Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-мәтін  Қарт пен тапқыр жігіт



Pdf көрінісі
бет131/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   185
null

4-мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді.
Ол 
келе жатып: 
- Ата, жолды қыскдртайық,- дейді. 
Қарт: 
- Жол калай қысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді. Шал 
ішінен: 
- Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін калай 
арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп: 
- Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт: 
- Иә, - дейді. Жігіт: 
- Олай болганда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тағы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - ден ойлайды. 
Жолда бір елге кездеседі. Бұп елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. Жігіт: 
- Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
- Өлмесе жерлемейді ғой! - деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. Олар қабірге 
бірге барады. Шыққаннан кейін: 
- Ата, әлгі кісі өлмеген екен, - дейді. «Я, қүдай, жерленген адам калай тірі болады?»,- дейді қарт 
ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын уйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып: 
- Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, 
- дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі магыналы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі 
ма екен?» - деген ой.мен әкесіне келеді де: 
- Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
- Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдініз? - дейді. 
Қарт: 
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол кысқартайық», - деді. 
Мен: «Жол калай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. 
Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - 
деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл 
мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. 


87474320427 
135
Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жанагы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт 
кесапатты сөзін естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
- Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айткан сөзіне түсінбеген екснсіз. Онын 
бірінші айтқаны. «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,--дегені. Екіншісі: «Егін 
байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын 
себеді, өнімін ертен өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды 
несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол 
шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: 
«Өлмеген адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбагын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, карт 
қателігін мойындап. жігіттің қолын алып: 
- Мен сенін айтқан сездеріңе түсіне алмай. ішімнен саган қатты ренжіп едім. Олай емес. сен 
ақылды жігіт екенсің, - ден, қызын соған беріпті. 
13.Мәтіндегі жігіт пен карияның іс-әрскетіне қағысты нұсқа 
A)Жолаушыны жол сынайды 
B)Көнілсіз жұмыс - өнімсіз 
C)Қысқа жіп кұрмеуге келмейді 
Д)Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр
Е) Сабақты ине сәтімен 
14.Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай 
A)Қызының өтініші 
B)Шаһар жолының ұзақтығы 
C) Жігіттің көнілділігі 
Д)Қазақтың қонақжайлылығы
Е) Қызының ақылдылығы 
15. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
А) Баласы жоқ адам екен 
В) Ауылдастары 
КӨП
екен 
С) Артында тұяқ қалған адам 
Д) Жора-жолдасы көп адам екен
Е) Туысы жоқ адам екен 
16. Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 
A) Бір-бірін қонақ ету 
B)Тынығып, демалу 
C) Бір-бірін арқалау 
D) Бір-бірімен әнгімелесу
Е) Басқа жолмен жүру 
17. Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздің» төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал 
A) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды 
B) Бала - артта қалған із, Бақыт - ұзатылған қыз
C) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады
Д) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді 
Е) Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа 
18. Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі 
A) Жас жігіт болгандықтан 
B) Әңгімесін түсінбегендіктен
С) Қызын сақтандырғандықтан
Д) Жігітті жақтырмағандықтан 
Е)Қонақ қылғысы келмегендіктен 
19. Байдың егініне сипаттама 
A)Тұқымы қарызға алынған егін 
B) Борышты өтеуге берілетін егін 
C) Жалға алған жерге егілетін егін
Д) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
Е) Желінбеген егін 
20. «Ащды еңбекке - тұщы нан» деген мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас жігітгің «кесапатты сөзі» 
A) Барлық «кесапатты сөз» 
B) Бірінші «кесапатты соз»
C) Екінші «кесапатты сөз» 
Д) Төртінші «кесапатты сөз» 
Е) Үшінші «кесапатты сөз» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет