Оқу жылының 21-26 ақпан аралығындағы өткен «Өнер қалашығына саяхат» атты апталықтың өтілуі жайлы анықтама



бет1/2
Дата16.02.2023
өлшемі22.91 Kb.
#469660
  1   2
блмейм


№24 ЛИЦЕЙ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ
2021-2022 оқу жылының
21-26 ақпан аралығындағы өткен «Өнер қалашығына саяхат»
атты апталықтың өтілуі жайлы
АНЫҚТАМА
2022 жылдың ақпан айының 21-26 жұлдызы аралығында, эстетика пәндер кафедрасының «Өнер қалашығына саяхат» атты онкүндік апталығы өтілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің көркем еңбек және музыка пән мамандары елімізде, жерімізде тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс -шаралар өтуіне белсенді ат салысты. Онкүндік барысында бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылған іс шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Керімбекова Айгүл мен орыс тілі пән бірлестігінің жетекшісі Сулейменова Саида тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Ә. Әшім «Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне мектеп кітапханашысы да атсалысты. Кітапханашы А. Мұртазаеваның ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» атты іс-шараға 6-7 сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды.
Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Г. Тұрсынбекова 11 «Ә» сыныбында М. Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. 
19.09. Г. Тайманова 8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Қорқыт жырлары» Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды. «Өрмекшінің торы» әдісін жақсы ұйымдастырды. Оқушылар осы ойынға белсенді қатысты. Сабақта біршама кемшіліктер орын алды. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана алмады. Мектеп әкімшілігі тарапынан сын-ескертпелер айтылды.
Е. Есімханов 20 қыркүйекте 5 «Б» сыныбында «Сөйлеу мәдениеті. Сыпайылық, әдептілік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім бейнепроектр, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.
22 қыркүйек күні А. Керімбекова 10 «Б» сыныбында «Махамбет – халық кегінің жоқтаушысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімі пайдаланды. Топтық, жұптық жұмыстар жасалынып, сабаққа жаңаша үлгідегі көрнекіліктерді тиімді пайдаланды. Сонымен қатар сабақта қамтылмай қалған оқушылар болды. Сол оқушыларға жекелеп тапсырмалар беру керек еді.
11 «А» сыныбында пән мұғалімі Әшім Әлия «М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім хикая картасы, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшелігіне байланысты оқыту модульдерін тиімді пайдаланды. Рольдік ойындар ұйымдастырылды. Сабақ соңында мұғалімге біршама ұсынытар айтылды. Жалпы сабақ өз дәрежесінде өтілді.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Джорабаева Ажардың «Дәстүріңді сақтай біл» атты 9-сыныптар арасында сыныптан тыс тәрбие сағаты ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, өнерді кеңінен паш етіп, көрермендерді оқушылар өз өнерлерімен тәнті етті. Айта кетсек оқушылар қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіп, мың бұрала билер биледі.
Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл - татулық тірегі» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі А. Өмірбекова құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, 11-сынып қыздары қазақтың ұлттық биін шабыттана орындаса, 6 «б» сынып оқушыларынан құралған қыздар кәріс ұлтының биін билеп көрермен қауымын таңқалдырды. Концерттік бағдарламаны Амир Сұлушаш, Махамбетәлі И, Каналқұл Ж үш тілде жүргізді.
Апталық соңында 5-11 сыныптар әр түрлі тақырыпта қабырға газеттерін шығарды. Мұғалімдер барлық іс-шараға белсене қатысты. Сонымен бірге біршама кемшіліктер де орын алды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ш. Қараулова денсаулығына байланысты демалыста болуына байланысты ашық сабақ өте алмады, алдағы уақытта өтіп беретіндігін айтты. Апталық барысында белсене қатысқан мұғалімдерге, Г. Тұрсынбекова мен А. Джорабаеваны марапаттауға ұсыныс берілді. Тіл апталығының қорытындысы шығарылып , оқушылар сыйлықтармен, мақтау қағаздармен марапатталды.

ӘБ жетекшісі: А. Керімбекова





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет