Оқу жылына 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ



бет7/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#130508
1   2   3   4   5   6   7

Оқытудың мақсаты: білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың грамматикалық талдауды толық меңгеруіне жол ашу; ережелер мен фактілердің тілдік қарым-қатынаста дұрыс қолданылуын іске асыру.

Қысқаша мазмұны: Қазақ тілінің практикумы – студенттердің қазақ тілі ғылымынан алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдылары мен тәжірибелерін жетілдіруді іске асыратын; лингвистиканың ғылыми негіздерін нақтылы тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бекітуді көздейтін; теориялық қағиданы жан-жақты тереңдетіп меңгертеді. Бұл курста емле, тыныс белгілері, тіл дамыту мәселелеріне көңіл бөлінеді. Мақал-мәтелдерді қолданып отыру дағдысын қалыптастыру, мазмұндама, шығармалар жаздыру арқылы тіл дамыту, өлеңдер жаттату, өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтқызу, мәнерлеп оқыту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыру т.б. осы сияқты тіл дамыту жұмыстары курста кең қолданылады. Курста тіл білімінің салалары – фонетика, лексикология, грамматика (сөзжасам, морфология, синтаксис) бойынша тілдік талдаулар жүргізіледі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі:

  • тіл білімі салалары бойынша тілдік талдау жасауды меңгеру:

  • тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын меңгеру.

Білуі: қазақ тілі ғылымынан алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдыларды (тілдік талдауларды) меңгеру.

Дағдысы:

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу дағдыларына ие болу;

  • мәліметтерді компьтерлік өңдеу және мәтіндік редакциялаудың әр түрлі үлгілерімен жұмыс жасау дағдысына ие болу;

  • студенттердің сөздік қорын байыту, мақал-мәтел тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру,

  • сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркестері мен сөз қолданыстарын меңгертумен қатар сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру.

Құзіреттілігі:

  • қазақ тіл білімі салаларының негізгі теориялық ережелерін, тілдік талдауларын білу;

  • қазақ тіл білімінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметі туралы негізгі білімі болу;

  • лингвистика салаларындағы талдаудың негізгі әдістерін меңгеру;

  • тіл білімінің негізгі теориялық ережелерін, лингвистиканың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын білу.

Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Кеңесбаева Ш.

Білім беру траекториясы – Мерзімді баспасөз

28

KTG

0328


Ғылыми-танымдық журналистика

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредит саны – 5.



Курстың пререквизиттері – жоқ

Курстың постреквизиті – 65 кредит.

Оқытудың мақсаты: Екі шығармашылық қызметтің бір арнада тоғысуы. Ғылым мен шығармашылық мәселелері. Автор және оқырман. Жазушы және журналист. Кеңістік, уақыт және эмоциональдық тұрғыдағы автордың ой қорытуы. Автордың ақпараттық, публицистикалық және көркем тұрғыдағы ой қозғауы.

Қысқаша мазмұны: «Ғылым өркениет өлшемі», «Ислам – біліктілік Қағбасы», «Орта Азия мен Қазақстан топырағының оқымыстылары – ғылымның тұңғыш насихаткерлері», «Алғаш мерзімдік баспасөздегі ғылым таным», «Ғылымтанудағы Абай мектебі», «Ғылымтанудағы М.Әуезов мектебі», «Осы заман ғылыми-танымдық журналистикасы».

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі публицистикадағы көптүрлілік, оның тақырыптық мәселелерінің көптүрлілігі.

Білуі: Жанрды анықтау. Әлем және адам бейнесін журналистика мен көркем әдебиетте туғызу.

Дағдысы: Өткен және қазіргі таңдағы атақты жазушылар мен журналистердің шығармашылық зертханасына талдау жасау.

Құзіреттілігі: Әдеби шығарма негізінде шығармашылық прект жасау.

Бағдарламының жетекшісі: Каримова Б.Ж., аға оқытушы

29

PO

0329


Публицистика өнері

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредит саны – 5.



Курстың пререквизиттері – жоқ

Курстың постреквизиті – 65 кредит.

Оқытудың мақсаты: Көсемсөздің сөз өнерінің айрықша саласы ретіндегі таным-табиғатын, атқаратын қызметтері (функциялары) мен теориялық-әдістемелік, тәжірибелік мәселелерін талдап, түсіндіру және студенттерді көрнекті көсемсөз шеберлерінің шығармашылық ізденістерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Бұл пәнді игеру арқылы болашақ журналист-баспагерлер елінің, жерінің игілігі үшін аянбай қызмет еткен, қолындағы қаламын халқының амандығы, өсіп-өркендеуі жолындағы түрлі кедергілерге қарсы күрес қаруына айналдырып, жанкешті өмір кешкен қазақ публицистерінің шығармашылық өмірімен терең тыныстап, жазу шеберлігін шыңдай түседі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Көрнекті көсемсөз шеберлерінің шығармашылық ізденістерімен танысу. Көсемсөздің сөз өнерінің айрықша саласы ретіндегі таным-табиғатын, атқаратын қызметтері(функциялары).

Білуі: ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы классикалық үлгідегі қазақ публицистикасына жеке-жеке тоқталып, осы кезеңдегі көсемсөз шеберлерінің таңдаулы еңбектерін білуер, шығармашылық тәжірибе жинақтауларына мүмкіншілік туғызу.

Дағдысы: Қазіргі публицистика жанрлары.

Құзіреттілігі: Публицистика және оның тақырыптық мәселелерінің көптүрлілігі.

Бағдарламының жетекшісі: Хибадуллина А.С., аға оқытушы

30

ACgB

0330


Әдеби сын және баспасөз

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредит саны – 5.



Курстың пререквизиттері – жоқ

Курстың постреквизиті – 65 кредит

Оқыту тәсілдері оқытудың мақсаты: Қазақстан қоғамында көптеген ұлттардың ұзақ уақыт және бейбіт өмір сүруі негізінде қалыптасқан, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерге қоғамдық көзқарас, саяси пікірлерге объективті заңдылықтар мен өлшенетін журналистік қызметтің жалпы теориялық-методикалық және субъективті- объективті принциптерінің іс-әрекетін көрсету.

Қысқаша мазмұны: Әдеби шығармашылық – жеке құбылыс ретінде. Оқырман және автордың объекттік және субъекттік байланысы. Тілі, стилі. Шығармашылықтағы психология. Жазушы архиві.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Әдеби жанрлардың теориясы мен методологиясы. Олардың БАҚ-та көрініс табуы. Ең танымал әдеби жанрлар: әңгіме, анекдот, фельетон, эссе, очерк.

Білуі: Телерадио мен баспасөз материалдарына талдау.

Дағдысы: Өзіндік әдеби шығарманы баспаға ұсыну және фильмге сценарий құру.

Құзіреттілігі: Жанрды анықтау. Әлем және адам бейнесін журналистика мен көркем әдебиетте туғызу.

Бағдарламының жетекшісі: Хибадуллина А.С., аға оқытушы

Шәкәрім атындағы СМУ ОӘК мәжілісінде бекітілген

Хаттама № __ «__» ________ 2012 ж.
Шәкәрім атындағы СМУ Ғылыми кеңестің мәжілісінде бекітілген

Хаттама № __ «__» ________ 2012 ж.







Келісілген:

Гуманитарлық-заң факультетінің деканы,

ф.ғ.д., профессор __________ А.Еспенбетов

(қолы) (аты-жөні)


ОӘБ бастығы __________ М. Смирнов

(қолы) (аты-жөні.)


Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент ______ Ш.Сейітова

(қолы) (аты-жөні.)

(қолы) (аты-жөні)






















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет