қоршаған ортаны ластаушылардың ірілерінің бірі болып саналатын мұнай газ өнеркәсібі дамыған елдердің барлығында үңіліп қаралатын жағдай болып отыр.
Бұл елдерге сонымен бірге Қазақстан Республикасын да жатқызуға болады, біздің еліміз бай 100 жылдық мұнай өнеркәсібі тарихына ие.
Қоршаған ортаны қорғау іскерлігі ең алдымен техникалық процестердің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейіне байланысты болады. Мұнай газ кешендернің құрамында 40 тан астам ластаушы көздер типтері бар, олар қоршаған ортаға әсер етуінің интенсивтілігінің әртүрлілігімен және ластаушы заттардың қасиеттерінің алуан түрлілігімен сипатталады. Газдарды тазалау, кептіру және дайындау, күкіртті алу және конденсатты тұрақтандыру қондырғылары, факельдер және амбарларшыңырауларды үрлеу және газдарды жағу процесінде атмосфераға құрамы бойынша күрделі болып келетін ластаушы заттар бөлінеді.
Мұнайхимия саласының кәсіпорындары қоршаған ортаға барлық дерлік өндірістік жүйешелерде, яғни мұнай және газ өңдеуде, мұнайдан алынат өнімдер негізінде органикалық заттарды синтездеуде, мұнайдан бөлінетін газдардан (мономерлерден) полимерлер өндіруде, полимерлер негізінде әртүрлі бұйымдар алуда, лак бояушы заттар өндірісінде, негізгі органикалық синтез сатыларында қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде өз зиянын келтіреді.
Атмосфераға тасталатын заттардың елеул мөлшері мұнай және газөнімдерінің жану процесінде бөлінеді. Сулы орта үшін ең қауіпті болып мұнай және мұнай өнімдерінің, конденсаттардың төгілуі есептеледі.
Экологиялық диспропорцияның дамуына үлкен үлесін барлаушы, мұнай өндіруші және газды шыңыраулар құрылысын салу технологиялық процесі қосады. Бұл процесс, табиғатқа өзінің ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық маңызы жағынан залалды болып саналады, оның әсері шыңырауларды массалы бұрғылаудан көрінеді.
Қоршаған табиғи ортаға мұнайгаз өнімдерін эксплуатациялау және құрылысын салу елеулі әсерін тигізеді. Шұңқырлар қазу, тіректер құрылысын салу эрозиялық процесс активтілігін күшейтеді, көп жылдан қалған қатқан жыныстардың еруіне алып келеді,өзендердегі жыралар деформациясын тудырады, таулы бөліктер және шөлдердегі жер рельефін бұзады. Тасымалданушы өнімдер құбырларының тесілуі трассса бойындағы құбырлар және қиылысушы өзендер үшін ластануды туғызады. Резервуарлардағы үлкен немесе кіші тесіктердің пайда болуы атмосфералық ауаны ластайды.
Қоршаған табиғи ортаға мұнайхимиясы саласының кәсіпорындары және газдарды өндіру, олардың негізінде полимерлер алу объектілерінен пайдаланылатын өнімдердің өзі де өз зиянын тигізеді. Қоршаған ортаға негативті әрекет етуі үшін өз жауапкершілігін мойындай отырып және Казақстанның дамудың тұрақты жолына өту бойынша концеециясын жетекшілікке ала отырып мұнай және газ өнеркәсіптері қоршаған ортаға тигізетін негативті іскерлігін төмендету бойынша іскерліктерін интенсификациялап және оның салдарын ликвидациялауға көңіл бөлуде.

Көбіктенуші полистирол өндірісі



Көбіктенуші полистиролды алу әдісі стиролды сулы фазада судаерімейтін инициаторлар және суспензия тұрақтандырғыштары қатысында полимерлеуге негізделген.
Стиролды полимерлеу реакциясы экзотермиялық, жылудың үлкен мөлшерін бөлу арқылы жүргізіледі. Дисперсиялық орта ретінде пайдаланылатын су реакция жылуының сыртқа тарқалуы үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз етеді, және соның салдарынан процесті изотермиялық шарттарда жүргізуге мүмкіндік туады.
Стиролды полимерлеу процесі 90-1350С температура аралығында жүзеге асырылады және екі сатыдан тұрады:
- төментемпературалық цикл;
- жоғары температуралық цикл.
Полимерлеу инициаторлары ретінде органикалық асқынтотықтар пайдаланылады:
- төментемпературалы сатыда – бензоил асқын тотығы;
- жоғарытемпературалық сатыда – третбутилпербензоат немесе дикумил асқынтотығы пайдаланылады.
Полимерлеу процесін екі сатыда жүргізу процесі және ол үшін әртүрлі ыдырау температураларына ие инициаторларды пайдалану стиролдың жоғары конверсиялану дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді – 99,8%.
Стиролды полимерлеу реакциясы тізбекті реакцияларға жатады және бос – радикалды механизм бойынша өтеді; классикалық схема бойынша суреттеледі: иницирлеу, тізбектің өсуі және тізбектің үзілуі.
Суспензия тұрақтандырғышы ретінде трикальцийфосфат қолданылады, ол майда дисперсті суда ерімейтін минералды тұздар ұнтақ тәрізді болып келеді. Оның әрекет етуі негізінен бөлшектердің түзілетін гранулалар бетінде адсорбциялану мүмкіндігіне, және сол арқылы гранулаларды бір біріне жабысудан қорғайтын жұқа қабыршақтар түзуіне негізделген. Мономер конверсиясы 20-40% жеткен кезінде түзілетін гранулалар әлі қатты қабыршаққа ие болмайды және сондықтан жабысып қалуға бейім келеді.
Трикальцийфосфат калий персульфатымен бірге қолданылады, калий персульфаты беттік активті зат (БАЗ) ролін атқарады, яғни тұрақтандырғыш бөлшектері бетінде аздап гидрофобталып (жабыспайтын қасиетін арттырады) тұрақтандырғыш белсенділігін арттырады, яғни гранулаоар қабыршақтарының қосымша беріктігінің артуына әрекет ететін коагуляциялық құрылым түзіледі. Трикальцийфосфат реакциялық жүйеге мономер конверсия дәрежесі 20-40% жеткен кезде енгізіледі, калий персульфаты – үштік дозамен қатаң анықталған уақыттық интервалда енгізіледі.
Кеуектүзуші ретінде пентанның изопентанмен қоспасы пайдаланылады, тізбектің өсуін реттеуші ретінде – альфа – метилстирол димері пайдаланылады.
Стиролдың полимерленуі периодты әрекеттегі реакторларда жүзеге асырылады, реактор R-101 араластырғышы бар вертикальды цилиндрлік аппарат тәрізді болып келеді, оның ішіне уақыт бойынша қатаң анықталған белгілі бір тәртіпте су, стирол, инициаторлар, тұрақтандырғыштар, тізбектің өсуін реттеуші, кеуектүзушілер.
Полимерлеу циклы аяқталған соң полимер суспензиясы реактордан ротационды елек BS-101 арқылы түсіріліп агломераттардан бөлініп және буферлі ыдысқа Д-201 беріліп және ол жерден периодты түрде центрифугаға беріледі. Центрифуга СЕ-201 – периодты әрекетте және бисерды суспензия тұрақтандырғышынан жууды, бисерді судан ажыратуды және оны кептіруді қамтамасыз етеді.
Полистиролды бумаланатын маркілерін алған кезде ғана бисер центрифугадан кейін айналмалы еңішті типтегі кептіргіштерде DR-261 қосымша кептіруге тартылады, кептіргіш ауаны өыздыру үшін арналған жылуалмастырғышпен және қоректендіруші желдеткішпен жабдықталған.
Полимерлеу циклы аяқталған соң полимер суспензиясынан реактордан ротационды електер ВS - 101 арқылы агломераттардан жыратылу үшін түсіріледі және одан ары буферлі ыдыстарға Д-201 беріліп- және онда үздікті түрде бисер суспензия тұрақтандырғыштарынан, судан жуылып және кептіріледі.

ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ

Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

Химия және мұнай-химия өнеркәсібі

Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді.

1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:



  • кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)

  • негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)

  • жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)

  • химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:

  • синтетикалық каучук

  • негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру

  • резина-асбест өнеркәсібі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет