Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-Мәтін  Ырыс пен берекет



Pdf көрінісі
бет34/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   185
null

3-Мәтін 
Ырыс пен берекет 


87474320427 
37
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып. Табыс 
тауыпты.Үйіне дүниені қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен.Байлығының берекесі 
болмапты. Бегайдардың үйлі-баранды көршісі бар екен.Оның мал дегенде бес-алты ешкісі 
болады. Бірақ тұрмысы күннен-күнге гүлденен береді.Бір күні бегайдар көршісінен: 
- Әй, көршім, сенің бала-шағаң тоқ.Ал мен жалғыз тұрамын.үй көрмей ссауда жасап, 
мол ақша табамын.Бірақ берекесі жоқ.Сыры неде? – деп сұрады. 
Көршісі: 
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар.Содан ақыл сұра, -деп жауап 
берді.Бегайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап-шалдығып келе 
жатып, бір лашыққа тап болды. Ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз 
бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін шалға жағдайын баяндады.Шал: 
- Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет.Үйде қызым бойжетіп 
отыр.Соын қандай адамға берсем болады?- деді. Бегайдар: 
- Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті.Тағы да 
ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәтеректің түбіне келіп демалды.Сол кезде 
бәйтерекке тіл бітіп: 
- Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ 
бұтақтарым жеміс бермейді.Сыры неде екен? – деді. Бегайдар оның да аманатын 
арқалап, жолға шығады.Бір күні әрең дегенде данышпанға жетті. Данышпан: 
- Ие, балам, қандай мұратпен жүрсің?- деді. Бегайдар: 
- Терлеп-тепшіп, аяғымнан тұрып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. 
Көршімнің бес-алты ешкісі, көп бала шағасы бар, табысы аз.Бірақ берекесі 
мол.Соын сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке 
жолықтым.Олардың да тілегін әкелдім,- деп, жолда көрген-білгенін жеткізді. 
Данышпан басын шайқап: 
- Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған.Көршіңе береке 
кіретіні – ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде 
ат басындай алтын көмілген.Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, 
қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. 
Оны қыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы 
тұрақтайды.Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті. 
7.Әңгіменің түйіні: 
А)Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. B)Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. C)Ырыс алды -
ынтымақ. D)Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді. E) Ерте тұрған еркектің ырысы артық. 
8.Көрші үйдің берекесінің сыры: 
А)ақылды әйелінде B)бала шағасында C) бес-алты ешкісінде D)мол табысында E)қоңырқай 
тұрмысында 
9.«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы 
А)әйел – қорғаушы, бақылаушы B) әйел – сыншы, бағалаушы C) әйел – үйлестіруші, үйдің 
құты D) әйел – әдемі, сұлу E) әйел – үйретуші, тәлімгер 
10.Қыздың ата-анасына берілген нәрсе 
А)қалыңмал B)мал-мүлік C)күміс D)бес-алты ешкі E)жеміс ағашы 
11.Бейтеректің жеміс бермеуінің сыры 
А)ағаш кәрі болғандықтан B)тамыры тереңде болғандықтан C)түбіндегі алтын 
өсірмегендіктен D)ауа-райы қолайсыз болғандықтан E)суға тапшы болғандықтан 
12.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Данышпан ақылы 
2.Көршісінің кеңесі
3.Бәйтеректің өтініші 
4.Лашықтағы әңгіме 
А)3,4,1,2 B)2,4,3,1 C)2,3,4,1 D)4,1,2,3 E)1,2,3,4 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет