Бір реттік жүйені құрастырдым:
1. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолымды өңдеп, қолғапты кидім.
2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені дайындадым (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріп алдым).
3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды дайындадым (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексердім, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырдым).
4. Флаконның пластмассты қалпағын алдым да, ашылған резеңке бөлігін спирттелген мақта шариктерімен 2 рет өңдедім.
5. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін аштым, ораудан жүйені шығардым.
6. Жүйенің бұрандалы қысқышын жауып қойдым.
7. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгіздім. Тамызғыштың ауа кіргізгішін аштым.
8. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекіттім.
9. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырдым.
10. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырдым.
11. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигіздім.Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріп алдым.
Бір реттік жүйе арқылы көк тамырға сұйықтықтарды тамшылатып жіберудегі менің іс -әрекетім
1. Палатаға кіріп науқастармен амандасып,өзімді таныстырдым.
2. Манипуляция жасалуы керек науқасты идентификацияладым,дәрігер тағайындау парағы бойынша тексердім.
3. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектестім (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі).
4. Гигиеналық деңгейде қолымды тазарттым. Қолымды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеп, қолғапты кидім.
5. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексердім, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыдым, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аудардым,барлығы дұрыс екеніне көз жеткізгеннен кейін келесі шараларды орындадым:
6. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салдым.
7. Ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байлап,көк тамырды тесетін жерін қарадым.Тамыр соғуын тексердім. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұрадым,сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұрадым.
8. Көк тамырды саусақпен басып,сезіп көрдім.Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдедім.
9. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен өңдедім, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алдым.
10. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жібердім, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен бастым.
11. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгіздім.
12. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгіздім және ине түскенін тексердім.
13. Сол қолмен бұрауды босатып, науқастан жұдырығын жазуын сұрадым.
14. Ине тамырда екеніне көзімді жеткізгеннен кейін,инені лейкопластырьмен бекітіп,жүйенің қысқышын аштым.
15. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттедім және бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақыладым.
16. Көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жаптым.
17. Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағаладым.
18. Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылап жүрдім және науқастан ешқандай ауырсыну,ашу сезімі жоқтығын сұрадым.
19. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жауып, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутқа бастым. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіп қалдырдым.
20. Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды жуып, құрғаттым.
|
Қол жуу-6
Қолғап кию-6
Ағымды тазалау-1
Бір реттік жүйе қою-4
Бұлшықетке иньекция жасау-2
Қорытынды тазалау-1
|
|
|
06.06.23
|
Бүгін арнайы қорғаныш киімдерімді киіп,қолымды өңдедім.Бүгінгі тәжірибе күнім «жалпы тәжірибедегі дәрігер» кабинетінде өтті.Бұл жерде мен КМИС бағдарламасымен жұмыс істедім,науқастың қан қысымын өлшедім,қаралған науқастардың тізімін құрдым,науқастарға флюра кабинетіне жолдама бердім.
Қан қысымын өлшегендегі менің алгоритмім:
1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіру,рұқсатын алу,қалыптыдағы қан қысымын сұрадым
2.Науқасқа ыңғайлы қалып беру: отырғызу немесе жатқызу
3.Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына немесе жұқа киім сыртынан,шынтақтың иілген жерінен 2-3см жоғары жүрек деңгейінде,1саусақ сиятындай орналастырдым.
4.Танометрдің тілі 0де тұрғанына көз жеткізу
5.Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтап,фонендоскопты қойдым.
6.Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып,манжетаға баллоншамен ауаны толтырдым( 200мм сынап бағанасын көрсеткенше);
7.Вентильді ашып және ақырын манжетадан ауаны жаймен босаттым;
8.Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қарап,танометрдің көрсеткішін қадағаладым;пайда болған бірінші дыбыс-систолалық және жойылған мезгілде-диастолалық қан қысымы)
9.Алмұрт тәрізді баллоншадан ауаны шығарып,манжеткамен фонендоскопты алдым;
10.Фонендоскоптың басын 2рет 70% спиртке батырылған мақта шаригімен зарарсыздандырдым;
11. Өлшенген қан қысымының нәтижесін бақылау парағына жаздым.
|
Қол жуу-1
Қан қысымын өлшеу-1
Тізім жазу-1
|
|
|
07.06.23
|
Бүгін арнайы қорғаныш киімдерімді киіп,қолымды №151 бұйрық бойынша өңдедім.Бүгінгі тәжірибе күнім «жалпы тәжірибедегі дәрігер» кабинетінде өтті.Бұл жерде мен КМИС бағдарламасы бойынша жұмыс істедім, қаралған науқастарды тіркедім,анализдер нәтижелерін тіркедім.Науқастарға флюра кабинетіне жолдама бердім.
Науқастардың дене температурасын өлшедім.
Дене температурасын өлшегендегі менің іс-әрекет алгоритмім:
1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алдым.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазарттым.
3. Науқасты ыңғайлы етіп отырғыздым.
4. Термометрді қолға алдым. Оның бүтіндігін тексердім. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкідім және қарадым.
5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі бар жоғын қарадым.
6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).
7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуын өтіндім (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұрадым)
8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойдым..
9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтадым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым.
10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жаздым.(қара түспен).
11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзімді жеткіздім..
12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым..
13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жудым, салфеткамен құрғатып сүрттім, салфетка салынған лотокқа қойдым..
14. Қолымды жуып,кептірдім.
|
Достарыңызбен бөлісу: |