Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет55/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   185
null

4-мәтін 
Майқы би (XII - ХІІІ ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан 
атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы 
шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген ескі сөз бар. 
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан 
Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне 
қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс 
ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі 
болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны 
айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қарайлас болған. 
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен 
рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ 
ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі. 
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті 
Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл 
Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба 
таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада 
жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 
рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін 
«Нұра таңбасы» аталып кеткен. 
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы 
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның 
ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған. 
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл 
адам болғаны аңғарылады, халықгың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы 
бидің орнының ерекше болғаны көрінеді. 
13. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты? 
A) 
Жер атымен B) Ел атымен C) Өзен атымен D) 
Ру атымен 
E) 
Тау атымен 
14. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы? 
A) Шыңғыс ханның B) Төле бидің C) Ақарыстың D) Ыбырайымның 
E) Ұзынсақалдың 
15. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би 
A) Әскер басы, дана би, хан B) Батыр, дана, хан 
C) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға D) Би, шешен, үш жүздің ханы 
E) Ақылгөй дана, ел билеуші 
16. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз 
A) Ер - елінде, 
Гүл-жерінде. 
B) Шешеннің сөзі мерген, 
Шебердің көзі мерген. 
C) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. 
D) Сөздің көркі - мақал, 
Жүздің көркі - сақал. 
E) Суды шым тоқтатар, 
Сөзді шын тоқтатар. 
17. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? 
A) Шыңғыс хан B) Ақарыстан C) Төле би D) Төбе би E) Арыстан 
18. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті 
A) Ердің атын еңбек шығарар B) Ақыл азбайды, білім тозбайды 
C) Әдепті бала - арлы бала D) Бірлік бар жерде тірлік бар 
E) Өнер алды - қызыл тіл 
19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? 
A) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын 
B) Жауға бірінші болып шабатындығын 
C) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін 
D) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін 


87474320427 
63
E) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын 
20. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді» 
деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар 
A) Жұбайы мен жары B) 
Баласы мен данасы C) 
Жалшысы мен малшысы 
D) Отбасы мен ұрпағы E) 
Ел-жұрты мен халқы 
1079-нұсқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет