ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет48/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Әлеуметтік байланыс - адамдар немесе адамдар тобының арасында 
белгілі кеңістік пен уақытта нақты мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету 
үдерісі Әлеуметтік ӛзара әрекеттестік — жеке адамдар мен адам топтарының 
бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын оң не теріс 
үдерістер. Әлеуметтік қарым-қатынастар — адамдар және топтар, әлеуметтік 
институттар арасындағы тұрақты ӛзара байланыстар мен ӛзара әрекеттестік. 
Кез келген адам ӛз ӛмірінде, отбасында, туған-туысқандарының арасында, 
құрбылары мен жолдастарының ортасында, қызмет орнында және т.б. әр түрлі 
әлеуметтік ортада ретіне қарай сан қилы қарым-қатынастарға түседі. Сонымен 
қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін әлеуметтік жүйенің басты 
элементтерінің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша 
айтқанда, ол тәртіп белгілі координация (үйлестіру) мен субординациядан 
тұрады. Мысалға отбасын алып, түсіндірген жӛн. 3. Қоғамды әлеуметтік жүйе 
ретінде қарастырғаннан кейін, оның әлеуметтік құрылымын білудің мәні зор. 
Әлеуметтік құрылым деп еңбектің бӛлінісіне негізделген, әлеуметтік нормалар 
мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстар, қарым-
қатынастар мен ықпалдастықтан тұратын қоғамның ішкі құрамы, оның 
элементтерінің жиынтығы. Қоғамның әлеуметтік құрылымын айқындап, оның 
негізгі элементтерінің ғылыми классификациясын жасау және олардың 
арасындағы байланыстардың, қарым-қатынастардың, ӛзара ықпалдастықтың 
сырын, заңдылықтарын ашу - әлеуметтанудың негізгі объектісі ғана емес, аса 
маңызды міндеті де. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ӛте күрделі, оның басты 
элементтеріне: а) ӛзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын 
индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы 
негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік топтар мен 
қоғамдастықтар; б) қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын 
әлеуметтік институттар. Адамның қоғамдағы орны кӛптеген әлеуметтік 
белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық ӛндіріске 
қатысуы (не қатыспауы), қоғамдық еңбек бӛлісіндегі орны (ӛндіріс 
құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы 
рӛлі, еңбектің мазмұны мен сипаты), кәсібі, білімі, табыс мӛлшері, саяси билікті 
іске асыруға қатынасы және т. б. жатады. Қоғамдағы немесе әлеуметтік 
жүйедегі мүдделері мен құндылықтары ортақ, мақсаттас адамдардың біршама 
тұрақты қауымдары мен бірлестіктерін әлеуметтік топ дейміз. Ӛзінің қоғамдағы 
орнына байланысты адамдар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі 
бола алды. Мысалы, студент, ол қазақ, ол үлкен қаланың тұрғыны т. б. 
Әлеуметтік топ ӛзін құраушылардың ортак, этникалық белгілері бойынша 
(ұлттар, халықтар, диаспоралар), материалдық жағдайларына қарай 
(ауқаттылар, орташа ауқаттылар, кедейлер), кәсіби және рухани жетілу 
деңгейіне карай (зиялылар, кәсіпкерлер, жұмысшылар және т.б.), тұр-ғылықты 
жері мен аймағына байланысты (қала, кент, ауыл тұрғындары), жыныс немесе 
жас мӛлшеріндегі айырмашылыктар негізінде (ерлер, әйелдер, жастар, егделер) 
бӛлінеді. Қоғамдық ӛмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың ӛзара әрекеттестігінің 
нәтижесі деуге болады. Адамның жеке белгілеріне қарай қоғам құрылымының 


106 
негізгі түрлерін айқындауға, атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық 
(жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа бӛлу), әлеуметтік-таптық, кәсіби 
және елді мекендік құрылым жатады. Марксистік қоғамтану әлеуметтік 
құрылымының негізгі түрі деп қоғамның таптық сипатын алды. Мұнда таптың 
негізгі белгісі ретінде ӛндіріс құрал-жабдықтарына қатынастың бірдей болмауы 
кӛрсетілді. Ол адамның қоғамдық ӛндіріс жүйесіндегі орнын және оның жалпы 
әлеуметтік жағдайын айқындайды деп саналды. Қалған белгілердің бәрі соған 
байланысты. Мұны тұтастай теріске шығаруға болмайды. Бірақ сонымен қатар 
қоғамдағы әлеуметтік жіктелуде басқа да, мысалы, адамның билік 
құрылымындағы орны мен рӛлі, табысының мӛлшері, әлеуметтік мәртебесі, 
қабілет дәрежесі, білім-білігі және т.б. белгілер ерекше рӛл атқарады. 4. Қазіргі 
Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымын, оның бағыттары мен болашағы 
туралы айту үшін біздің қоғамның адамзат дамуының қай деңгейінде тұрғанына 
назар аударған жӛн.
Әлеуметтану ғылымында қоғамды сараптаудың кӛптеген тәсілдері 
калыптасқан. Маркстік теория бойынша қоғамның типін белгілеуде ӛндіріс 
тәсілі, яғни ӛндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық 
құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе, марксизм қоғам дамуын 5 
тарихи сатыға, қоғамдық-экономикалық формацияларға жіктейді: а) алғашқы 
қауымдық құрылыс; ә) құл иеленушілік қоғам; б) феодалдық қоғам; в) 
капиталистік қоғам; г) коммунистік қоғам. XX ғ. 50-60-жылдарыңда американ 
және француз әлеуметтанушылары Даниел Белл, Уолт Ростоу және Раймон 
Арон қоғам дамуының үш сатысы туралы теория ұсынды. Бұлар адамзат 
қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш кезеңге бӛледі: 1) индустриалдық 
сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды; 
2) индустриалдық қоғамдар; 3) постиндустриалдық қоғамдар. Алайда бұл үш 
сатыда да негізгі айқындаушы элемент - ӛндіріс тәсілі екенін ескеру керек. 
Яғни қоғамның типін белгілеуде ӛндіріс тәсілі шешуші рӛл атқарады деген 
маркстік теорияны теріске шығару қиын. Индустриалды қоғам ең алдымен 
еңбек бӛлінісінің дамуы және күрделі жүйесі арқылы сипатталады. Ал еңбек 
бӛлінісі ӛндіріс құрал жабдықтары кімнің меншігі екеніне байланысты. 
Индустриалды 
коғамда 
индивидтің 
еркіндігі 
мен 
мүддесін 
ортақ 
принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Екіншіден, мұндай қоғамда кең 
кӛлемде жаппай тауар ӛндіру қалыптасады. Үшіншіден, бұл қоғам ӛндірісті 
автоматтандыру мен механикаландыруға және басқаруға иелік етеді. 
Тӛртіншіден, индустриалды қоғам ғылыми-техникалық революциямен 
сипатталады. Бүгінгі жағдайымызды ескерсек, бізге индустриалды қоғам 
дәрежесі сәйкес келеді. Бірақ индустриалды қоғамға тән сипаттарға біз 
түгелдей ие емеспіз. Ӛйткені индустриалды қоғам теориясын жасаған 
ғалымдардың пікірінше, қоғам, біріншіден, еңбек бӛлінісінің дамуы және 
күрделі жүйесі арқылы сипатталады, бұл ӛндірістің нақты салаларға 
мамандандырылуы мен басқару жүйелерінен байқалады. Бұл сипатты біздің 
қоғамнан тапқанмен индустриалды қоғамға тән рынокқа арнап кең кӛлемде 
жаппай тауар ӛндіру және отандық тауар ӛндірісіне, ғылыми-техникалық 


107 
прогреске кӛңіл бӛлу бізде жеткілікті деп айтуға әлі ерте сияқты. Дегенмен 
қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға, әртүрлі меншіктің дамуына, саяси 
алуандыққа, кӛппартиялыққа ӛтуге байланысты әлеуметтік құрылымның 
бӛлінуі күшейе түсуде. Республикамызда бұрыннан белгілі жұмысшылар мен 
шаруалардан басқа фермерлер, жалгерлер, кооператив мүшелері, жеке және 
ұжымдық меншік иелері, жеке саудамен айналысатын құрылымдар, кәсіпкерлер 
және т.б. бар. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамда меншік иесі 
жоғарғы тап пайда болды. Бұл тапқа солармен қатар кӛлеңкелі экономиканың 
пысықтары, алыпсатарлықпен айналысқан кәсіпкерлер және т.б. кіреді. Бұл 
таптың ӛкілдері де халықтың белгілібір пайызын құрайды. Сонымен бірге 
меншік иелерінің арасында бұрын-сонды болмаған миллиардерлер мен байлар 
тобы пайда болды. Олардың да, орта таптың да халқымыз арасындағы үлес 
салмағы туралы қолымызда мәліметтер жоқ болуына байланысты бірдеңе айту 
қиын. Ал қазіргі ӛркениетті елдерде орта тап 50-60, тіпті одан да жоғары 
пайызды құраса, АҚШ-та жоғары тап бүкіл халықтың 1-5 пайызын құрайды. 
Қазір қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта тап ӛзінің 
білімділігі мен іскерлігіне байланысты қоғамның саяси тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін, оның демократиялық дамуына, нарықтық экономиканың 
қалыптасуына негіз болып отыр. Сондықтан біздің басым бағытымыздын бірі 
— осы орташа тапты күшейту. Ол үшін ұсақ және орта кәсіпшілікті қолдау, 
халықтың кәсіптік білімін арттыру және кәсіптік кеңістікті демократияландыру 
және т.б. істерді жүзеге асыру керек. Бұл бағытта мемлекетіміздің атқарар 
тірлігі ұшан-теңіз.
Қоғам дамуының постиндустриалдық сатысы туралы тұжырымдамаға 
сүйенсек, болашақ - білімде, ғылымда. Қоғамдағы демократиялық 
институттарды жетілдіре түсу де аса маңызды болып отыр. 1. Қоғамды белгілі 
бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бӛлінісіне 
негізделген жүйе деп тұжырымдаған. 2. "Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, 
әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" деген. 3. 
Қоғам - адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-
қатынастардың негізі - ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады 
деген. 4. Қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда 
болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндірген. 
5. Алғашқылардың бірі болып қоғамды организм, жүйе ретінде қарастырып, ол 
жүйенің тұтас, бӛлінбейтін сипатын, оның бӛліктерінің ӛзара байланыстылығы 
мен ықпалдастығын атап кӛрсеткен. 6. Ӛзара бір-бірімен байланыста, қарым-
қатынаста болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің ӛзгерісі 
екіншісінің немесе басқаларының ӛзгерісіне әкелетін кӛптеген элементтердің 
тұтас жиынтығы. 7. Әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде ӛзара 
қарым-қатынас пен байланыста, ӛзара ықпалдастықта болып, тұтастықты 
қамтамасыз ететін жүйе элементтерінің жиынтығы. 8. Адамдар немесе адамдар 
тобының арасында белгілі кеңістік пен уақытта нақты мақсатқа жету үшін 
бірлесе қызмет ету үдерісі. 9. Жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне 
әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын оң не теріс үдерістері. 


108 
10. Адамдар және топтар, әлеуметтік институттар арасындағы тұрақты ӛзара 
байланыстар мен ӛзара әрекеттестік. 11. Қоғамның құрылымын айқындап, оның 
негізгі элементтерінің ғылыми классификациясын жасау және олардың 
арасындағы байланыстардың, қарым-қатынастардың, ӛзара ықпалдастықтың 
сырын, заңдылықтарын ашу. 12. Еңбектің қоғамдық бӛлінісіне негізделген ішкі 
құрамы, оның элементтерінің жиынтығы және олардың арасындағы әлеуметтік 
нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстар, 
қарым-қатынастар мен ықпалдастық. 13. Ӛзінің білімділігі мен іскерлігіне 
байланысты қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның 
демократиялық дамуына, нарықтық экономиканың қалыптасуына негіз 
болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет