Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет65/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   185
null

 
3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың 
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп 
аталады. Бізге жеткен ен көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны 
бар, көркемдігі жоғары аспаптык жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік 


87474320427 
72
шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», 
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-
Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», 
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына 
қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күндер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық 
күйлер болып жіктеледі. 
Қазактың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде 
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Богда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа 
кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі куйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, 
Дэулеткерей, Тэттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты 
күйшілік өнердегі ірі түлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай токпе жэне шертпе 
деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал 
шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді 
дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет 
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. 
Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A)Домбыра әуені 
B)Дауыс ырғағы 
C)Орындау мәнері
Д) Қобыз күйі 
Е) Шертпе күй 
8. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2.Күйлердіцтақырыптары 
3. Күйдің өрістеп дамуы
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5.Күй - аспаптық жанр 
A)2,4,3,1.5 
B)3,1,5,2,4 
C)1,5,2,4,3 
D)4,3,1,5,2 
E)5,2,4,3,1 
9. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A)Тарихи күйлер, эпостық күйлер 
B)Тартыс күйлер, саяси қүйлер 
C)Арнау күйлер, әлеумегтік күйлер
Д) Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
Е) Психологиялық, батырлық күйлер 
10. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
A)Қазанғап, Дина 
B)Тәттімбет, Баламайсан 
C)Ықылас, Айрауық 
D)Махамбет, Даулеткерей
Е)Есжан, Байжігіт 
11. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап
А)Домбыра 
B)Жетіген 
C)Дауылпаз
Д)Сырнай
Е)Қобыз 
12. Шертпе қүйлері қалай орындалады? 
A) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
B) Тұрақты екпінмем, саусақтың ұшымен
С) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
D) Тұрақты екпінмен, колдың білегімен
Е) Тұрақты екпінмен, қолдыңтұтас сілтенуімен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет