100
2. «Функционализмнің әмбаптылығын » ӛмір сүретін мәдениеттің барлық
тұрпаттарына қызмет етудің қасиеттері тән екенін кӛрсетеді. Сол уақытта
әлеуметтік құрылымның әр бӛлшегі пайдалы қызметін біртұтас жүйенің
шеңберінде ғана атқарады.
3. «Ықтиярсыздық » немесе «қажеттілік»
қағидасы белгілі міндетті
қызметтердің еркіне қоймай істелетіндігін, болмай қалмайтындығын кӛрсетеді.
Ал бұл барлық қоғамдық институттардың функционалдық шарттылығына
әкеледі. Бірақ олардың баламалары, онын алмастырушылары болуы мүмкін.
Қажетті бӛлшектердің болуы әлеуметік жүйенің үздіксіз ӛмір сүруін
қамтамасыз етеді.
Тұтас алғанда, функционалды талдауды тұрақты және бір
үлгіде келтірілген объектілерге қолданады.
Мертонның ғылыми қағидасы мағыналық және ұғымдылық кӛрнекілікпен
тартымды әрі құнды. Орта деңгейдегі ойтұжырым негізінде Мертон аномия
және ауытқу мінез-құлқын таңдап берді. Оның пікірінше, әлеуметтік аномия –
ол
моральдық
құндылықтар
жүйесінің
ыдырауымен
және
мұраттардың қуыстығымен сипатталатын жекелік
және қоғамдық сананың
ерекше құлықтық-психологиялық күйі. Американдық қоғамда аномияның
себебі – ол үстем мәдениеттің жекешілдік мӛлшері – мақсаттары (байлыққа,
билікке, табысқа ұмтылуы ) және бұл мақсаттарға жетуге рұқсат етілген
құралдары араларындағы қайшылық. Бұл қайшылық кӛпшілікке
қойылған
мақсаттарын заңды түрде орындауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан
қылмыс, селқостық пен түңілушілік кең тарады. Бұл қайшылықты Мертон
капиталистік қоғамның ӛнімі ретінде емес, жалпы индустриялдық қоғамға тән
жанжал деп қарайды.
Әдебиет тізімі:
1. И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнхожаев Әлеуметтану 1999 ж.
2. А.Д.Жүсіпова, А.И.Икенов Әлеуметтану негіздері. Алматы , 2004ж.
3. З.Райнес, Қ.Жақып. Социология негіздері .Қостанай, 1997ж.
4. М.Тәжин, Б.Аяғанов.Социология негіздері. Алматы «Ана тілі» 1993ж.
5. Ә.Тұрғынбаев.Социология. Алматы білім 2001ж.
6. Р.Әбсатаров, М.Дәкенов Әлеуметтану. Алматы. Қарасай.2007ж.
7. Ғабдуллина Қ.Құқық социологиясы.Алматы 2004ж.
Достарыңызбен бөлісу: