Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет177/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185
null

З-мәтін 
1. 
Сонау көнс заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос 
Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі Қазактың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың 
ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті. Сөйтіп, «Ат - ердің қанаты» деп, желден 
жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, Пырақ мінген Ерлердің рухы биіктеп, бойларына желік бітіпті. 
2. 
Сонымен олар ұшса, қайыспас қанат, ұмтылса, қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп, 
шарлапты. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан деп, ел мен жерді жаулапты. Шығыста сонау 
Амурдан, Батыста сонау Дунайга, тіпті Римге дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «ел аралаған 
сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, «Отан - оттан да 
ыстык», «Өз елім — өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты. 
3. 
Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты. 

Иә, не кѳрдіндер, не түйдіңдер? - депті Қыран. Сонда қос Пырақ: 

Көргенімізді айтсақ, көп сөз. Түйгенімізді айтсак, әркімнін өз жері - жұмақ екен, - депті. 


87474320427 181 

Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың, - деп қостапты Қыран. 

«Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» деген екен, Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің 
төріне тігуге бел байладық. 
4. 
- Онда алдарыңнан жарылқасын, - депті Қыран. Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр 
шашсын, шайқалмасын деп, қанаттың астына алып, Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп, 
қырағы қорғаны болу керек. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк төрінде 
төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды аскақтатайын. 

Тауып айттың, Қыран! Ынтымақ түбі - игілік. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты елдің 
мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе!? 
5. 
Мәтінге атау беріңіз 
A) 
Сахара ағаштары туралы 
B) 
Тегази қаласы туралы 
C) 
Оңтүстік Африка 
D) 
Ніл өзені туралы 
E) 
Сахара шөлі туралы
F) 
6. 
Мәтін қандай үлгіде жазылған? 
A) 
Ақпараттық үлгіде 
B) 
Болжам негізінде 
C) 
Пікір негізінде 
D) 
Талқылау негізінде 
E) 
Көзқарас негізінде 
7. 
Қос Пырақты ауыздықтаған Ерлердің алғашқы әрекеті қандай болды? 
A) 
Айла ойлады 
B) 
Елдің басын қосады 
C) 
Елдерді аралады 
D) 
Елдермен достасты 
E) 
Елін асқақтатты 
8. 
Мәтіннің 2-азатжолындағы ойға сәйкес тұжырым(-дар) 
1. 
Өзге елде сұлтан болтанша, өз еліңде ұлтан бол. 
2. 
Туған жер - тұғырың. 
3. 
Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар. 
A) 
Тек бірінші 
B) 
Бірінші, үшінші 
C) 
Екінші, үшінші 
D) 
Бірінші, екінші 
E) 
Үшеуі де 
9. 
Мәтіннің негізгі ойы қай бөлім(-дер)де берілген? 
A) 
Екінші 
B) 
Екінші және төртінші 
C) 
Үшінші және төртінші 
D) 
Бірінші 
E) 
Үшінші 
10. 
Мәтіннің мазмұны қай үлгіде құрылған? 
A) 
Қисса 
B) 
Эпос 
C) 
Ертегі 
D) 
Аңыз 
E) 
Дастан 
11. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) 
Көркем әдебиет стилі 
B) 
Ресми іс қағаздар стилі 
C) 
Публицистикалық стиль 
D) 
Ғылыми стиль 
E) 
Ауызекі сөйлеу стилі 
12. 
Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A) 
Ергенеқон елінің бақытты өмірі 
B) 
Ата-бабаларымыздың тарихы 
C) 
Қос Пырақтың әңгімесі 
D) 
Ұлттық рәміздер - елтаңба мен тудың пайда болуы 
E) 
Ұлттық рәмізіміз - әнұранның шығу тарихы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет