ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет123/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік 
органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен 
бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен ӛзін шектеумен 
сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің 
негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен 
конституция мен заңдардың жоғарылығын кӛрсетеді. ҚР Конституциясына 
сәйкес азаматтардың еркіндігі мен міндеттеріне қатысты ресми басылған 
нормативтік құқықтық актілер, құқықтар олардың қолданылуында міндетті 
болады. 
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның 
шегінің сипаты қоғам ӛмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару 
жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР 
Конституциясына қайшы келмеуі қажет. 
Унитарлық мемлекет. ҚР Конституциясы унитарлықты тек елдің 
мемлекеттік құрылым формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар 
Қазақстанның конституциялық құрлысының негізге алынатын негіздерінің 
бірі ретінде де қарастырылады. Унитарлық мемлекет (франц. unitaire, лат. 
unitas - бірлік)- деп мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық мемлекетік 
құрылым формасын айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірліктер аймақтарға 
бӛлінеді: область, аудан, ауылдық (селолық) округ және елді мекендер. 
ҚР мемлекеттік құрлымы округтер, ӛлке, республика, штаттар, контон 
және тағы басқалар түріндегі қандай да бір мемлекеттік-аумақтық немесе 
ұлттық аумақтық автономиялардың Қазақстан аумағында құрылу мүмкіндігін 
қарастырмайды.Унитаризм 
принципіне 
негізделген 
ҚР 
мемлекеттік 
құрылымы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен 
аумақтық тұтастықты қамтамасыз етеді. ҚР унитарлық ең алдымен ұлт аралық 
қатынастың мемлекеттік ұйымының формасы ретінде және Қазақ 
халықтарының бірлігінің кӛрінісіретінде қызмет етеді. 
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың 
мемлекеттен бӛлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық 
ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни 
ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді. 
Азаматтар қандай дінге сенсе де саяси құқықтарды пайдалана алады. 
Құдайға сенетіндер де діни қызметкерлер де мемлекеттік органдарға азамат 
ретінде сайлана алады. 
Конституциялық 
құрлысты 
күштеп 
ӛзгертуге 
Республиканың 
тұтастығын бұзуға, мемлекетке қауіп тӛндіруге, діни қақтығыстарды тудыруға 
бағытталған әрекеттері немесе мақсаттары бар діни ұйымдарды құруға тиім 
салынады. 
Әдебиет: 


221 
1. Балғымбаев А.С. Саясаттану. Оқу құралы. -Алматы, 2003. 
2. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық. -Алматы: Жеті Жарғы, 2010. 
3. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. -Алматы: «Елорда», 2001. 
4. Кокебаев Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Хрестоматия. Алматы, 
РБК, 1997. 
5. Қазыбеков Н.А. Саяси процестер:Оқу құралы.-Қарағанды:Болашақ 
баспа,2004 
6. Менлибаев К.Сапернализм және ұлтаралық қатынас мәдениеті. Саясат. 
№5, 2001 
7. Ақтай С.А. Қазақстандағы демократия бары мен жоқ – Қазақстан ӛзін 
қорғай алатын мемлекет болу керек. /Парасат. №4, 1998. 
8. Ерменов К. Демократиялық даму жолы. /Саясат. №1, 10, 1998. 
9. Назарбаев Н. Біздің жолымыз – бірлік жолы. /Егемен Қазақтан, 7 
қаңтар, 2003 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет