ОқУ-Әдістемелік қҰрал


Михельсжәне т.б қалыптастырды.  Гаэтано Моска



Pdf көрінісі
бет113/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Михельсжәне т.б қалыптастырды. 
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын ―Cаяси ғылым 
негіздері‖ деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен 
басқарылушыларға бӛлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери 


210 
ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, 
адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады. 
«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-
1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның 
арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі 
баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына 
келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні 
алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады. 
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам 
басқарушылар мен бағынушыларға бӛлінеді деді. Оған ұйытқы болатын 
қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш 
қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады. 
Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бӛлінеді. 
Бірінші кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы 
жылдарына дейін, - дәстүрлі дала элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. 
Қазақтың кӛшпенді қоғамында билеуші элита құрастыру және оның 
қалыптасуы кӛшпенділердің тұңғыштың орны деген салт-дәстүрінен шыққан. 
Бұл принцип кӛшпенділердің Ішкі Азияның кең даласының экстремалды 
табиғи жағдайына бейімделуінен туындаған. Қоршаған ортаның табиғи 
ресурстары жайлы, оларды тиімді пайдаға асыру және оларға бейімдену 
білімдері кӛшпенділер тайпаларының арасындағы жайлауға, су-бұлақтарына 
бәсекелестік таласында пайда болып, мыңдаған ғасырлар бойы жинақталып, 
атадан балаға тараған. 
Орта Заманның соңғы жылдарында қазақ тайпаларының ішінде үш 
этнотерриториалды бірлестіктер пайда болды: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші 
жүз. Әйгілі қазақ ғұламалары С.Д.Асфендияров, В.П.Юдин Х.Арғынбаев, 
Н.Э.Масанов зерттемелері бойынша, бұл үш жүзге бӛліну тарихи-
географиялық фактормен байланысты – Қазақстанның кеңістігінде табиғи 
жолымен қалыптасқан үш жағы: Жетісу аймағы, Батыс Қазақстан және 
Шығыс Қазақстанның тӛңіректері. 
Қазақ қоғамында батырлар, би және үлкен ақсақалдардан алғашқы 
элитасы құрастырылғанымен, олар билікке, ел басқаруға жолатылмайтын.Тек 
бір кіші әлеуметтік топқа басқарушылық жүргізе алатын – ауыл болсын, ру 
немесе елдің басшысы бола алатын. 
Қазақ даласының әлеуметтік нормативтері және тәртібі бойынша, 
ханның тағына легитимді жолымен шығу үшін торе ден болу керек болатын, 
яғни Шыңғысханның ұрпағынан. Сонымен қоса, ол адам алдында кӛптеген 
талаптар қойылатын: шыққан тегі, ерекше ой қабілеті, сот ісіндегі үлкен 
тәжірибе, басқарушылық және ұйымдастыру қабілеті мен әскери ӛнерлігі. 
Әрине, осы қасиеттер үнемі уақыт кеңістігінде заманына сай талабына қарап 
жаңарылып тұратын. Экстремалды кезеңдерде басшының персоналды ерекше 
харизмасының қажеттілігінен ел арасында хан сайлауына қызығушылықта 
кӛтерілетін. Мысалы, ірі бірлестіктер арасында конфликттік жағдай болар кезде 
жоғарғы билік басшының ағайындарының немесе балдарының біріне берілу 


211 
алдында ұзақ процедурадан ӛтетін: сайлау, жалпы консенсустан ӛткізу, 
осындай жолмен билікке келген – Нүралы хан (1748-1786), Батыр хан (1748-
1771), Барак хан (1749-1750), Вали хан (1781-1821), Бәкеу Барақұлы (1816-
1819).Ал егерде Қазақ Даласындағы сырқы жағынан әлеуметтік шиеленістер 
болса, хан сайлауы ӛте кұрделі бірнешесатылы процедурадан ӛтетін: 
қазақтардың ақсүйектерінің кандидаттарын шығару, ірі тайпалар арасындағы 
бәсекелестіктен консенсусқа келу, және т.б. Таке хан (1680-1715), Абулхайыр 
хан (1710-1748), Абылай хан (1771-1780) хандарының жолы осындай болатын. 
Соңында, сайланған ханды кӛпшілік алдында ақ киізге кӛтеріп, күн 
жолымен айналып шығатын. 
Ал 
XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының 
қалыптасуына әсерін тигізгені – Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы 
Солтүстік Қазақстанның аймағын бірнеше административті бірліктерге бӛліп 
(округ, волость, ауыл), әр қайсына басшы «аға сұлтан» және іс жүргізушілері 
мен жұмысшылар штатын құрастырды. Сонымен, осы заманнан бастап 
қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей патшалығынан тәуелді 
болатын. 
XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық 
қозғалысының әсерінен қазақ қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы 
басталады – европалық кӛзқарастағы, білімі бар оқыған қазақтарынан. Осы топ 
саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне оппозициялық тұрғыда болатын. 
Әрине, бұл топты құрастырған білім алуға мүмкіндіктері бар ӛткен заман 
элитасының балдары: аға сұлтандардың балдары, би және батырлардың 
тұқымынан шыққандар, жартысынан кӛбі –чингизидтер. 1905-1920 ж.ж. 
қазақтардың алғашқы элитасы «Алаш» ұлттық-либералды партиясының 
қызметінде орын тапты. 
Саяси 
элита 
дегеніміз 
қоғамда 
билікті, 
байлықты 
және 
танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және 
бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бӛлінуі табиғи нәрсе, оған әсер 
еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар: 
Еңбектік бӛлінуі; 

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы; 

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі; 

Кӛпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы. 

Саяси элита бірнеше түрге бӛлінеді. Олар: 

Жоғарғы элита; 

Ортаңғы элита; 

Әкімшілік элита. 
Саяси 
элитаның 
қалыптасуына 
байланысты 
екі 
жүйе 
қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет