03-08.04. 2017ж. күндері аралығында эстетикалық пәндер бірлестігінің «Өнерліге өріс кең» тақырыбындаөткізген апталық ақпарламасы
03-04.08.04.2017ж. күні аралығында эстетикалық пәндер (еңбек, сызу, бейнелеу, музыка, өзін-өзі тану пәндері) бірлестігінің «Өнерліге өріс кең» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық төмендегідей іс-шаралар бойынша өткізілді.
03.04.2017ж. күні жоспар бойынша «Өнерліге өріс кең» апталығының ашылуы болып өтті. Шараға мектептің әнші, биші, күйші оқушылары өз өнерлерін паш етті. Апталықтың ашылуына пән бірлестік мұғалімдері түгелдей атсалысты.
03.04. 2017ж. күні жоспар бойынша бірлестіктің бейнелеу және технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қолөнер мен сурет көрмесі жасақталды. Көрмеге мектептің он саусағынан өнер тамған оқушыларының шығармалары жарияланды. Және де ұстаздардың да кейбір бұйымдары ұсынылды.
07.04.2017ж.күні Байбозов Чынболат «Электр зақымданудан сақтану» тақырыбында 7 «в» сыныбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып электр желісімен жұмыс жасауды үйренді. Чынболат ағай сабағында жаңа технолигияның топтық, жұптық жұмыс әдістерін қолданды. Оқушылар сбаққа белсенді түрде қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтті.
04.04.2017ж. күні Матниязова Таня 6 «Ә» сыныбында «Мүсін өнерінің түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Сабақта сто элементтері қолданылды. Жаңа технологияға сай, оқушылар өз ойларын қолөнер бұйымдары арқылы жеткізе білді.
06.04.2017ж. күні Қуаналиев Нұрсабит 5 «г» сыныбына «Электр тізбегі және оның элементтері. Электр сызбасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып электр желісімен жұмыс жасауды үйренді. Сабаққа мектеп басшылары, бірлестік мұғалімдері қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтіп шықты.
03.04.2017ж. күні Акрамова Гүлмира 6 «Д» сыныбына «Киімге күтім жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа оқушылар бар ықыласымен қатысты. Сабақ барысында киімдерді жөндеу, ретке келтіру, оларға күтім жасауды үйренді. Сабаққа бірлестік жетекшісі Амантаева Гүлнара қатысып, сабақты өте жақсы деп бағалады. Сабақ өз деңгейңнде өтті.
05.04.2017ж. күні Еңсегенова Ақжарқын 10 «В» сыныбында «Жобаның эскизін, сызбасын дайындау » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа пән бірлестік мұғалімдері қатысты. Сабақта жаңа технология әдіс тәсілдері қолданылды. Сабақ өз деңгейінде өтті.
08.04. 2017ж. күні апталықтың жабылуы мектептің өнерлі оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып өтті. Апталық өз деңгейінде атқарылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |