І апта
«Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері»
|
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Доптарды домалату.
Қимылды ойын: «Ақ сүйек»
2.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Доптарды домалату.
Затты көлденеңінен
2-2.5 ара қашықтықта оң және сол қолымен лақтыру.
Қимылды ойын: «Орамал тастамақ»
3.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Көлденең және көлбеу орындықта
төрттағандап еңбектеу. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру.
(биіктігі 5-10см).
Қимылды ойын: «Асық ойындары»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Салт- дәстүрді білемін»
Мақсаты:Балалардың сөздік қорын ұлттық заттардың атауларымен байыту.Заттар тобын білдіретін сөздерді балалардың сөздік қорына жалпылауыш сөздерді түсіну арқылы ендіру.
Дид-қ ойын: «Сөзді жұмбақта»
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бесік жыры»
Мақсаты: Шағын әңгімелер құрастырып, ойында әдеби бейнелерді қолданады.
Дид-қ ойын: «Қуыршақты бесікке бөлейік»
|
ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Ұлттық киімдер»
Мақсаты: Осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерлігіне жаттықтыруды жалғастыру.
Дид-қ ойын: «Заттарды топтастыр»
|