Қаралған мәселелер:
1. Жаңа оқу жылымен құттықтау
2.Жаңадан келген оқушылармен танысу
3.Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру
4.Сынып белсенділерін сайлау
5.Сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру.
6.Кезектегі мәселелер
1-мәселе бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылында биік белестерді бағындыру айтылды. Өткізілген барлық шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып 11-сыныпты жақсы аяқтау.
І тоқсанды жақсы аяқтауға, сабаққа белсене қатысып, сабақа күнделікті тыңғылықты дайындалып жүруге шақырды.
2-мәселе бойынша сыныбымызға жаңадан келген оқушылармен танысу. Сыныбымызға жаңадан келген оқушылар Тойлыбай Асем, Тұрдалы Диана, Жомартұлы Қасым. Бір үйдің баласындай ұйымшылдыққа болу. Көмек керек кезде қол ұшын созу. Достығымызды нығайту жайында сөз болды.
3-мәселе бойынша мектептің ішкі тәртіп иережелерімен оқушыларды таныстыру. Ол жөнінде мектептің мүлкіне тиянақты қарап, тазалықты және тәртіпті сақтау айтылды. Мектеп формасын сақтап үнемі киім жүру керек екені ескертілді. Ұялы телефон алып келмеу, түнгі 22.00 ден кейін көшеге шықпай керектігі айтылды. Берілген тапсырмаларды уақытында орындап, мектепішілік шараларға белсене қатысу керек екеніне тоқталдық. Мұғалімдердің рұқсатынсыз мектептен кетуге және сабақтан себепсіз қалуға болмайтыны жөнінде сөз болды. Сабақтың басталуы уақыты мен қоңырау ұзақтығымен таныстырылды. Мектепке сабаққа қатысы жоқ нәрселерді әкелмеуге тыйым салынды. Сабақ кезінде, қоңырау кезінде оқушы өзін-өзі ұстауы жөнінде де ескертіліп кетті.
4-мәселе бойынша сынып белсенділері сайланды.
№
|
Атқаратын жұмыс бағыттары
|
Оқушының аты₋жөні
|
1
|
Сынып басшысы
|
Бегалы Айкен
Жомарұлы Қ.
|
2
|
Оқу секторы
|
Нарбай Ақжүніс
|
3
|
Спорт секторы
|
Абдулвахит Р.
|
4
|
Тазалық секторы
|
Тойлыбай А.
|
5
|
Мәдениет секторы
|
Өтебай Ә.
|
6.
|
Ұлдар төрағасы
Қыздар төрайымы
|
Ерғалиұлы Б.
Ангарова Ж.
|
5-мәселе бойынша сынып кезекшілігін ұйымдастырып, сол бойынша сыныптың тазалығын реттеу тапсырылды.
6-мәселе бойынша жалпы құқық бұзушылықтың алдын - алу туралы баяндама оқылып, оқушыларға келеңсіз жағдайлардан аулақ болу керектігі айтылды.
Қаулы:
1 мәселе бойынша жаңа оқу жылымен құттықтады.
2 мәселе бойынша жаңадан келген оқушылар таныстырылды.
3 мәселе бойынша мектеп ережелері таныстырылды.
4 мәселе бойынша сынып белсенділері сайланды.
5 мәселе бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.
Жиналыс төрағасы: Мадиярова Б.
Сынып жиналысының №2 хаттамасы
27.10.2021 ж.
Қатысқаны: 26
Қатыспаған жоқ
Күн тәртібінде:
Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі
Сынып топбасшысының есебі ( оқушылардың сабаққа қатысуы туралы)
Карантин ережесі
Ағымдағы мәселелер
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. І тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты.
Екінші мәселе бойынша сыныптағы топ басшы Бегалы Айкен сөз бастап,
І тоқсанда оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі төмен екендігін айтты. Сыныпта сабаққа немқұрайлы қарайтын оқушылар бар екендігі айтылды. Олар: Жамал Мұқан, Құрмансейітов Тимур,Әділханұлы Абай.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға интернеттен болғандықтан көп уақыттарын түрлі сайттарды өткізетінін айта отырып, түрлі қажет емес ойындардан аулақ болуын ескертті. Сынып ішінде тазалық сақтап, карантин шараларын сақтау керектігі айтылды.
Сөз соңында сынып жетекші сөз алып кешкі уақытта оқушы үйде отыруы тиіс және карантиннің барлық ережесін сақтау керектігін айтып өтті. Оқушының сабақтан бос уақытында ақылы жұмыс істеуіне, көшеде бей мезгіл жүрмеуін, басқа қалаларға баруына қатаң тиым салынатындығын ескертті
Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.
Қаулы:
Әрбір оқушы ІІ тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.
Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.
Карантин кезінде барлық ережелер сақталсын.
Жиналыс төрағасы: Мадиярова Б.
Сынып жиналысының №3 хаттамасы
24.11.2021 ж.
Қатысқаны: 26
Қатыспаған жоқ
Күн тәртібінде:
1.Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі
2.Сынып топбасшысының есебі ( оқушылардың сабаққа қатысуы туралы)
3.Ағымдағы мәселелер
Сынып жетекші Мадиярова Бегзада сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. І тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты. Оқушылардың қашықтықтан оқу кезінде сабаққа қатысуларын дұрыстау керектігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша сыныптағы топ басшы Бегалы Айкен сөз бастап,
І тоқсанда оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі төмен екендігін айтты. Сыныпта сабаққа немқұрайлы қарайтын оқушылар бар екендігі айтылды. Олар: Жамал Мұқан, Құрмансейітов Тимур,Әділханұлы Абай. .
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға қашықтықтан оқыту тікелей интернеттен болғандықтан көп уақыттарын түрлі сайттарды өткізетінін айта отырып, түрлі қажет емес ойындардан аулақ болуын ескертті.
Сөз соңында сынып жетекші сөз алып қашықтықтан оқу барысында оқушы үйде отыруы тиіс және карантиннің барлық ережесін сақтау керектігін айтып өтті. Оқушының сабақтан бос уақытында ақылы жұмыс істеуіне, көшеде бей мезгіл жүрмеуін, басқа қалаларға баруына қатаң тиым салынатындығын есертті
Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.
Қаулы:
Әрбір оқушы ІІ тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.
Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.
Карантин кезінде барлық ережелер сақталсын.
Жиналыс төрайымы: Мадиярова Б.
Сынып жиналысының №4 хаттамасы
18.01.2021 ж.
Қатысқаны: 26
Қатыспаған жоқ
Күн тәртібінде:
Офлайн оқуды ұйымдастыру
Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі, тәртібі
3. Сынып топбасшысының есебі ( оқушылардың сабаққа қатысуы туралы)
Ағымдағы мәселелер
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мадиярова Бегзада сөйледі.
ІІІ тоқсан оқушылардың мектепте негізгі пәндерді оқитындықтары ескертілді.Оқушылар мектепке келу барысында санитарлық жағдайларды толық сақтау керектігі айтылды. Өздерімен бірге әрдайым бетперде, сулық, антисептик болу керектігі ескертілді. Бір бірімен арақашықтық сақтау керектігі айтылды.Мектеп формасы классикалық түрде болатындығы ескертілді. Мектептің ішкі тәртіп ережесі міндетті түрде сақталу керектігі ескертілді.
Сынып жетекші Мадиярова Бегзада сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне тоқталды. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы, дегенмен кейбір оқушыларға әлі де тырысу керектігін айтты. Оқушылардың қашықтықтан оқу кезінде сабаққа қатысулары төмен екендігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша сыныптағы топ басшы Бегалы Айкен сөз бастап, ІІ тоқсанда оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі орташа екендігін айтты.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға қашықтықтан оқыту тікелей интернеттен болғандықтан көп уақыттарын түрлі сайттарды өткізетінін айта отырып, түрлі қажет емес ойындардан аулақ болуын ескертті.
Сөз соңында сынып жетекші сөз алып офлайн оқу барысында оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтап, санитарлық жағдайды сақтаулары керектігі айтылды. Оқушының сабақтан бос уақытында ақылы жұмыс істеуіне, көшеде бей мезгіл жүрмеуін, басқа қалаларға баруына қатаң тиым салынатындығын есертті
Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.
Қаулы:
1.Әрбір оқушы ІІІ тоқсанды жақсы деген бағалармен аяқтауға жауапкершілікпен қарасын.
2.Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.
3.Санитарлық ережелер сақталсын.
Жиналыс төрайымы: Мадиярова Б.
Достарыңызбен бөлісу: |