Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет162/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   185
null

2116 – Нұсқа 
1-мәтін 
Кітапты сүйіп, дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Оған ең жақын досым, ақылшым деп қарау 
керек, Жазушы - халқы үшін, жастар мен балалар үшін жазады. Егер ешкім оқымаса, жазудың да, 
еңбектенудің де қажеті жок. 
«Біздің заманымызда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», - деген қате 
пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар да кітаптай 
бола алмайды, ойыңмен бөлісе алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға ден қоюы керек. 
Әйтпеген күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға 
ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың езінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құмартудан 
туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп кұмартып, оқуды жақсы көріп 
кетеді. 
1. 
Теледидар, киноның кітаптың орнын баса алмауының себебі 
A) 
Қызықтыра алмауында 
B) 
Уақытыңа сай келмеуінде 
C) 
Сырлас досыңа айнала алмауында 
D) 
Алып жүруге қолайсыздығында 
E) 
Тандау жасай алмайтынында 
2. 
Мәтін бойынша баланы жасынан оқуға деген қызығушылығын тудыру үшін қай кітаптан бастату 
керек? 
A) 
Мысалдардан 
B) 
Әңгімелерден 
C) 
Тақпақтардан 
D) 
Ертегілерден 
E) 
Жырлардан 
2-мәтін 
Бір кездері аттарын ғана анда-санда бір еститін көптеген жемістер бұл уақытта көше-көшеде, тіпті 
аяқ асты дейтіндей жерлерде де сатылатын болды. Сондай көп сатылатын жемістің бірі банан екенін 
көріп жүрміз. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жемістің де пайдалы шипалық қасиеттері көп көрінеді. Ол 
әсіресе сусамыр (кант диабеті) ауруына шалдыққандарға өте пайдалы делінеді. Мұндайда піскен 
жемістің өзімен бірге піспегендері де, банан қабығының қайнатылған тұнбасы да шипалы болып 
шығады. Атеросклероз, гипертония ауруларына, бауыр мен бүйректің бірқатар ауруларына бұл 
жемістің шипалық әсері болатыны анықталды. 
Бананда А, В, РР және Е дәрумендері мол болғандықтан оның бас ауруларына, терінің күпсуіне қарсы 
шипасы бар, көздің көру касиетіне игі ыкпалы мол, қандағы холестерин мөлшерін азайтады, қалқанша 
бездің қызметін дұрыстайды. Бананның жаңа піскен мәуесі ана сүтін молайтумен қоса, ағзаның қартаю 
процесін баяулатады. 
3. 
Бананның адам ағзасына әсері. 
A) 
Холестерин мөлшерін арттырады 
B) 
Қанды қоюлатады 
C) 
Қартаю процесін тежейді 
D) 
Көздің көру касиетін баяулатады 
E) 
Қартаю процесін ұлғайтады 
4. 
Мәтіннің такырыбы қандай? 
A) 
Жемістердің зияны 
B) 
Дәрумендердің тарихы 
C) 
Бананның қасиеті 
D) 
Шипагерлік қасиеттер 
E) 
Көп жемістердің пайдасы 
5. 
Мәтінге қай тұжырым сай келеді? 
1. 
Бананның емдік қасиеті көп. 
2. 
Бананды жегеннен ана сүті молаяды. 
A) 
Біріншісі дұрыс 
B) 
Екіншісі дұрыс 
C) 
Біріншісі бұрыс 
D) 
Екеуі де бүрыс 
E) 
Екеуі де дүрыc 
6. 
Банан қандай ауруларға пайдалы? 
A) 
Талма дерті 
B) 
Қант диабеті 
C) 
Жүрек ауруы 
D) 
Остеохондроз 
E) 
Жүйке ауруы 
3-мәтін 
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс жинау кезеңі - әкемнің 
өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбінде асығыс-үсігіс жеміс жинап 
жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге 
кәдімгідей жасарып кететін еді. Маған әкем өзінің өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, 
яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. 
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, 
әйтеуір ауылда біреудің пеші яки тандыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе құдығынан 
су шыкпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса 
да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдем сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден 
шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы әкем өз еңбегі 
үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. «Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп қоймайтын кісілерге катты 
ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден 


87474320427 165 
қайтпаса, кұдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза 
болып қалатын. 
Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір калған бір көп балалы әйел бар еді. 
Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген 
еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: 

Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз қалай? - 
деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап 
берді: 

Әркайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген малдан 
қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей 
қарады. 
Қазір ойлап карасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен 
мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне 
қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалган көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, 
сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен. 
7. 
Мәтінде суреттелетін кезең 
A) 
Соғысқа дейінгі жылдар 
B) 
Жеңіс қарсаңындағы жағдай 
C) 
Сотыс кезіндегі жағдай 
D) 
Соғыстың алғашқы жылдары 
E) 
Соғыстан кейінгі жылдар 
8. 
Ағасының зілді сөзіне қайтарган жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді? 
A) 
Өзімшілдігін 
B) 
Бірсөзділігін 
C) 
Сабырсыздығын 
D) 
Қырсықтығын 
E) 
Кеңпейілдігін 
9. 
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын? 
1. 
Шешесі 
2. 
Ағасы 
3. 
Жеңгесі 
4. 
Көршілері 
5. 
Ауыл адамдары 
10. 
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі 
A) 
Әкесі өзінен гөрі басқалардың қамын көбірек ойлаған 
B) 
Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған 
C) 
Әкесі тек өз үйінің камын ойлаған 
D) 
Әкесінің мінезі ауыр болған 
E) 
Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған 
11. 
Жеңгесінің әрекетінен оның қандай ойын аңғарамыз 
A) 
Күйеуінің сөзін қолдамайтынын 
B) 
Күйеуінің сөзімен келісетіндігін 
C) 
Мән-жайға немқұрайлылығын 
D) 
Інісінің сөзін қолдамайтынын 
E) 
Жағдайды түсінбегендігін 
12. 
Мәтіннің негізгі ойы кандай? 
A) 
Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені туралы айту 
B) 
Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы 
C) 
Әкесіне деген өкпесін жеткізу 
D) 
Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату 
E) 
Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету 
4-мәтін 
1. 
Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын 
Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2. 
Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ 
болып мақтанып, Күн оны қызғанып Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын 
осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін 
ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жакындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда 
Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа 
Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3. 
«Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы казақ ортасында 
елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой келеді
шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай 
тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз 
болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді. 
4. 
Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып 
қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да қиын тиеді. 
Аталарымыздың ай караңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсак, неліктен айды 
қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға 
Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, - депті. Жұрттың 
бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми түрғыдан келгенде мынадай қорытынды шығарамыз. Жаңа 
туған Айдын қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді дегені бос сөз емес. 
5. 
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан 
жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да 
оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай 
шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының 
арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара 
орналасуына байланысты. 


87474320427 166 
6. 
Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай 
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес 
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, карақшы бәрі де Айды 
бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық 
қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 
жылдай бұрын Галилей тұңғыш peт ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды кордім, деп 
жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
7. 
Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш 
рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып 
табылмақ. 
13. 
Ай бетіндегі дақтар 
A) 
Төбешіктері 
B) 
Қыраттары 
C) 
Тегістеу жерлері 
D) 
Күнгей жерлері 
E) 
Ойпаттау жерлері
14. 
Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі 
A) 
Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
B) 
Күн жылы болады деген сенім 
C) 
Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
D) 
Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
E) 
Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 
15. 
Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз 
A) 
Тұлпар мен серке 
B) 
Жылқы мен құлын 
C) 
Бура мен құмырсқа 
D) 
Өгіз бен бұзау 
E) 
Қой мен ешкі 
16. 
Айдың тууына байланысты халық әрекеті. 
A) 
Ауа райын болжаған 
B) 
Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
C) 
Болашағын болжаған 
D) 
Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған 
E) 
Құстардын қайтуын болжаған
17. 
Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата 
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры 
A) 
Толған айға катысты беріледі 
B) 
Ырым, наным-сенімге байланысты 
C) 
Айға батаны жас адамдар ғана береді 
D) 
Айға бата беру - надандық 
E) 
Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы
18. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет