ОқУ-Әдістемелік қҰрал


Әлеуметтік ғылымның деңгейлері



Pdf көрінісі
бет35/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Әлеуметтік ғылымның деңгейлері 
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген 
сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен 
айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың 
арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жӛнінде 
ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен 
олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы 
мәселелерді шешу кӛбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер 
арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады: 
1) жалпы әлеуметтік қағида; 
2) арнайы әлеуметтік қағида; 
3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) — бұл әлеуметтік 
білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің 
вертикальды білім срезін құрайды. Кӛлденең срезі қоғамның жеке ӛмір әрекет 
салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды. 
Мұндай оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары американ 
социологы Р.Мертон ұсынды және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды: 
әлеуметтік қағиданың кең деңгейі, орташа ранг қағидасы және соңғысы 
күнделікті зерттеулерден пайда болатын кіші жұмыс гипотезасы. Мертон 
бойынша, «орташа деңгей‖ қағидасы жалғыз жүзеге асатын және кӛңіл бӛлуге 
тұрарлық қағида. Бұл қағида негізгі анализ дәрежесі ретінде Мертон үшін, 
индивид пен қоғамдық құрылым арқылы жүзеге асатын, әлеуметтік топ болып 
шықты. Мертонның әртүрлі қағидасының анализі мен мұқият сипаттауы 
нәтижиесінде, 60-70-шы жылдары үш деңгейлі білім концепциясы 
құрастырылды. Бұл концепцияның дамуы негізінде ӛз кезекте әлеуметтік 
ғылымның екінші деңгейі жӛнінде кӛрініс толықтырыла бастады. 
Әлеуметтік білімнің осындай ӛзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің 
түсінуінен айқындайтын ӛз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі 
ӛзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері 
жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макроәлеуметтану 
түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, 


88 
қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 
ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде 
қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік – психологиялық және социометрлік 
әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге кӛшу белгіленді. 
Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың 
бірігуін кӛздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі 
мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді 
ажыратады. 
Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол 
фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды 
алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады . Жүргізілген 
әлеуметтік зерттеулердің кӛпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады: 
1) қағидалық; 
2) тәжірибелік ұсыныстар жасау. 
Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы 
заңдылықтарының қоғам ӛмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен 
ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні 
әлеуметтік ӛмірдің ӛзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму 
заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы 
эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге ӛту ӛлшем ролін атқарады. Арнайы 
әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бӛлінеді: 
1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен 
формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін ) зерттейді; 
2) әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер — әлеуметтану 
құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. 
ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар; 
3) арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы — 
әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл 
әлеуметін сипаттайды; 
4) арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін — 
басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді; 
5) арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік 
(қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді. 
Соңғы уақытта кең таралған кӛзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі 
келесі сатыларға бӛлінеді: 
а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін 
мен заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы 
құрастырады; 
ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім 
негізінде, айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің кӛкейтестігін 
зерттеуді мақсат қояды; 
б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру 
мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі; 


89 
Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға 
мүмкіндік береді: 
1) қағидалық әлеуметтану; 
2) қолданбалық әлеуметтану; 
3) әлеуметтік инженерия. 
Әлеуметтану функциялары 
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді 
орындайды: 
1) 
теоретико-танымдық 
функциясы, 
әлеуметтік 
дамудың 
заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің ӛзгеру 
тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың 
кӛкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, 
жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен 
нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз 
болуына байланысты; 
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды 
құрастыруға мүмкіндік береді; 
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы 
жӛнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық ӛмірдің 
әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді 
қоғам ӛмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бӛлек аумақ 
пен елдердің, әлемдік қауымдастығының ӛмір әрекетінің белгілі үрдістерінен 
бастап, қала, ауыл, бӛлек кәсіпорын мен ұжымдардың ӛмірін әлеуметтік 
жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды. 
Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде 
алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жӛніндегі ғылым ретінде 
айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың 
әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу 
техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік ӛлшем 
әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану 
білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін 
атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында 
әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің 
пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни 
барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға — барлық соғыстарға, барлық ұлттар 
мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы 
айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс ӛте 
берік және ӛзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі 
болып келеді. 
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, 
біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, 
қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен 


90 
үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың 
субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен 
әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін. 
Екі ғылымның ӛзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының 
жаңа ғылым саласын — саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен 
әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы 
әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси ӛмір заңдылықтарын 
айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси 
құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен 
тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы 
тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен 
заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік 
әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана 
түсініктерін қолданса, әлеуметтану — әлеуметтік құрылым, әлеуметтік 
институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді. 
Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын 
материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан 
гӛрі экономикалық, саяси, қоғам ӛмір әрекетінің рухани жақтарын да 
қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет