Оқу жұмыс бағдарламасының титулдық парағы



бет5/13
Дата23.04.2024
өлшемі301.5 Kb.
#499649
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
5 Бөлім. Химиялық кинетика
5.1. тақырып. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Формальды кинетиканың негіздері. Кинетикалық теңдеу. Жылдамдық константасы.Реакцияның реттілігі мен молекулярлығы. Реттілік пен молекулярлықтық сәйкес келмеуі.Мономолекулалық реакциялардың механизмі,1-ші және 2-ші реттілікпен жүруі. Реакция реттілігін анықтау жолдары. Күрделі реакциялар:қайтымды, параллельді, кезегімен жүретін.
Реакцияның тұрақталатын сатысы.Реакция жылдамдығының температурадан тәуелділігі. Активтену энергиясы. Активтену энергиясын есептеу. Стериялық фактор. Активті комплекс.Фотохимиялық реакциялар. Энштейннің эквивалентті заңы.Квантты шығым. Жоғары энергиялардың сәулелерінің химиялық әрекеті.Судың радиолизі. Тізбекті реакциялар. Тізбекті реакциялардың кинетикасының ерекшеліктері. Жай және тармақталған тізбектер. Радикалдар. Тізбекті реакциялар теориясы бойынша Н.Н. Семеновтың еңбектері. Гетерогенді процестердің ерекшеліктері. Еру және кристалдану кинетикасы. Гетерогенді реакциялар теориясы.
5.2. тақырып. Катализ. Катализатордың жалпы сипаттамасы. Ингиторлар. Катализатордың ерекшеліктері. Катализаторлардың активтену энергиясына әсері. Гомогенді катализ. Гомогенді катализ теориясы. Аралық өнімдер ролі.
Гомогенді катализ кезіндегі энергияның өзгеруі. Автокатализ. Гетерогенді катализ. Физикалық және химиялық адсорбция. Беттіқ катализатордың құрылымы. Гетерогенді катализ сатылары. Гетерогенді катализ кезіндегі энергияның өзгеруі. А.А. Баландиннің гетерогенді катализ теориясының негіздері. Промоторлар. Катализаторлардың улануы. Катализаторлар.
Коллоидты химия
6 Бөлім. Беттік құбылыстар және адсорбция
6.1. тақырып. Дисперсті жүйелердің жалпы қасиеттері. Дисперсті фаза және дисперсті орта. Дисперсті жүйелердің негізгі белгілері:гетерогенділік және дисперстік. Меншікті беттік ауданының бөлшек дисперстілігінен тәуелділігі. Коллоидты химия дисперсті жүйелер мен беттік құбылыстар туралы ғылым. Орта мен фазаның агрегатты күйіне байланысты,бөлшектің өлшеміне қарай, фаза мен сұйық дисперсті орта арасындағы әреттесуге байланысты дисперсті жүйелерді классификациялау. Ауыл шаруашылығы мен өндірістегі дисперсті жүйелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет