ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет60/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

тәрбиелеу.Сондықтан неке субъектінің заңда қарастырылған әрекеттері 
орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субъектіні 
үйленген адамдар санатына жатқызады. 
Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен 
тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде кӛрініс 
тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі 
жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады. 
Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып 
саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны кӛбейіп, некеге 
тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе 
оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде 
бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-
ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін кӛрсетіп жүр, яғни әр 
жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші 
адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда 
отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау 
сақталған және қоғамның кӛпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды. 
Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік – экономикалық, саяси, 
нақты-тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға 
қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді. 
Бүгінде қоғам әмірінің барлық салаларында дәстүрлі құндылықтарға 
қайта баға берілуде. Осыған байланысты әлеуметтік зерттеулерде мынадай 
негізгі сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы қызметі неке 
сапасы, билік құрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа ӛзгерді? 
Социологтарды сондай-ақ біздің елімізде болып жатқан оқиғалардың бүтіндей 
отбасылық идеологияны қандай дәрежеде ӛзгертетіні қызықтырады. 
Лонгитюдті зерттеулер неке – отбасылық қатынастарға айрықша мен 
берілетінін кӛрсетіп отыр. Біздің респонденттеріміздің жауабы отбасы мен 


130 
неке құндылығының халықтың барлық тұрғындары үшін ӛз маңызын 
жоймағанын; әйелдер санының арту үрдісін кӛрсетеді. Әйелдер үшін отбасы - 
бірінші кезектегі құндылық, әйтсе де біздің қоғамымызда жұмысқа да, 
отбасына да бірдей қарайтын әйелдер саны кӛбірек (80 процентке дейін). 
Отбасын құру, некелесу себептері прагматизмінің ӛсуіне қарамастан, 
респонденттердің кӛп бӛлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және жоғары 
сезімдер кӛзі" және "бүкіл қоғамдық ӛмірдің негізі". 
Отбасын құрудағы заңды және нақты кӛзқарасын зерттеулер барысында 
адамдардың некенің тұрақты болуы бірлесе ӛмір сүру кезіндегі ("сынама 
неке") таныстығының ұзақтығына байланысты еместігін кӛрсетеді. Жауап 
берушілер некені тіркеу қажет деп есептейді: "бірлескен ӛмірдің басында" (63 
процент), бір жыл ӛткен соң" (32 процент), "2 жылдан соң" (2,5 процент), "5 
жыл ӛткен соң"(2,5 процент). 
Барлық сұралған респонденттердің тек 23,3 проценті ғана әлеуметтік 
және білім деңгейі күйеу мен қалыңдық үшін кедергі болады деп есептейді. 
Некеге дейінгі бұл фактордың құндылығына жоғары білімді 51,4 процент 
респондент және 44,2 процент орта білімі барлар (оның ішінде арнайы білімі 
барлар) жауап берді. Кӛпшілігі (60 процент) некеге тұру кезінде әлеуметтік 
жағдайы мен білім деңгейіндегі айырмашылықты ескермеу керек деп 
есептейді. 
Отбасындағы психологиялық ахуал қандай факторларға байланысты? 
"Жұбай таңдау теориясы" деген бар, бұл бойынша, жұбайлардың ӛздері 
отбасында қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл 
рольдер: а) ана мен бала қарым-қатынасына біреуге арқа сүйегісі 
келетін күйеуіне қамқорлық жасайды; ә) күшті де, қабілетті күйеуіне жар 
және кӛнгіш, мәпелеуді қажет ететін кішкене қуыршақ тәрізді әйеліне 
қамқорлық жасайды; б) қожайын мен қызметші әйелдің иерархиялық қарым-
қатынасына ұқсас, яғни мейірімді күйеуіне қабілетті әйелі күтім жасайтын 
отбасы; в) іскер әйелі қорқып және кӛңілі қалған еріне басшылық жасайтын 
отбасы. 
Отбасының маңызды қызметі репродуктивті және тәрбие беру 
болып саналады. "Бүгінде қанша бала болған жақсы?" деген сұраққа: 
сұралғандардың жартысы екеу десе, 41 проценті — біреу, 7 проценті - үшеу, 2 
проценті - тӛрт жӛне одан да кӛп бала болғаны жақсы десе, 0,3 проценті 
"біреуі де болмағаны жақсы!" деп сеніммен айтады. Басқа бір социологиялық 
зерттеудің қорытындысы бойынша, отбасындағы баланың тууын жоспарлауға 
мүмкіндік бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен кӛрсетілген): 
- материалдық жағдай мүмкіндік бермейді-26,4; 
- некеде тұрмаймын-15,6; 
- денсаулығым кӛтермейді-15,4; 
- тұрғын үй жоқ - қалғандары. 
Отбасы мүшелерінің санының аз болуын қалайтындар тек 
"бюджеттегілер" (мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және т.б) ғана емес, 
кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бар. 


131 
Неміс ғалымдары қызықты формула шығарды: ананың жасы әкесінің 
жасының жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек. Зерттеушілердің 
байқауынша, ата-аналары неғұрлым үлкен және даналау болған сайын, 
тәрбиелеу факторы соғұрлым салмақты, баланың таланты байқалып, дами алу 
мүмкіншілігі кӛп болады. Ф.М.Достоевскийдің "Алдымен – университет, 
сосын бала ту",- деген сӛзінің жаны болса керек. 
Балалар үшін отбасындағы психологиялық климат, әсіресе, маңызды. 
Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің не шешесінің болмауы немесе олардың 
адамгершілікке жат қылығы жеке тұлғаның девианттық (ауытқу) мінез-
құлықпен қалыптасуына ықпал ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде 
отбасы құрамы аса маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең 
маңыздысы - балаға эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай 
тұлға алатыны оның қабылдауы мен қабылдамауына байланысты. Бала 
жасында қандай психологиялық қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты 
ортаның әсері қабылданады. Қолайсыз адамгершілік әсер кезіңцегі 
психологиялық, эмоционалдық жайсыздық, ӛмірлік міндеттерді шешуде 
индивидтің қоғамға қарсы тәсілдерді игеруі қылмысқа ұрындыруы 
мүмкін. Бала отбасында неғұрлым жайсыз тұрған сайын, соғұрлым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет