Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет92/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   185
null

3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың 
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлтгық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп 
аталады. Бізге жеткен ек көне куйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны 
бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік 
шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», 
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-
Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», 
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына 
қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық 
қүйлер болып жіктеледі. 
Қазақ-тың аспаптық музыкасы XVIII гасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде 


87474320427 
99
Байжұма, Баламайсан, Есжаи, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа 
кеңінен мәлім болды. XIX гасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, 
Дәулеткерей, Тәттімбет. Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сняқты 
күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе 
деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екнін мен елшемде орындалады. Ал 
шертпе күйлер көбінесе жалгыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі туркі тектес халықтарда қобыз куйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл енерді дамытуға 
Кетбұга, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды 
ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Домбыра күйлерінің кұрылымдық ерекшеліктері 
2.Күйлердің тақырыптары 
3.Күйдің өрістеп дамуы 
4.Күйдің жогары деңгейге кетерілу кезі 
5.Күй - аспаптық жанр 
A)5,2,4,3,1 
B)1.5,2,4,3 
C)4,3,1,5,2
Д)3,1,5,2,4
Е)2,4,3.1,5 
8.Куйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
А)Тартыс күйлер, саяси күйлер 
В)Тарихи күйлер, эпостық куйлер 
С)Арнау куйлер, лирикалық күйлер
Д) Психологиялық, батырлық күйлер
Е) Арнау куйлер. әлеуметтік куйлер 
9.Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A)Дауыс ырғағы 
B)Шертпе күй 
C)Домбыра әуені
Д)Орындау мәнері
Е)Қобыз куйі 
10.Шертпе күйлері қалай орындалады? 
А) Тұрақты екпінмен, қолдын білегімен 
В)Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
С) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
Д) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
Е) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
11.XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған куйшілер 
A)Ықылас, Айрауық 
B)Тәттімбет, Баламайсан 
С)Есжан, Байжігіт 
Д)Махамбет, Даулеткерей
Е)Қазанғап, Дина 
12.Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
А)Қобыз 
B)Домбыра 
C)Жетіген
Д)Дауылпаз
Е)Сырнай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет