Оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының



жүктеу 14.8 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі14.8 Kb.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БОЙЫНША
БҰЙРЫҚ
Ақтөбе қаласы № 798 «30» желтоқсан 2010 жыл

2010 - 2011 оқу жылында жалпы білім беретін

пәндер бойынша республикалық олимпиадасының

ІІ (қалалық) кезеңін өткізу туралы
Ақтөбе облысы білім басқармасының 2010 жылдың 20 желтоқсанындағы № 1021 бұйрығын орындау мақсатында

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі 2011 жылдың 14-15 қаңтарында (14.01.11 ж.- бірінші тур, 15.01.11 ж. – екінші тур) Ақтөбе қаласының № 40 орта мектеп базасында (директоры Л. Уразбаева) өткізілсін, олимпиадаға қатысушылардың барлық жағдайы жасалсын.

2. № 40 орта мектебінде 2011 жылдың 14 - 15 қаңтарындағы оқу сабақтары 2011 жылдың көктемдегі каникул кундерімен ауыстырылсын.

3. № 40 ОМ ( Л. Уразбаева) директоры оқу сабақтарының ауысуы жөнінде оқушылармен, ата-аналарды дер кезінде хабардар етуді қамтамасыз етсін.

4. Бекітілсін:

- жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданы өткізу және ұйымдастыру комитетінің құрамы (№1 қосымша)

- қалалық олимпиаданы дайындау мен өткізу жоспары (№2 қосымша)

- жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада өткізудің қаражат шығындары сметасы (№ 3 қосымша)

5. Мектеп басшыларына:

- оқушылардың қалалық олимпиада өткізілетін № 40 орта мектепке (Рыскулов көшесі, 8 «А») келуі, қайтуы қамтамасыз етілсін, оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне жауаптылар тағайындалсын;

6. Қалалық олимпиада өткізудің қаражат шығындары қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық (Ж.Мухамбетова)есебінен сметаға (№ 3 қосымша) сәйкес (бас есепші С. Дүйсенбекова) төленсін.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы білім бөлімі бастығының орынбасары Р. Тастанбаеваға жүктелсін.



Ақтөбе қаласы

білім бөлімінің бастығы А. Арынғазиева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет