ОҚУ курстарының каталогы мамандығы 050113 -биология Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



бет4/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#136801
1   2   3   4   5



Пәннің аталуы

Вирусология

Қысқартылған таауы

ВЛ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Успабаева Айгул Аманқұлқызы

Доцент/ оқытушы:

доцент м.а.

Жұмыс тілі:

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ - 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Биохимия», «Цитология», «Генетика», «Микробиология», «Иммунология»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Қоршаған ортада кездесетін вирустардың таралу заңдылығы, тіршілік әрекеттері және вирустардың репродукциясы, сонымен қатар, вирустардың барлық биологиялық деңгейдежасушалық жүйелермен қарым-қатынасы туралы түсінік қалыптастыру.

Нәтижесінде: Вирустардың табиғатта таралу заңдылығын, олардың құрылысының күрделілігі, қарапайым синтетикалық қоректік орталарда жинақталмайтындығы туралы білу қажет.



Мазмұны:

Дәрістер: Кіріспе. Ашылу тарихы жөніндегі қысқаша мәліметтер. Д.И.Ивановский және М.Бейеринк еңбектері. Вирустардың облигатты клетка ішілік паразитизмі. Тыныш күйдегі вирустар (вирион) мен клетка ішілік вирустарға ( вирус-клетка комплексі) жалпы сипаттама. Вирустар мен клетка иесінің әсер етуінің әртүрлілігі: өнімді, интегративті, абортивті. Вирустардың шығу гипотизасы. Вирустардың құрылымдық ұйымдасуы. Вирус бөлшектерінің морфологиялық түрлері. Қарапайым және күрделі вирустар. Фагтар. Вирустардың химиялық құрамының ерекшеліктері. Вирус белоктары, олардың функциялары. Вирустардың нуклеин қышқылдары (қос жіпшелі, сақиналы, бір жіпшелі, фрагменттелген т.б.). Гликопротеидтер, минорлы компоненттер, олардың функциясы. Вирусология негіздері. Классификациялау үшін вирустардың морфологиялық, құрылымдық және генетикалық сипаттамаларын қолдану.

Клеткалардағы вирустардың репродукциясы. Клеткадағы вирустардың енуі мен адсорбциясы. Вирустық және клеткалық рецепторлар. Депртеинизация. РНК-лы және ДНК-лы вирустардың репликация ерекшеліктері. Өзбеттік жиналу. Вирус белогы мен басқа да компоненттерінің синтезі. Жетілген вирус бөлшектерінің түзілуі. Вирустардың клеткадан шығуы. Вирустарды дақылдау. Лизогения. Қалыпты бактериофагтардың клеткамен әрекеттесуінің жалпы сипаттамасы. Лизогенді конверсия. Өсімдік, жануарлар және адамның вирус инфекциялары. Вириоидтар. Приондар.



Практикалық сабақтар: Вирустардың облигатты клетка ішілік паразитизмі. Тыныш күйдегі вирустар (вирион) мен клетка ішілік вирустарға ( вирус-клетка комплексі) жалпы сипаттама. Вирустардың шығу гипотизасы. Вирустардың құрылымдық ұйымдасуы. Вирус бөлшектерінің морфологиялық түрлері. Қарапайым және күрделі вирустар. Фагтар. Вирустардың химиялық құрамының ерекшеліктері. Вирус белоктары, олардың функциялары. Вирустардың нуклеин қышқылдары (қос жіпшелі, сақиналы, бір жіпшелі, фрагменттелген т.б.). Вирусология негіздері. Классификациялау үшін вирустардың морфологиялық, құрылымдық және генетикалық сипаттамаларын қолдану.

Клеткалардағы вирустардың репродукциясы. Клеткадағы вирустардың енуі мен адсорбциясы. Вирустық және клеткалық рецепторлар. Вирус белогы мен басқа да компоненттерінің синтезі. Вирустардың клеткадан шығуы. Вирустарды дақылдау. Лизогения. Қалыпты бактериофагтардың клеткамен әрекеттесуінің жалпы сипаттамасы. Лизогенді конверсия. Өсімдік, жануарлар және адамның вирус инфекциялары. Вириоидтар. Приондар.



Оқу жұмысының қорытындысы / Қорытынды бақылау түрлері

Емтихан

3-курс 050113-Биология



Пәннің аталуы

Ихтиология

Оқу іс-шаралары

Дәрістер, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Есембекова Г.Б.

Жұмыс тілі

Қазақша

Академиялық сағаттар саны

Дәріс-15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы-

Барлығы-90 сағат

Кредиттер

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер

Білім беру мақсаттары

Ихтиология ғылымдарының қазіргі кездегі дамуы мен бүкіл адамзат өмірі үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Балықтардың оның ішінде республика көлемінде, әсіресе жергілікті жерде кездесетін түрлеріне көбірек көңіл бөліп, олардың анатомиялық – морфологиялық құрлыстарына тереңірек үңілу. Осы қасиеттерін білу арқылы балықтардың жер бетіне таралуын, олардың күнделікті тұрмыста, халық шаруашылығында пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіру

-жергілікті жерде өсетін балықтардың көбею жолдары мен органдарының түр өзгерістерін ажырата білу

- балықтардың даму кезеңдерін кесте түрінде құрастыруды ұйымдастыру


Мазмұны

Дәрістер: Балықтардың сыртқы морфологиясы мен пішіні. Қозғалуы, оның өзгергіштігі. Балықтардың терісі, қабыршақтары. Тері пигменттері: олардың әртүрлілігі, жалпы құрамы.

Балықтардың түсі және оның өзгергіштігі. Балықтың қаңқасы мен еті. Омыртқа жотасы. Асқорыту жүйесі және оның бөлімдері. Тыныс алу және қан айналу жүйелері. Жүйке жүйесі. Балықтар денесінде тұз-су алмасуы. Ащы және тұщы суларда балықтардың бейімделуі. Балықтардың абиотикалық және биотикалық факторлардың әсеріне жалпы сипаттама. Балықтардың тіршілігіне тікелей немесе жанама әсер ететін абиотикалық факторларға жалпы сипаттама. Уылдырық бөліп шашу. Тұқымдылық және зерттеу әдістері. Балықтардың қоректік қоры және қоректенуі. Балықтардың миграциясы. Миграцияның себептері. Көбею миграциясы, қоректену миграциясы. Балықтардың тіршілік қатынастары және бейімделушілік маңызы. Шеміршекті балықтар – отряд үсті – акула систематикасы. Сүйекті балықтар: Саусаққанаттылар, қосқанаттылар, ганоидтар, систематикасы мен биологиясы.

Сүйекті балықтар: клюпеоидтар, аравноидтар, систематикасы мен биологиясы. Сүйекті балықтар: параперкоидтар, перкоидтар, батрохоидтар, систематикасы мен биологиясы.

Зертханалық сабақтар: Балықтардың сыртқы морфологиясы мен пішіні. Балықтардың терісі, қабыршақтар. Балық қаңқасының құрылысы. Асқорыту жүйесі. Тыныс алу және қан айналу жүйелерінің құрылысы. Желбезектің құрылысы.

Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі.

Балықтар денесінде тұз-су алмасуы.

Балықтардың абиотикалық және биотикалық факторлардың әсеріне жалпы сипаттама.Балықтардың көбеюі мен дамуы.

Уылдырық шашу мерзімі мен уылдырық шашатын жерлер. Балықтардың көлемі, жасы және өсуі. Балықтардың қорегі және қоректенуі. Балықтардың миграциясы. Балықтардың тіршілік қатынастары және бейімдеушілік маңызы. Шеміршекті балықтар – отряд үсті акула.Сүйекті балықтар: Саусаққанаттылар, қосқанаттылар, ганоидтар, клюпеоидтар, аравноидтар, параперкоидтар, перкоидтар, батрохоидтар, систематикасы мен биологиясы.


Қорытынды бақылау түрі

Емтихан

3-курс 050113-Биология





Пәннің аталуы

Орнитология

Оқу іс-шаралары

Дәрістер, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Есембекова Г.Б.

Жұмыс тілі

Қазақша

Академиялық сағаттар саны

Дәріс-15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы-

Барлығы-90 сағат

Кредиттер

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер

Білім беру мақсаттары

Орнитология ғылымдарының қазіргі кездегі дамуы мен бүкіл адамзат өмірі үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Құстардың оның ішінде республика көлемінде, әсіресе жергілікті жерде кездесетін түрлеріне көбірек көңіл бөліп, олардың анатомиялық – морфологиялық құрлыстарына тереңірек үңілу. Осы қасиеттерін білу арқылы құстардың жер бетіне таралуын, олардың күнделікті тұрмыста, халық шаруашылығында пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіру

-жергілікті жерде өсетін құстардың көбею жолдары мен органдарының түр өзгерістерін ажырата білу

- құстардың даму кезеңдерін кесте түрінде құрастыруды ұйымдастыру


Мазмұны

Дәрістер: Құстардың сыртқы морфологиясы мен пішіні. Қозғалуы, оның өзгергіштігі. Құстардың терісі, қанатттары. Тері пигменттері: олардың әртүрлілігі, жалпы құрамы.

Құстардың түсі және оның өзгергіштігі, қаңқасы мен еті. Омыртқа жотасы. Асқорыту жүйесі және оның бөлімдері. Тыныс алу және қан айналу жүйелері. Жүйке жүйесі. Құстар денесінде тұз-су алмасуы. Құстардың ауада ұшуға бейімделуі. Құстардың абиотикалық және биотикалық факторлардың әсеріне жалпы сипаттама. Жұмыртқа салу. Тұқымдылық және зерттеу әдістері. Құстардың қоректік қоры және қоректенуі. Құстардың миграциясы. Миграцияның себептері. Көбею миграциясы, қоректену миграциясы. Құстардың тіршілік қатынастары және бейімделушілік маңызы.

Құстардың систематикасы мен биологиясы.

Зертханалық сабақтар: Құстардың сыртқы морфологиясы мен пішіні, терісі, қабыршақтар. Құс қаңқасының құрылысы. Асқорыту жүйесі. Тыныс алу және қан айналу жүйелерінің құрылысы. Өкпенің құрылысы. Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі. Құстар денесінде тұз-су алмасуы.

Құстардың көбеюі мен дамуы.

Құстардың көлемі, жасы және өсуі. Құстардың қорегі және қоректенуі. Құстардың миграциясы. Құстардың тіршілік қатынастары және бейімдеушілік маңызы.

Құстардың систематикасы мен биологиясы.




Қорытынды бақылау түрі

Емтихан


3 курс 050113

6 семестр

Пәннің аталуы

Гидробиология

Қысқартылған атауы

Гид

Оқу іс шаралары (оқу пәндері курстары,егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақтар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр

Семестр 6

Оқытушының аты-жөні

Кемелбекова Гүлнар Әшімханқызы

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша,орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша, Кәсіптендіруші пән

Оқу түрі /академиялық сағат саны

Дәрістер-30, зертханалық сабақтар15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сиымдылығы

Барлығы-135

Кредиттер/сынақ бірліктері

Кредит саны-3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер:ботаника ,зоология,география,химия

пәндері


Білім беру мақсаттары,құзіреттілігі

Әр түрге жататын гидробионт ағзалардың тіршілік ету жағдайын, олардың түрлік құрамын, судың және грунттың химиялық және физикалық қасиеттерін, гидробионттардың популяция аралық байланысы мен функционалдық ерекшеліктерін, тіршілік формалары мен гидробионттардың негізгі экологиялық әрекеттерін, зоопланктон мен зообентостың негізгі өкілдерін, су қоймаларындағы биологиялық өнімділіктің ерекшеліктерін , су қоймаларын ластанудан қорғау жолдары мен ағын суларды тазартудың экологиялық негізін меңгерту.

Мазмұны

Дәрістер: Гидробиологияның қалыптасуы мен дамуы.Сулардың физика-химиялық қасиеті.Гидросфера және онда кездесетін ағзалар. Дүние жүзілік мұхит және оның аймақтарына сипаттама.Континенталды су қоймалары және онда кездесетін ағзалар.Өзендер мен батпақтар. Өзендер мен батпақтардың гидрохимиялық және гидрологиялық сипаттамасы.

Батпақтардың пайда болуы мен жасын анықтау жолдары. Торфтың түзілуі.Өзендердің мекендеушілері-тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың негізгі белгілері,алуан түрлілігі.Көлдер. Көлдерге, экологиялық зоналарға негізгі сипаттама.Жер асты сулары және онда кездесетін ағзалар. Планктон және нектон.Бентос және перифитон, пелагобентос, нейстон және плейстон. Гидробионттардың қоректенуі.Гидробионт ағзалардың өсу,даму энергетикасы.Гидробионттардың газ, тұз алмасуы, гидробионттарды кеуіп қалмаудан қорғау және кепкен гидробионттардың тірі қалуы.



Гидробионттардың тынысалуы. Гидробионттардың газ алмасуға бейімделуі. Гидробионттардың газ алмасуға бейімделуі.Гидробиоценоздардың құрылысы. Популяциялармен биоценоздардың арасындағы айырмашылықтар.Су өсімдіктерінің сулы ортаға бейімделгіштігіне байланысты жіктелуі.Су экожүйесі. Су экожүйесінің құрамы мен функционалдық ерекшеліктері.Су экожүйесінің биологиялық өнімі және оның жоғарылау жолдары.Гидросфераның биологиялық ресурстары, оның қалыптасуы мен дамуы.Аквакультура, өзендер мен су қоймаларындағы балық шаруашылығы.Омыртқасыздар аквакультурасы. Балдырларды қолдан өсіру.Таза су мәселелерінің экологиялық аспектілері және биогидросфераны қорғау. Су қоймаларының ластануы.Су қоймаларының антропогенді эвтрофикациясы мен термофикациясы.Сулардың биологиялық өздігінен тазаруы. Бактериалдық суды тазартудың жолдары.

Зертханалық сабақтар: Судың құрылымын жəне құрамын анықтау əдістері.Гидробионт ағзалардың пробаларын жинау, сақтау жəне фиксациялау.Сулардағы гидробионт ағзаларға талдау жасау.Қошқар ата өзенінің гидробиологиялық түрлік құрамын анықтау.Су қоймалардағы жыл мезгіліне байланысты гидробиологиялық түрлік құрамының өзгерісін анықтау.Өзеннің жағалық жəне су түбіндегі мекендеушілерін яғни зообентосты зерттеу.Су қоймаларындағы өсімдіктердің түрлік құрамын анықтау жолдары.Қошқар ата өзенінде кездесетін жоғарғы сатылы су өсімдіктерін анықтау, гербарийлер жасау.Гидробионт ағзаларға улы заттардың әсерін салыстыру.Улы заттардың микрофлора қасиеттеріне әсері.Зоопланктондардың жыныстық құрылысын анықтау.Гидробионттардың тіршілік циклі,көбеюі және дамуы.Аквакультураның биологиялық негіздері және әдістері.Балдырлардың таза культураларын бөліп алу.Су қоймаларының биологиялық өнімділігі.



3 курс 050113

6 семестр


Пәннің аталуы

Жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері

Қысқартылған атауы

ЖССӨ

Оқу іс шаралары (оқу пәндері курстары,егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақтар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр

Семестр 6

Оқытушының аты-жөні

Кемелбекова Гүлнар Әшімханқызы

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша,орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша, Кәсіптендіруші пән

Оқу түрі /академиялық сағаттар саны

Дәрістер-30, зертханалық сабақтар15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сиымдылығы

Барлығы-135

Кредиттер/сынақ бірліктері

Кредит саны-3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттер:ботаника ,зоология,флора және фауна,география,химия

пәндері


Білім беру мақсаттары,құзіреттілігі

Жоғары сатыдағы су өсімдіктерінің тіршілік ету жағдайын, олардың түрлік құрамын, қоршаған орта мен су қоймаларындағы биологиялық қүбылыстарды, ағзалардың функционалдық ерекшеліктерін, әр түрлі функционалдық механизмін зерттеу, осы комплексті ғылым ретінде қарастыру.

жоғары сатыдағы су өсімдіктерінің тіршілік ету жағдайын зертеу,гидросферадағы негізгі биологиялық процестер мен жағдайлардың заңдылықтармен танысу, популяция және биоценоздардың функционалды ерекшеліктермен тіршілік формаларының қүрылымын зерттеу





Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе.Жоғары сатыдағы су өсімдіктері пәні, оның зерттеу әдістері мен міндеттері. Жоғары сатыдағы су өсімдіктері экожүйедегі маңызы.Ағаш және шөптесін гүлді өсімдіктер.Өткізгіш жэне тірек ұлпалары. Тамыр. Жапырақ. Гүл және гүл шоғыры.

Микроспорнгиялар, микроспорагенез және тозаң дәндері Микроспорангиялардың дамуы. Микроспорогенез. Аталық және аналық

Гүлді өсімдіктердің филогениясы және жіктелінуі

Құмыра гүлділер қатары (Nymphaeales).Кабомбо тұқымдасы (Cabombaceae). Құмыра гүлділер түқымдасы (Nymphaeaceae). Мүйізжапырақ тұқымдасы (Ceratophyllaceae).

Лотос гүлділер қатары (Nelumbonales) Лотос гүлділер тұқымдасы (Nelumbonaceae).Қоғалылар қатары (Typhales) Қоғалылар тұқымдасы (Турһасеае).Аронниктер қатары (Amies).Аронниктер тұқымдасы (Агасеае), Балықоттылар тұқымдасы (Lemnaceae).Гидросфераның биологиялық ресурстары, оның қалыптасуы мен дамуы.Сулардың биологиялық өздігінен тазаруы. Жоғарғы сатылы су өсімдіктерімен суды тазарту жолдары.Негізгі ластанушы заттар, олардың популяция -биоценотқалық денгейде эсер ету. Су қоймалардың антропогендік эвтрофикациясы және термофикациясы. Су қоймалардағы су сапасының биологиялық индикациясы. Су қоймаларының өзін -өзі тазартуының биологиялық негіздері.Гидробионтардың минеризациялық әрекеті. Гидробионттардың ластанушы заттарды суцдың түбіндегі топыраққа тасымалдаудағы ролі. Биоседиментация

Зертханалық сабақтар: Су өсімдікткерінің құрылысымен танысу.

Микроспоронгиялар, микроспорагенез және тозаң дәндері. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы және ұрықтануы. Тұқым мен жемістің қалыптасуы. Қошқар ата өзенінің өсімдік түрлік құрамын анықтау

Бадам өзенінің өсімдіктерінің түрлік қүрамын анықтау. Мүйізжапырақ түқымдасы (Ceratophyllaceae).Лотос гүлділер түқымдасы {Nelumbonaceae)..Қоғалылар түқымдасы (Турһасеае).Аронниктер тұқымдасы (Агасеае).Балықоттылар тұқымдасы (Lemnaceae) Интродуцент өсімдіктердің су сапасына эсері. Қошқар ата өзенінде кездесетін жоғарғы сатылы су өсімдіктерін анықтау, гербарийлер жасау

Улы заттардың макрофиттердің физиологиялық қасиеттеріне әсері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет