Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет180/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185
null

3-мәтін 
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы жайсаң. 
Әр үйдің ауласында бау-бақшасы бар. Онда алуан жеміс ағаштары: алма, өрік, жиде өсіріледі. Әсіресе 
бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою болғандықтан, күннің көзі 
өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып өтудің өзі бір тауқымет. 
Жердің беті жасыл желекке бөленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге қарай тыным 
таппай кұбылта сайрайды. Ауыл бұлбұл әніне ұйып қалады. Тыңдаған сайын тыңдағың келеді. 
Өз ауласындағы баөтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап алмақ болып 
іздей бастады. Сыбдырдан шошынган бұлбұл сайрауын тыя қойды. Ештеңе таба алмаған Есеннің 
ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап әуреге түсті. Бұлбұл да 
тым-тырыс. 
Есен бірнеше күн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардың бәрінде бұлбұл 
сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың немересі. 
Бақшанын ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен баққа кіре бергенде, жап-жақын жерден 
бұлбұлдың сызылған әні естілді. 
Есен айқайлап жіберді: 

Әне, бұлбұл! 

Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен. 
Есеннен сабыр кеткен. 

Жүр, ұстап алайықшы!... 

Жоқ, болмайды... 

Неге? 

Ұстағанды бұлбұл ұнатпайды, тұтқындықты азап көреді. Ән салмай қояды. Бұлбұл еркін жүруге 
тиіс. Өзіне нұқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана камсыз өмір 
сүреді. Еркін сайрайды. 
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...» 
Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді. 
7. 
Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын өтінді? 
A) 
Жұмысына бөгет жасады 
 


87474320427 184 
B) 
Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді 
C) 
Есенмен дос болғысы келмеді 
D) 
Атасын оятқысы келмеді 
E) 
Бұлбұлдар әнін естігісі келді 
8. 
Есенге қандай қасиет жетіспейді? 
A) 
Алғырлық 
B) 
Сабырлылық 
C) 
Пысықтык 
D) 
Сыпайылық 
E) 
Өткірлік 
9. 
Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені ұнатады? 
A) 
Таулы аймақты 
B) 
Шулы аймақты 
C) 
Бостандықты 
D) 
Қараңғылықты 
E) 
Жазық даланы 
10. 
Есен неге ойланып қалды? 
A) 
Қателігін түсінгендіктен 
B) 
Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан 
C) 
Сәлімге ренжігендіктен 
D) 
Бұлбұлға ренжігендіктен 
E) 
Асыраған бұлбұлдарын қимағандыктан 
11. 
Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар
1 .Құстар әнін тындау. 
2. 
Құстарға қамқор болу. 
3. 
Құстар тыныштығын сақтау. 
A) 
Екіншісі мен үшіншісі 
B) 
Біріншісі мен екіншісі 
C) 
Біріншісі мен үшіншісі 
D) 
Барлығы бұрыс 
E) 
Барлығы дұрыс 
12. 
Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге сайрамады? 
A) 
Тыныштығы бұзылғандыктан 
B) 
Басқа құс болмағандықтан 
C) 
Маңайындағы құстар сайрамағандықтан 
D) 
Есенді ұнатпағандықтан 
E) 
Ағаштары аз болғандыктан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет