3-Мәтін
Ырыс пен берекет
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып. Табыс
тауыпты.Үйіне дүниені қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен.Байлығының берекесі
болмапты. Бегайдардың үйлі-баранды көршісі бар екен.Оның мал дегенде бес-алты ешкісі
болады. Бірақ тұрмысы күннен-күнге гүлденен береді.Бір күні бегайдар көршісінен:
- Әй, көршім, сенің бала-шағаң тоқ.Ал мен жалғыз тұрамын.үй көрмей ссауда жасап,
мол ақша табамын.Бірақ берекесі жоқ.Сыры неде? – деп сұрады.
Көршісі:
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар.Содан ақыл сұра, -деп жауап
берді.Бегайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап-шалдығып келе
жатып, бір лашыққа тап болды. Ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар
екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін шалға жағдайын баяндады.Шал:
- Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет.Үйде қызым бойжетіп
отыр.Соын қандай адамға берсем болады?- деді. Бегайдар:
- Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті.Тағы да ұзақ
жол жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәтеректің түбіне келіп демалды.Сол кезде
бәйтерекке тіл бітіп:
- Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ
бұтақтарым жеміс бермейді.Сыры неде екен? – деді. Бегайдар оның да аманатын
арқалап, жолға шығады.Бір күні әрең дегенде данышпанға жетті. Данышпан:
- Ие, балам, қандай мұратпен жүрсің?- деді. Бегайдар:
- Терлеп-тепшіп, аяғымнан тұрып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды.
Көршімнің бес-алты ешкісі, көп бала шағасы бар, табысы аз.Бірақ берекесі мол.Соын
сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым.Олардың
да тілегін әкелдім,- деп, жолда көрген-білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап:
- Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған.Көршіңе береке кіретіні
– ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат
басындай алтын көмілген.Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын
сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. Оны
қыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы
тұрақтайды.Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті.
7.Қыздың ата-анасына берілген нәрсе
А) күміс B) бес-алты ешкі C) жеміс ағашы D) қалыңмал E) мал-мүлік
8.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Данышпан ақылы
2.Көршісінің кеңесі
3.Бәйтеректің өтініші
4.Лашықтағы әңгіме
А) 2,3,4,1 B) 3,4,1,2 C) 4,1,2,3 D) 2,4,3,1 E)1,2,3,4
9.«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы
А)әйел – қорғаушы, бақылаушы B) әйел – сыншы, бағалаушы C) әйел – үйлестіруші, тәлімгер
D) әйел – үйретуші, үйдің құты E) әйел – әдемі, сұлу
10.Бейтеректің жеміс бермеуінің сыры
А) суға тапшы болғандықтан ағаш B)тамыры тереңде болғандықтан C) ауа-райы қолайсыз
болғандықтан D)түбіндегі алтын өсірмегендіктен E) кәрі болғандықтан
11.Әңгіменің түйіні:
А)Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. B)Ерте тұрған әйелдің бірісі артық. C)Еңбексіз
тапқан мал есепсіз кетеді. D) Ерте тұрған еркектің ырысы артық. E)Ырыс алды - ынтымақ.
12.Көрші үйдің берекесінің сыры:
87474320427
41
A)мол табысында B) бес-алты ешкісінде C)бала шағасында D)қоңырқай тұрмысында E)ақылды
әйелінде
Достарыңызбен бөлісу: |