2.
Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседІ?
A)
Сурет өнері мен музыка үйлескенде
B)
Тіл мен музыка үйлескенде
C)
Сәулет өнері мен музыка үйлескенде
D)
Спорт пен музыка үйлескенде
E)
Қол өнері мен музыка үйлескенде
2-мәтін
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», -
деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға
болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген
қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1)
Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне
прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.
2)
Алдымен негізгі
тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине,
адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3)
Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу
керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен
барынша көбірек сөйлесіңіз.
4)
Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін үйренуде
жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының
«тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!
3.
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?
A)
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
B)
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
C)
Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.
D)
Басқа пәле - тілден.
E)
Тілі тәтті
жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.
4.
Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет
A)
Күн сайынғы жаттығу
B)
Музыка тыңдау
C)
Тілдердің ұқсастығы
D)
Қорқынышты жеңе білу
E)
Адамның жеке қабілеті
5.
Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай артгыруға болады?
A)
Көп әңгімелесу арқылы
B)
Ән шырқау арқылы
C)
Музыка жазу арқылы
D)
Әуезді саз тыңдау арқылы
E)
Әдемі сөйлеу арқылы
6.
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз?
A)
Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды
B)
Он шақты
тіл меңгергендерді
C)
Жазушылық қабілеті бар адамдарды
D)
Екі тілді меңгерген адамдарды
E)
Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды
3-мәтін
I.
Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас
жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен
сыр жатқан жігіт болып
шықты. Кезінде біраз елдің құлағына ілінген Актөбе облысынан шыққан вундеркинд бала осы екен.
Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.
-
Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді,
үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден
қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған екенмін. Оны өзім
білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. Атамның өзі майдангер
еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. Бетімнен қақпай, талап еткен
нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
II.
Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін
көршіміз мен туралы айтады. Олар қызығушылык танытып, мені алдырады. Тексерушілер менің кітап
оқи алатыныма шүбә
келтіреді, бірақ «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып оқып бергенімде,
шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мүғалімдер емес пе, есеп шығартып, баска «білігімді» де
тексереді. Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов
атындағы дарынды балалар
мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді.
1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа шаруалармен
айнапысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-сыныпқа барған едім, бұл
жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай, тыңдамай отыратынмын. Сондықтан,