Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары 5-11 Павлодар қ., 2014 ж


Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы



бет53/54
Дата07.02.2024
өлшемі203.84 Kb.
#491086
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Бақылау диктанттары 5-11 сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңыздар.
Ғаламтор – бүкіләлемдік байланыс желісі. WEB-сайт – ғаламтордағы ақпараттар жинағы. WEB-сайттан керек ақпарларды алуға болады. Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Қазіргі кезде оның бірнеше түрін ажыратуға болады.
2. Киімге қатысты мақал-мәтелдер жазыңыздар.

3. «Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастырыңыздар.


4. Компьютер, қалта телефоны туралы сұрақтар құрастырыңыздар.
5. Компьютердің пайдасы, зияны туралы жазыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:

1. Берілген сөздерден туынды сын есімдер жасаңыздар.


Ақыл, күз, өнер, кеш, біл, тәртіп, қыс, атақ, тарих, аш
2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Мен ұялы телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын, себебі кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін.
3. Қатыстық, сапалық сын есім қалай жасалады? Мысал келтіріңіздер.
4. Берілген сөйлемдердің түрін анықтаңыздар.
Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын, өйткені ол – менен жеті жас кіші және жақсы көретін інім. Қазан астындағы от кейде жалтылдайды, кейде қызып жанып, лапылдайды.
5. Сөйлемдерді салалас құрмалас етіп аяқтаңыздар.
Марат әнді жақсы айтады, ... . Бүгін демалыс, сондықтан ... .
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық тақырыптық тест

Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.


1. Термин сөздердi табыңыздар.


А) сөз, буын
В) пай-пай, қап
С) ұрпақ, мұғалiм
Д) бүгiн, кеше
Е) ғанибет, пәтер

2. Белгілі бір ғылым саласында ғана қолданылатын сөздер – ...


А) диалект сөздер
В) термин сөздер
С) кәсіби сөздер
Д) тарихи сөздер
Е) ғылыми сөздер

3. Қысқарған сөзді табыңыздар.


А) кг, ТМД
В) Қызылорда, Ақтөбе
С) сөйтіп, ештеңе
Д) әркім, әлдекім
Е) өнерпаз, суреткер

4. Газет-журналдар тілі қай стильге жататынын анықтаңыздар.


А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми стиль Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі

5. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін терминді табыңыздар.


А) архаизм
В) историзм
С) идиома
Д) метонимия
Е) неологизм
6. Қысқарған сөздерді табыңыздар. А) тасбақа, өндіріс В) ата-ана, есепші С) ҚР, ТМД, журфак Д) кеше келді, күндіз Е) баспахана, азды-көпті
7. Стилистика қай тілдің сөзі екенін анықтаңыздар.
А) араб В) латын С) орыс Д) грек Е) француз

8. Публицистикалық стильдің жазбаша түрін көрсетіңіздер.


A) Лирика
B) Повесть
C) Пьеса
Д) Мақала
E) Поэма

9. Неологизмді көрсетіңіздер.


А) жалпы
В) жалын
С) ғарышкер
Д) оймақ Е) кебеже

10. Термин сөздерді табыңыздар.


А) жаздыр, келтір, оқыт
В) пай-пай, туу, қап
С) сөз, сөз тіркесі, буын
Д) кеше, бүгін, алда
Е) болашақ, ұрпақ
11. Жаңа сөздер немесе неологизмдердің анықтамасын табыңыздар.
А) тілдегі тұтас сөздердің жиынтығы
В) қолданыстан шығып қалған сөздер
С) белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер
Д) тілдегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер
Е) ауыспалы мағынаны білдіретін сөздер

12. Ғылым мен техниканың әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы сөзді табыңыздар.


А) саяхат В) табиғат С) термин Д) сахна Е) диалог

13. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыздар.


A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
C) Еламан түршігіп кетті.
Д) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.

14. Архаизм сөздердің анықтамасын белгілеңіздер.


A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
Д) Басқа тілден енген сөздер.
E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.

15. Бірігу арқылы жасалған зат есімді көрсетіңіздер.


А) белбеу
В) ауыл-аймақ
С) Ертіс өзені
Д) қағаз
Е) ата-ана
16. Интернационалдық терминді табыңыздар.
А) өмір, өзен В) заман, дәуір С) телефон, атом Д) жүрек, тыныс Е) қойылым, роль
17. Қос сөзді көрсетіңіздер.
А) бел буу
B) бейне жазба
С) бәйге ат
Д) бәле құмар
E) бәле жала

18. Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыздар.


А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.
С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.
Д) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.

19. Қазақ тілінде стильдің қанша түрі бар екенін табыңыздар.


А) 4
В) 5
С) 6 Д) 3 Е) 2

20. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіздер.


А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми іс қағаздар стилі Д) көркем әдебиет стилі Е) ауызекі сөйлеу стилі
21. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіздер.
A) балалы-шағалы B) үп-үлкен C) қып-қызыл Д) төбе-төбе
E) алыс-жақын

22. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіздер.


A) дефис арқылы
B) бірге C) бөлек Д) сызықша арқылы
E) үтір арқылы
23. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.
А) ұстаз шәкірт, бала шаға
В) өнер білім, лала гүл
С) ата ана, әке шеше
Д) ата мекен, киіз үй
Е) ойын күлкі, жақсы көңіл

24. Ресми іс қағаздары стилі дегенді табыңыздар.


А) жеке адамның, ұжымның, фирманың, мекеменің атқаратын қызметіне байланысты пайда болған жазбаша, ауызша қарым-қатынас құралы
В) көркем шығармада қолданылатын сөздер
С) жергілікті диалектілер
Д) термин сөздер
Е) әдеби сөздер
25. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.
А) қарақат, сексен, бәйшешек, биыл
В) ата, ана, қадір, қасиет, ине, жiп
С) Ұлпан, ешқашан, таңертең, бүгiн
Д) қыстыгүнi, түрегел, әпер, бiлезiк
Е) көкпар, қолөнер, сайыс, жарқанат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет