99
бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б. сияқты
әлеуметтік институттар сәйкес келеді.
2) Негізгі мақсаттарды анықтау және соған жетуге қолдау кӛрсету процесі
мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар
және т.б. сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқылы қоғам
мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен
айналысады.
3) Интеграция мәселесі –тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау.
Бұл функцияны жалпы нормалар мен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен
жалпы мәдениетті құру және оған қолдау кӛрсету жолымен әлеуметтік бақылау
институттары жасайды. Адамдардың мінез –құлқына қоғамның әдейі әсер етуі
арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар
арқылы жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта ӛндіруді
талаптану және мәжбүрлеу формалары арқылы табысты жүргізуге мүмкіндік
береді.
4) Мінез – құлық қолдау кӛрсету, қайраткерлердің ӛздерінен
талап
етілетін әлеуметтік рольдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жеке
тұлғалар дәлелдемелері жүйесіндегі жасырын шиеленістерді жою мәселелері.
Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың ӛз дербестігін
алуына және сонымен бірге берілген қоғамдағы норма –
рольдерді игеруіне,
бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамытуы үшін әлеуметтендіру процесі мен
механизмін жасауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: