Оқу жылындағы 10-11 сыныпқа арналған география пәні бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжаттар



бет1/14
Дата01.09.2022
өлшемі127.72 Kb.
#460136
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
КТЖ 10-11 2021-2022ж



Түсінік хат
2021-2022 оқу жылындағы 10-11 сыныпқа арналған география пәні бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжаттар;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Типтік оқу жоспарлары:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығының 4- қосымша бұйрығына, 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130
Типтік оқу бағдарламалары:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарды жасау кезінде «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынды. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты І тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында бір ТЖБ енгізілді. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаухат.


География интеграциялық ғылым ретінде қамтиды жаңа салаларды қамтиды. География пәнінің мұғалімі жұмысы енді ақпараттық технологиялар мен геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.
«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:

  • оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;

  • геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;

  • оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;

  • оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

  • геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.

«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, жалпы оқу жылында 68 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты,
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және геоинформатика;
3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет